ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
9
• Элементтердің балқу температураларындағы заңдылықты қалай түсінуге болады?
Кестедегі периодтардың ортасында орналасқан көміртек, кремний және
германий тәрізді 4-топ элементтерінің атомдары бір-бірімен ковалентті
байланысқан күрделі құрылымдарды түзеді. Бұл алып құрылымды бұзу
үшін көп энергия жұмсау керек. Сол себепті графит пен алмас, кремний
мен германий өте жоғары балқу температурасына ие.
5, 6 және 7-топ элементтерінің атомдары ковалентті байланысқан атомдар
тобын – молекулаларды құрайды. 0-топтағы асыл газдар жеке атомдардан
құралған. Бұл бөлшектердің арасындағы тартылыс күші – молекулааралық
күш өте әлсіз болады, сондықтан оларды ажырату үшін көп энергия
қажет емес. Міне, сол себепті, бұл элементтердің балқу температурасы
бастапқы үш топпен салыстырғанда төмен болады.
• Ұсынылатын фильмдер
- Атомдық құрылыс
- Металдық байланыс
- Көміртек: Кіріспе
- Көміртек: Синтетикалық алмаз
- Коваленттік байланыс
- Элементтер: Кремний
- Молекулааралық күштер
- Қатты денелер, сұйықтықтар
және газдар
Металл иондары мен делокализацияланған электрондар “теңізінің” арасында металдық байланыс деп аталатын,
мықты электростатикалық тартылыс күші бар. Сондықтан электрондардан иондарды тартып алу үшін көп энергия
қажет болады, сондықтан металдардың салыстырмалы балқу температурасы жоғары болады.
Қосымша сұрақ
С10. Неліктен бөлме температурасында оттегі газ күйінде, ал мыс қатты күйде болады?
Оттегі ұсақ молекулалардан O
2
тұрады, сұйық оттегіде оларды әлсіз молекулааралық тартылыс күші ұстап
тұрады. Оттек молекулаларын бір-бірінен ажыратып, сұйық оттегіні газға айналдыру үшін көп энергия қажет
емес. Ал мыс – оң металл иондары мен электрондар “теңізінің” өте күшті электростатикалық тартылысынан
тұратын металл. Мыс электрондарынан иондарды тартып алу үшін көп энергия жұмсау керек, сол себепті мыс
бөлме температурасында қатты күйде болады.
|