Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы


Этикада Г. Спенсер утилитаризм және гедонизм (пайда және рахат сезімге бөледі) принциптерін ұстанды



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі370 Kb.
#24199
1   2   3   4   5

Этикада Г. Спенсер утилитаризм және гедонизм (пайда және рахат сезімге бөледі) принциптерін ұстанды.

Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.

Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын. Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Тәжірибе тар мағынада түйсіктердің жиынтығы немесе комплекс ретінде алынған. Түйсік объективті дүниенің бейнесі емес. Ғылыми терминдер – белгілер.

Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.

Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.

Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі.

Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.

Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы “Вена үйірмесі” деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл – дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау – мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің семантикасын талдау.

Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін талдау.

Философия ғылымы тория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан (тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды? Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.

ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер.

Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.


Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті – біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.

Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.

Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.

Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.

Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.

Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.

Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.

Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет