Коллоид бөлшегінде заряд бар екенін және оның мәнін электролиз арқылы оңай білуге болады. Коллоид ерітінді арқылы ток жібергенде болатын процесті электрофорез дейді. Электрофорез құбылысын 1809 жылы Москва университетінің профессоры Ф. Р е й е с ашқан.
Коллоид бөлшектерінің заряды бір аттас болғандықтан олар біріге алмайды, ірірек агрегат түзбейді. Зарядталған коллоид бөлшегі және оны нейтралдайтын иондардан кұралған системаны мицелла деп атайды.
Коллоид бөлшектерінің заряды бір аттас болғандықтан олар біріге алмайды, ірірек агрегат түзбейді. Зарядталған коллоид бөлшегі және оны нейтралдайтын иондардан кұралған системаны мицелла деп атайды.
Бұлттар, тұман типті коллоидты жүйелер, ал жаңбыр, найзағай және басқа да метеорологиялық құбылыстар коллоидтық құбылыстармен байланысты құбылыстар деп қарастырылуы керек.
Керамикалық өндіріс коллоидтық химиямен тығыз байланысты. Себебі саз (керамиканың негізгі шикізаты) –гидратталған алюминий силикатының концентрлі суспензиясы болып табылады.
Минералдық шикізат негізінде жаңа құрылыстық материалдар (композициялық материалдар) жасауда колоидтық химияның маңызы өте зор.