ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
8
• Неліктен кестеде металдар оң жақта, ал бейметалдар сол жақта орналасқан?
Периодтық кестенің оң жағында 1, 2 және 3-топтарда металдар
орналасқан. Олардың сыртқы қабатында сәйкесінше 1, 2
және 3 электрон бар. Бұл элементтердің атомдары сыртқы
электрондарын оңай жоғалтады және кернеу қолданылған кезде,
делокализацияланған электрондар “теңізі” атом бойынша еркін
қозғала алады. Сол себепті олар электр тогын жақсы өткізеді.
Периодтық кестенің оң жағындағы 5-топ пен 8-топ (8-топ 0-топ
деген атпен де белгілі) аралығында орналасқан элемент
атомдарының ядросында протон саны көп, сондықтан ядро мен
сыртқы электрондардың арасындағы электростатикалық тартылыс
күштірек болады. Бұл сыртқы электрондарды оңай жоғалтуға
мүмкіндік бермейді. Электрондар еркін қозғала алмайтындықтан,
бұл элементтердің электр өткізгіштік қасиеті өте төмен. Кестенің
ортасында орналасқан 4-топтың көміртек, кремний және германий
сияқты элементтері металдық және бейметалдық қасиеттердің
ортасын көрсетеді. Көміртегінің аллотропиясы графит – өте
жақсы электрөткізгіш, ал алмас аллотропиясы оқшаулағыш болып
табылады. Кремний мен германийдің екеуі де жартылай өткізгіш
болғандықтан, компьютер чиптерінде қолданылады.
• Ұсынылатын фильмдер
- Атомның құрылысы: Электрондық
қабаттар
- Металдық байланыс
- Элементтер: Кремний
- Коваленттік байланыс
Алмас электр тогын нашар өткізеді
Қосымша сұрақтар
С7. Х элементі бөлме температурасында қатты, электр
тогын жақсы өткізеді және негіздік оксид түзеді. Бұл
элемент периодтық кестенің қай жерінде орналасуы
мүмкін?
Х элементі – металл, сондықтан периодтық кестенің сол жағында
орналасқан болуы керек.
С8. Көміртек – бейметалл элемент, ал оның аллотропиясы болатын графит электр тогын жақсы
өткізеді. Неліктен бұлай?
Графит көміртек атомдарынан құралған алып құрылымнан тұрады. Онда атомдар алты бұрышты, өзара
байланысқан жапырақшалар түрінде орналасқан және көміртегінің әрбір атомы ковалентті түрде басқа үш
көміртегі атомымен байланысқан. Әр көміртек атомында төрт сыртқы электрон бар, бұл дегеніміз – графиттегі
көміртегілердің бір электроны коваленттік байланысқа түспейді деген сөз. Осы делокализацияланған электрон
металдағыдай электрондар “теңізін” түзеді. Егер кернеу қолданылса, осы электрондар қозғалып, электр тогын
тудырады.
С9. Неліктен алмас электр тогын нашар өткізеді?
Алмас та көміртек атомдарынан құралған алып құрылымнан тұрады, бірақ ондағы барлық төрт сыртқы
электрон да ковалентті байланысқа түседі. Бұл электрондар белгілі-бір орынға тұрақтандырылған, сондықтан
қозғалысқа түспейді. Алмаста делокализацияланған электрон болмағандықтан, ол электр тогын нашар
өткізеді.
|