«Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “Адам анатомиясы” пәні бойынша обсөЖ мәтіні



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6

ОБСӨЖ №21


Тақырыбы:Сыртқы құлақ,ортанғы құлақ,ішкі құлақ вестибулярлы аппарат.

Есту мүшесi сыртқы, ортаңғы және iшкi құлақтан тұрады. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және сыртқы есту жолы жатады. Есту жолында құлақ күкiртiн бөлетiн бездер бар. Ол шаң, микробты ұстап қалады. Кейде күкiрт тығыздалып, есту жолын бiтейдi. Сыртқы құлақ дыбысты ұстап, бағыттайды. Есту жолының iшiнде дабыл жарғағы орналасады, ол дыбыс толқындары әсерiнен тербеледi. Дабыл жарғағынан соң ортаңғы құлақ қуысы орналасады, оған ауа толып тұр. Ол Евстахиев түтiгi арқылы мұрын қуысымен байланысады. Орталық құлақтың қуысында үш құлақ сүйегi бар балғаша, төс, үзеңгi. Балғаша дабыл жарғағына жалғасқан, ал үзеңгi – ортаңғы және iшкi құлақты бөлiп тұрған сопақша қуыс мембранасына жалғасады, төс балғаша мен үзеңгi арасында орналасқан. Iшкi құлақ самай сүйегiнiң түбiнде орналасқан. Ол иiрiм түтiк деп аталады. Иiрiм түтiк спиральдi арналған сүйектi түтiк, ол 2,5 айналым түзедi. Түтiк қуысы сұйықтыққа толы және үш түтiкке немесе сатыға екi мембрана арқылы бөлiнген. Үстiңгi түтiк немесе вестибулярлы саты сопақша қуыстан басталып, түтiк үстi арқылы төменгi түтiкпен немесе жарғақ сатысымен байланысады, жабық жарғақпен – ортаңғы құлақ қуысына бағытталған дөңгелек қуыспен бiтедi. Бұл түтiктер сұйықтық – перилимфамен толып тұрады. Ортаңғы түтiк қуысы иiрiм үстiнен жабық қаппен бiтiп, эндолимфамен толтырылған. Негiзгi мембранада – есту рецепторлары – Кортиев мүшесi орналасқан. Кортиев мүшесi түтiкшелерi бар рецепторлы клеткалардан тұрады. Рецепторлы – клеткалар үстiнде жабын мембранасы орналасады. Тербелiстердi сұйықтық негiзгi мембранаға және рецепторлы клеткаларға бередi, олар жабын мембранаға ұрылады. Нәтижесiнде жүйке импульстары түзiлiп, есту жүйкесi арқылы бас миға берiледi. Үлкен ми сыңарларының самай бөлiгiнде дыбыстарды, оның күшiн, жиiлiгiн толығымен тану жүредi. Дыбыстың жоғарғы жиiлiгi (1500 – 20000 герц) иiрiм түтiгiнiң негiзiндегi Кортиев мүшесi қабылдайды, төменгi жиiлiгi (20-500 герц) - оның жоғарғы жағы қабылдайды. Кортиев мүшесiнде есту клеткаларының саны 23000. Өте күштi дыбыстар есту мүшелерiне өте зиян, олар есту қабiлетiн төмендетедi және тез шаршатып, жаралы аурулар мен гипертониялық аурулардың басталуына әсер етедi.

Глосарий

Сартқы құлақ

Құлақ қалқаны

Сыртқы есту өтісі

Дабыл жарғағы

Ортанғы құлақ

Дабыл қуысы

Балғашық


Үзенгі

Есту түтігі

Ішкі құлақ

Сүйекті лаберит

Кіреберіс

Ұлу


ОБСӨЖ №22

Тақырыбы:Дәм сезу мүшесі

Дәм сезу рецепторлы тiлде орналасқан. Тiл – ауыз қуысында орналасқан бұлшықеттi мүше. Оның ұзындығы – 9 см, енi – 5 см. Тiл қызметi әртүрлi. Ол тамақты шайнап, жұтуды қамтамасыз етедi, дыбыстың түзiлуiне қатысады, оның көмегiнсiз адамның сөйлеуi мүмкiн емес, дәмдердi сезуге көмектеседi. Тiлде 4000 мыңға жуық дәм сезу бүртiктерi орналасқан. Әр бүртiктiң негiзiнде сезгiш клеткалар – дәмсезу ұяшықтарының топтасуы болады. Бұл клеткалар 4 негiзгi дәмдi: тәттiнi, аштыны, қышқылды, тұздыны сезедi. Тәттiнi және тұздылықты тiлдiң ұшымен, қышқылды – екi жақтаумен, аштыны – тiл негiзiмен сезедi. Ең үлкен дәмсезу бүртiктерi V әрпi түрiнде тiл негiзiнде орналасады. Тiлдiң ортаңғы жақтауларында жалпақ бүртiктер орналасады, оларды саңырауқұлақ тәрiздi деп аталады. Ең жұқа бүртiктер – жiптәрiздi, тiлдiң ұшында орналасады. Сiлекейде ерiген дәмдiк заттар дәмсезу ұяшығына тесiктер арқылы енiп, микрокiрпiкшелердi тiтiркендiредi. Олар тiтiркенiп, жүйке импульстарын дәмсезу жүйкесiне жiбередi. Тағамдық дәм сезiмдерi дәмсезу сезiмдерiмен толықтырылады. Бұл рецепторлар өзара әсерлесiп, қоректенген тағамды толық қабылдау түзiледi



ОБСӨЖ №23

Тақырыбы:Сезім мүшелерінің анатомиясы

Сезім ағзалары немесе анализаторлар деп нерв жүйесінің сыртқы ортадан, сондай-ақ дененің өз ағзаларынан тітіркенулер алатын жәнс бұл тітіркенулерді сезімдер түрінде қабылдайтын аспаптарды атайды.

Әрбір анализатор үш бөліктен тұрады:

1) рецептор - тітіркену энергиясын нервтік үрдіске айналдырушы (трансформатор);

2) кондуктор - нерв қозуын өткізуші және

3) анализатордын қыртыстық шеті, сол жердс қозу сезім түрінде қабылданады. Сезімдердің екі тобын ажыратады:

I) Қоршаған материалдық дүииснің заттары мен кұбылыстарының бейнелейтін сезімдер: жанасу мен қысымды сезу, температура (жыльгны, суықты) мен ауырсыну сезімі, содан кейін есту, көру, дәм, иіс жәнс жердің тартуын сезу.

2) Дененің жеке бөліктерінің қозғалыстары мен ішкі мүшелердің жағдайын бейнелейтін сезімдер (қозғалыс сезімдері, дененің тепе-теңдігі сезімі, мүшелерді сезу).

Осыған сәйкес барлық сезім мүшслерін екі топқа бөледі:

1. Нерв импульстарын экстероцептивті алаңнан алатын сырткы сезім мүшелсрі - экстероцепторлар. Олар алтау: жердің тартуын (гравитация) сезу, тері арқылы сезу мүшелері, есту, көру, дәм және иіс сезім мүшелері.

2. Ішкі сезім мүшелері: а) проприоцептивті алаңнан импульстар алатын (бұлшықет-буын сезімі; ол жердің тарту сезімімен тығыз байланысты) - проприоцепторлар; ә) интероцептивті алаңнан (ішкі мүшелер мен тамырдарі) нерв импульстарын қабылдайтын мүшелер интероцепторлар.

Бақылау сұрақтары.

Иіс сезу мүшесіне жалпы сипаттама

Иіс сезу ағзасы

Мұрын қуысы

Иіс сезу ағзасының өткізгіш жолдары.



Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі

1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.
Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.



Тест с
ұрақтары
1.Антропология терминін қай ғалым енгізді?

  1. Эразистрат

  2. Аристотель +

  3. Гиппократ

  4. Терофия

  5. Ибн Сина

2. Қай әдіс анатомияның құрылымтану әдісіне жатпайды?

А)Лықыту


В)Ауторадиография +

Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
OBSOJ -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> Қазақстан биоресурстары пәнінен обсөЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Мамандық: 050113 “Биология ” 3-курстарға арналған Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т. Жетісай – 2007ж Пәннің мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет