«Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “Адам анатомиясы” пәні бойынша обсөЖ мәтіні



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125345
1   2   3   4   5   6

ОБCӨЖ 3

Сабақтың тақырыбы


Қаңқа жүйесі, бас сүйек қаңқасы. Бет бөлімінің сүйектері.
Сабақтың мақсаты Студенттерді бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектерін анықтауға

және сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бас сүйек қаңқасы.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің саны және орналасуы. Олардың құрылысы.

Жоғарғы жақ, денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доға,мұрын қыры.

Төменгі жақ сүйегі:денесі және бұтақтары. Денесінің негізгі детальдары; негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доға.Бұтақтары,буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы,төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалар,

Шықшыт сүйегі:латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай өсінділері шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктері.

Таңдай сүйегі: горизонтальды және вертикальды тақташалар; көз,сына,пирамида өсінділері; торлы,кеуілжірлі айдаршықтар; артқы,мұрын қыры.

Тіл асты сүйегі: денесі,үлкен және кіші мүйіздері

Кеңсірік;айдаршық,қанаттары.Төменгі мұрын кеуілжірі:көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері.

Көз жасы сүйегі: мұрын сүйегі. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы.Негізі,ми жапқышы.Краниометрия вертикальды ,бетті9к,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары.Негізгі краниометриялық нүктелер

Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер,буындар. Шұңқырлар мен тесіктер туралы түсінік.

СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бас сүйек қаңқасының бет бөлімі сүйектерін танып –білу үшін, ең алдымен, жеке сүйектерді олардың бөлімдерін бөліп алған жөн. Одан соң әр бөлімнің жеке детальдарын сыртқы бетінен бастап ми бетіне қарай қарастыра беру керек. Оқулықтардағы мәтіндермен жұмыс істеп, атлас кітабынан бүтін бас қаңқасындағы жеке бет сүйектерін тауып алу керек. Әрбір жеке сүйектің құрылысын зерттеу қажет. Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы мен пішініне аса маңыз аударып,оның адамға ғана тәндігіне,сонымен бірге төменгі жақ сүйегіндегі иегіне заманауи адамның белгілері ретінде аса көңіл бөлу қажет. Жұмыс барысында студент берілген сүйектің басқа қандай сүйектермен байланысатындығын есте сақтау керек.Жіктердің фиброзды байланыстардың бір түрі екендігін еске түсіріп,оларды пішіні және орналасуы бойынша атау керек.Негізгі краниометриялық нүктелерді атап,бас сүйектегі маңызды тесіктерді көрсете білу керек.



Оқу материалы : Бүтін бас сүйек қаңқасы, бас сүйектің горизонтальды кесіндісі, жеке бет бөлімі сүйектері.

Бақылау сұрақтары :

Висцеральды бассүйек қаңқасының жалпы сипаттамасы.

Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы.

Астыңғы жақ сүйегінің құрылысы


Шықшыт сүйегінің құрылысы

Таңдай сүйегінің құрылысы

Тіл асты сүйегінің құрылысы

Кеңсірік сүйегінің құрылысы

Төменгі мұрын кеуілжірі,көз жасы,мұрын сүйектерінің құрылысы

Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы

Ауа қойнаулары: орналасуы және қызметтері

Негізгі краниометриялық нүктелер

Вертикальды норма

Беттік норма

Латеральды норма

Шүйделік норма

Базиллярлық норма

Негізгі краниометриялық нүктелер және бас сүйектегі маңызды тесіктер

Сүйек байланыстары: жіктер және еңбектер.

Негізгі және қосымша түсініктер: Висцеральды бассүйек қаңқасы ауа(гаймор) қойнауы, альвеолярлы доға,мұрын қыры,кедір-бұдырлылық; жік,еңбек,норма, нүктелер.

ОБСӨЖ №4

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

мойынның бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас пен мойынның негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бұлшық ет жүйесі

Мойынның бұлшық еттері:тері асты еті,төс-бұғана-емізік еті,алдыңғы,ортаңғы және артқы сатылы еттер,белбеу еті,жартылай ості ет.Тіл асты сүйегінің үстіндегі еттер: иек асты тіл асты,жақ тіл асты,қос құрсақты, біз тіл асты .Тіл асты сүйегінің астындағы еттер:төс тіл асты,төс-қалқан, қалқан тіл асты, жауырын- тіл асты



Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы мойынның бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Мойынның бұлшық еттерін зертегенде олардың артқы(арқа) және алдыңғы ,нағыз мойынның бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет



Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Бастың бұлшық еттері

Шайнау бұлшық еттері

Ымдау бұлшық еттері



Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.
ОБСӨЖ №5

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

Қолдың бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жоғарғы иық буыны мен ер кін қолдың негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Жоғарғы иық буыны еттері дельта тәрізді,жал асты,жал үсті, көкіректің алкен,арқаның жалпақ,үлкен және кіші жұмыр,жауырын асты еттері.Шынтақ буынының еттері:иықтың екі басты еті, білек еті, иықтың үш басты еті,шынтақ еті,жұмыр және текше пронатор, супинатор.

Шыбық білезік буынының еттері: саусақтың шынтақ және шыбық бүккіш еттері саусақтың шынтақ және шыбық жазғыш еттері

Қол басының еттері олардың орналасуы және атқаратын қызметтері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы : жоғарғы иық буыны еттері, шыбық- білезік буынының еттері, қол басының еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Жоғарғы иық буыны еттерін зертегенде олардың пайда болуын жауырын-тоқпан жілік буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Шыбық- білезік буынының еттерінің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, олардың шыбық- білезік буынының айналасында орналасуына көңіл аудару қажет. Қол басының еттерін зертегенде олардың білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет



Бақылау сұрақтары:

Жоғарғы иық буыны еттері

. Шынтақ буынының еттері

Иықтың екі басты еті

Білек еті

Иықтың үш басты еті

Шынтақ еті

Жұмыр және теше пронатор, супинатор.

Шыбық білезік буынының еттер

Қол басының еттері

Білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері

Негізгі және қосымша түсініктер: агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

флексор,экстенсор,абдуктор,аддуктор,пронатор,супинатор



ОБСӨЖ №6

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысы. Жұтқыншақ. Өңеш.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерін атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесі: түтікті және безді бөлімдері. Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.Сілемейлі қабат ,сілемейлі асты қабаты, бұлшық ет қабаты,адвинтициялық немесе серозды қабат.Ауыз қуысы :ауыз қуысының кіре берісі және нағыз ауыз қуысы. құрылысы еріндер,иек,ұрттар,тістер. Нағыз ауыз қуысы.қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары,бадамшалар,ауыз диафрагмасы.Тістің формуласы,тістің құрылысы:бөлімдері(түбірі,мойны,сауыты)бестері және заттары,(дентин,цемент,эмаль,пульпа.).Тіл:шеттері ,ұшы арқасымен денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар.Тіл емізікшелері олардың түрлері. Тіл бұлшық еттері .Жұтқыншақ:топографиясы,піші ні, бұлшық еттері,қысқыштар және жұтқыншақты көтергіштер.Өңеш: топографиясы,піші ні,ұзындығы,мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер..

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілері9ндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту мүшелерін атап, есте сақтау керек.Студенттер ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек.Қабаттарды қабықтармен шатастырмау керек .Жұтқыншақтың құрылысын қарастырғанда мунда асқорыту және тыныс алу жолдарының айқасатындығын есте сақтау керек. Студенттер жұтқыншақтың және өңештің қабырғаларында фолликулдер түрінде жиналған лимфоидты ұлпаның барлығына көңіл бөлу керек.



Бақылау сұрақтары:

Ас қорыту жүйесі жалпы сипаттама.

Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.

Ауыз қуысы бөлімдері

Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы

Ауыз қуысының кіре берісі

Нағыз ауыз қуысы

Жұтқыншақ құрылысы

Өңеш құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Ас қорыту жүйесі Сілемейлі қабат эпителиальды қабат,нағыз дәнекер ұлпалы қабат, бұлшық ет қабаты, сілемейлі асты қабаты, адвинтиция, серозды қабат . Тістіңтүбірі,мойны,сауыты, тістің заттарыдентин,цемент,эмаль,пульпа.Тілдің шеттері ,ұшы арқасы,денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар. Қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары: Жұтқыншақ фолликулдер; лимфоидты ұлпа. Өңеш: мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.
ОБСӨЖ №7

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесінің бездері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ішіндегі ас қорыту жүйесінің бездеріні атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесінің бездері Ас қорыту жүйесінің бездері: үлкен және кіші сілекей бездері,бауыр ,ұйқы безі. Сіекей бездері кіші(ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы) және алкен:құлаққасы,тіласты,жақасты.Ортақ құрылыс жоспары шеткісекреторлы бөліктері,өзектер жүйесі Құллаққасы безі топографиясы, құрылысы,капсула,бөліктері. Тласты және жақасты бездері құрылысы, капсула, секреторлы бөліктері

Бауыр: топографиясы, вентралды және дорсалды шеттері,көкеттік және висцералдық бестері мен ойындылары,глиссон капсуласы,орақ тәрізді жәнежұмыр байламдары, сагитталды және көлденең сайлары;оң, теше,құйрықты және солбөліктері, бауыр қақпасы.Строма және паренхимаСектор және сегмент жөнінде түсінік: Бауырдың құрылымдық –функционалдық бірлігі-ацинус, құрылысы , піші ні

Өт қабы; топографиясы, бөліктері,түбі Денесі ,мойны,құйрығы,жоғарғы және төменгі шеттері., вентралды және дорсалды беттері, алвеолярлы типті құрылысы. Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы.Шығару өзектерінің жүйесі.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту бездерін атап есте сақтау керек. Студент тер ас қорыту жүйесінің бездерінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек. Бауырдың құрылысын қарастырғанда мұндағы қақпа венасымен қатар қақпа артериясы да кіретіндігін еске сақтап гепатоциттер ар алас қан мен жуылатындығын ұмытпау керек.Үлкен сілекей бездерінің құрылысмын талдап ,олардың ауыз қуысы сілемейлі қабатының туындылары екендігін есте ұстаған жөн. Студент тер бездердің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар өт қабының қызметі өтті концентрлеу екендігін есте ұстаған абзал.



Бақылау сұрақтары:

Ас қорыту жүйесінің бездері

Үлкен және кіші сілекей бездері

Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері

Құлаққасы,тіласты,жақасты бездері

Бауырдың жалпы құрылысы.

Бауыр қақпасы

Ұйқы безі

Өт қабы

Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы



Негізгі және қосымша түсініктер: : Ас қорыту жүйесінің бездері, сілекей бездері, Құллаққасы безі, тіласты,жақасты бездері, Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері бауыр ,ұйқы безі Строма және паренхима. Сектор және сегмент, ацинус. Өт қабы, трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы

ОБСӨЖ №8

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу жүйесі

Төменгі тыныс жолдары және өкпе.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі төменгі тыныс жолдарына жататын кеңірдек пен бронхылар және тікелей газ алмасу жүретін мүше- өкпе сияқты мүшелерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:

Кеңірдек. Кеңірдектің бифуркациясы . Кеңірдектің гиалинді шеміршекті сақиналары, олардың сіңір байлам арқылы жалғанып тұруы.Сақиналы байлам .Бронхылар, олардың құрылысы .Оң жақ бронхы. Сол жақ бронхы. . Бронхылардың бұтақтануы. Сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Өкпенің пішіні. Өкпенің ұшы,негізі . Өкпенің беттері.Өкпе аралық қуыс .Өкпе қақпасы. Өкпенің терең сайлары .Оң өкпе бөліктері.Сол өкпе бөліктері.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігі –ацинус .Ацинустар жиынтығы –бөлекшелер, сегменттер,бөліктер .Өкпенің ацинустық күмбездері.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Өкпелік(висцералды) және париеталды немесе қабыртқалық плевра Плевра аралық қуыс.Плевра сұйықтығы.Өкпенің қосымша плевралық қуыс қойнаулары.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер, формалинге салдынған тыныс мүшелері,өкпе,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар: Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “ тыныс алу жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалинге салынғантыныс алу мүшелерінің аттарын атап есте сақтау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі кеңірдек пен өкпенің жалпы құрылыстарын көз алдарына нақты елестете білу керек.Кеңірдектің құрылысын қарастырғанда оның жартылай сақиналы шеміршектерден тұратынына өңіл бөліп,бұның ауаны еркін өткізу үшін солай қалыптасқандығына назар аудару керек.Өкпенің бөліктеріне,оның сыртқы қабаты плевраның құрылысына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің клеткалық құрамына назар аудару керек.Тыныс алу мен шығаруда плевраның алатын ролін жете түсіну қажет.



Бақылау сұрақтары:

Кеңірдектің құрылысы мен қызметі

Бронхылар, олардың құрылысы

Бронхылардың бұтақтануы.

Сегментарлы бронхылар.

Бронхиолалар.

Өкпенің құрылысы мен қызметі

ОБСӨЖ № 9

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелері: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді зәр шығару жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту.
Сабақтың мазмұны: Бүйректің эндокриндік құрылымдары. Юстагломерулалы аппарат, простиглануындық аппарат. Оларды құрайтын жасушалар. Зәр бөлетін мүшелер: Зәрағар түтік,қуық, үрпі жолы. Зәрағар түтік топографиясы, пішіні, денесі, төбесі, түбі, мойны. Қуықтың құрылысы, қабаттары, қуықтың үш бұрышты құрылымы. Зәр шығаратын үрпі жолы, топографиясы, сілемейлі қабаттың эпителий қабығының ерекшеліктері – проксималды шетінен дисталды шетіне қарай эпителий типінің өзгеруі.

Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.



СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Зәр шығару жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу.

Қазіргі уақытта бүйректің эндокриндік мүше ретіндегі қызметі анықталып отыр. Сондықтан ондағы юкстагломеруларлық және проста гландиндік аппараттарды түзетін құрылымдар жөнінде терінің болуы керек.

Зәр бөлетін құрылымдардың құрылысын құрастырғанда бүйрек астаушалары, қойнауы, зәрағар түтіктің қабырғаларының құрылысының ұқсастығына көңіл аударған абзал. Қуықтың, зәр шығаратын үрпі жолының эпителий қабатының ерекшеліктеріне де көңіл аудару керек.



Бақылау сұрақтары:

Бүйректің эндокриндік құрылымдары.

Юкстагломерулалық аппарат.

Простагландиндік аппарат.

Зәр бөлетін мүшелер.

Зәрағар түтіктің құрылымы.

Қуықтың құрылымы.

Зәр шығаратын үрпі жолының құрылымы.

Сілемейлі қабат.
Негізгі және қосымша түсініктер: Бүйректің эндокриндік құрылымдары, юкстагломеруларлы аппарат, простагландиндік аппарат, зәр бөлетін мүшелер, зәрағар түтік, қуық, зәр шығаратын үрпі жолы, сілемейлі қабат.


ОБСӨЖ № 10

Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесі

Сабақтың мақсаты: Студенттерді аналық жыныс жүйесінің мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясы мен, құрылысын меңгерту.

Сабақтың мазмұны: Жыныс жүйесі. Аналық жыныс мүшелері, сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Аналық жыныс жүйесі: аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр ,қынап , әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай және қызперде.Аналық жыныс безі,топографиясы,шеттері,беттері,қақпасы,қабаттары,мүшенің стромасы мен паренхимасы. Аналық жыныс жасушасы :жасуша типтері.Жатыр түтігі салпыншақтары , жатыр түтігі,жатыр қуысы.

Жатыр:топографиясы,түбі,денесі,мойны,шеттері,беттері,мойнағы,жатыр қуысы.

Қынап топографиясы,қабырғасының құрылысының ерекшеліктері, қынап тесігі .

Әйел бәтегінің аймағы, бәтектің үлкен жыныс ернеулері және кіші жыныс ернеулері ,қынаптың кіре берісі.


Оқу материалы: муляждар, бүтін мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Жыныс жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып жыныс жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныс болу. Ең алдымен, жүйенің мүшелерінің ең маңыздылары гонадалар болып табылатынын еске түсіру керек. Аналық жыныс безінің құрылысын зерттегендеөсіп жатқан фолликулдардың құрамында 1-ші ретті овоциттер болатындығына,жұмыртқаа жасушасына ол тек жатыр түтігінің ішіне енгеннен кейін ғана айналатындығына ,жатырды қарастырғанда эндометрийлің ерекшеліктерін байқау керек.



Бақылау сұрақтары:

Аналық жыныс безінің құрылысы

Әртүрлі ретті овоциттер,жұмыртқа жасушасы

Жатыр түтіктерінің құрылысы

Жатырдың құрылысы

Бездің сағағының құрылысы

Қынаптың құрылысы

Әйелдің бәтек аймағының құрылысы


Негізгі және қосымша түсініктер: Жыныс жүйесі, аналық жыныс мүшелері, сыртқы, ішкі жыныс мүшелері, аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр ,қынап , әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай қызперде,жатыр салпыншақтары , жатыр қуысы, қынап тесігі, бәтектің үлкен жыныс ернеулері және кіші жыныс ернеулері ,қынаптың кіре берісі,фолликул,Грааф көпіршігі, фолликулды жасуша,овоциттер ,фолликул қуысы,миометрий,эндометрий,периметрий,параметрий,бартолиний безі.
ОБСӨЖ № 11

Тақырыбы: Тамырлар жүйесі:қан айналым шеңберлері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тамырлар жүйесінің компоненттерімен, мүшелерімен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, мүшелердің топографиясымен, құрылысын меңгерту, қан айналым шеңберлерін атап көрсете білуге ,оның бөлімдері мен негізгі тамырларын анықтауға үйрету

Сабақтың мазмұны: Қан айналымының кіші шеңбері –қан айналу жолы ,қан айналымының үлкен шеңбері –қан айналу жолы.Артериялар мен веналар микроциркулярлық ағыс,қабырғасының құрылысының жалпы принциптері,үш қабатты болуы және организмде орналасуы-сегментарлық,билатералды симметрия.Артериялар:бұтақтану тәсілдері,артериялардың жату тереңдігі,соматикалық және висцералдық артериялар,коллатералдар түзуі.Қабырғасының құрылысыбойынша артериялардың жіктелуі :эластикалық,етті және аралас типті артериялар.Үлкен шеңбердің негізгі артериялары:қолқа ,оның бұтақтануы,.Бас миының қанмен жабдықталуының ерекшеліктері артерияларды сақина.

Веналар саны жату тереңдігі,вена типтері,етті етсізтиптер, олардағы клапандардың болуы.”Шеткі жүректер туралы түсінік.Ерекшеліктері: қанды деполауға мүмкіндігі.Микроциркулярлық ағыс,артериолдар,прекапилляр ,капилляр,посткапилляр,венулалар,артериолды –венулалы анастомоздар.Нағыз гемокапилляр



Оқу материалы: муляждар, кейбір тамырлардың фиксацияланған препараттары, планшеттер, қан айналым шеңберлері көрсетілген таблицалар, жүректің және оған кіретін және шығатын тамырларымен көрсетілген ашылып жабылатын моделі.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Тамырлар жүйесі, қан айналым шеңберлері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып қан айналым шеңберлері тамырларының құрылысымен таныс болу. Қан айналым шеңберлерін зерттегенде әрбір шеңбердің жүректің екі қарыншасының бірінде басталып,қарама қарсы жүрекшеде аяқталатындығын еске сақтау қажет.Артериялар мен веналарды салыстырмалы түрде оқып үйренген тиімдірек. Артериялар мен веналарды шатастырмау керек. “Артериялар “мен “вена”түсініктері ондағы қанның құрамына байланысты еместігін ескерген абзал.Негізгі қан тамырларын атап,көрсетіп,қай шеңберге жататындығын анықтай білу керек.Үлкен шеңберлердің артерияларын оқығанда олардың бұтақталу,таралу схемасын құрастыру қажет.



Бақылау сұрақтары:

Қан айналым шеңберлері

Артериялар мен веналар ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Қан тамырлар жүйесінің артериялық компоненті

Қан тамырлар жүйесінің веналық компоненті
Үлкен шеңбердің негізгі тамырлары

Қолқа доғасының бұтақтары,қанмен жабдықтау облыстары.

Қолқаның көкірек бөлімінің тамырлары

Қолқаның құрсақ бөлімінің тамырлары

Бастың қанмен жабдықталуы.

Микроциркулярлық ағыс ,оның компоненттері



Негізгі және қосымша түсініктер: Жоғарғы ,төменгі қуысты веналар,өкпе бағанасы,артериялар,вена,қолқа,өрлеуші,төмендеуші қолқа ,қолқа доғасы, микроциркулярлық ағыс,кіші және үлкен қан айналым шеңберлері,эластикалық,етті және аралас типті артериялар,эластикалық мембрана, вена типтері,етті етсіз типтер,артериолдар,прекапилляр ,капилляр,посткапилляр,венулалар,артериолды –венулалы анастомоздар,коллатераль,перицит,синусоид,фенестр.
ОБСӨЖ № 12

Тақырыбы: Қан жасайтын және иммуногенез мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету

Сабақтың мазмұны: Лимфоидты ұлпа және иммундық жауапты жасушалар туралы түсінік.Қан түзетін және иммундық жүйе мүшелері:орталық және шеткі.Орталық мүшелер:қызыл сүйек кемігі мен айырша без.Қызыл сүйек кемігі:орналасу ерекшеліктері,ретикулярлы ұлпа мен әр түрлі даму кезеңдеріндегі гемоцитопоэтикалық жасушалар.Бағаналы жасушалар туралы түсінік.

Айырша без:орналасуы,беттері,оң және сол бөліктері,олардың пішіні,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Қыртыс және милы заттары,олардың көлемінің қарым қатынасының жасқа байланысты өзгеруі. Қыртыс заты:лимфобластар. Милы заты:кіші лимфоциттар және тақталы денелер.

Шеткі мүшелері:лимфа түйіндері көкбауыр,миндалиналар,лимфатикалық фолликулдар.Лимфа түйіндері: пішіні,орналасуы,сыртқы капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері әкелуші,әкетуші тамырлар,қақпасы.Қыртыс заты: лимфатикалық фолликулдар.Т-тәуелді паракортикалды аймақ.Милық заты:жұмсақ баулар,лимфатикалық синустар. Көкбауыр: орналасуы,беттері,шеттері,пішіні, капсула,трабекулалар.Строма мен паренхимасы,ерекшеліктері.Ақ пульпа: лимфатикалық фолликулдар

Қызыл пульпа,қанның жасушалық элементтері.Миндалиналар:таңдай,түтікті,тілдік,жұтқыншақтық: топография,көлемі.Криптылар,лимфатикалық фолликулдар.Жұтқыншақтың,өңештің,қарынның аш және тоқ ішектердің өт қабы,көмейдің ,ірі бронхылардың ,қуықтың.зәрағар түтіктің қабырғаларындағы лимфатикалық фолликулдар



Оқу материалы: муляждар, кейбір мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,гистологиялық препараттар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “қан жасайтын және иммундық қорғаныс мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып осы жүйелердің мүшелерімен ,олардың құрылысымен таныс болу.Қызыл сүйек кемігінің мүше ретіндегі морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Бағаналы жасушалар туралы түсінік болу керек,және де қанның формендік элементтерінің барлық жетілген түрлерінің аттарын білу керек.Сондай-ақ иммулды жауапты жасушалар лимфоциттердің де қанның құрам бөлігі болып табылатындығын да білген абзал.Айырша бездің құрылысын қарастырғанда,оның стромасының құрамында ретикулярлы ұлпадан бөлек эпителиалды элементтер-эпителиоретикулоциттер болатындығын олардың гормон бөлетіндігін білген жөн.Айырша бездің негізгі қызметі-Т-лимфоциттерді жасау және оларды іске кірістіру екендігін білу керек.Лимфа бездерін қарастырғанда олардың лимфа тамырларының жолында орналасқандығына көңіл бөлу керек ,себебі олардың қызметі лимфаны В-лимфоциттерімен байыту .Көкбауырдың қанның құрамын әсіресе.эритроциттерді қадағалайтын мүше екендігін ұмытпау керек.

Студенттер қан жасайтын және иммунды жүйенің негізгі заңдылықтарын білуге тиіс: олардың жұмысшы паренхимасы лимфоидты ұлпадапн құралған,органеллалары эмбриогенезде ерте қалыптасады,орталық мүшелері қорғалған жерлерде орналасады,шеткі мүшелерінің құрамында лимфатикалық фолликулдар болады және олар сырттан бөгде заттар енуі мүмкін жерлерде орналасады.

Бақылау сұрақтары:

Қан айналым және иммуногенез мүшелеріне жалпы сипаттама

Қызыл сүйек кемігінің құрылысы

Айырша бездің құрылысы

Лимфа түйінің құрылысы

Көкбауырдың құрылысы.Миндалиналардың құрылысы

Лимфатикалық фолликулдың құрылысы

Қан айналым және иммуногенез мүшелерінің ерекшеліктері



Негізгі және қосымша түсініктер: Қан жасау,иммуногенез,қызыл сүйек кемігі,сары сүйек кемігі,бағаналы жасуша,строма,паренхима,лимфоидты ұлпа,ретикулярлы ұлпа,миелоидты ұлпа,темоцитопоез,эритроцит, гранулоцит,базофилды лейкоцит,нейтрофилды лейкоцит,эозинофилды лейкоцит,агранулоцит,моноцит,қан тақташасы,лимфоцит,В- лимфоцит,Т- лимфоцит,жасушалық иммунитет,гуморалды иммунитет,тимоцит,эпителиоретмкулоцит,тимопоэтин,пдазмоцит,макрофаг,қыртыс заты,милы заты,капсула,трабекула,гематотимустық барьер,тақташалы дене,қақпа,лмифатикалық фолликул,мантия аймағы,герментативті орталық,Т-тәуелді аймақ,шеткі,қақпалық,аралық синустар;ақ пульпа,қызыл пульпа,деполау,реутилдеу,миндалина ,криптілер,сілемейлі қабат,көп қабатты жазық мүйізденбейтін эпителий,көп қабатты эпитедий,таңдай,түтікті,тіл,жұтқыншақ миндалиналары,солитарлы лимфатикалық фолликул.
ОБСӨЖ №13

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Жұлынның құрылысы.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жұлын мен оның құрылымдарын,оның ақ заты мен сұр затын, ми қабықтарын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге жұлын жүйкелерінің қалыптасуы ,олардың бұтақтануы,жүйке тарамдары мен жүйкелену облыстары туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі.Жұлын –орталық жүйке жүйесінің бөлімі ретінде.Морфологиялық сипаттамасы: орналасуы,ұзындығы,диаметрі. Жұлынның бөлімдері: нағыз жұлын,ми конусы,терминалды жіпше,қуыс және сайлар. Ми қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы; олардың арасындағы кеңістік,тіс тәрізді байламдар.

Жұлынның көлденең кесіндісіндегі құрылысы .Сұр заты,орналасуы, бөлімдері.Ретикулярлы формация және ядролық орталықтар,ядролардың мысалдары. Ақ зат орналасуы, бөлімдері . Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы. Жұлынның сегменті туралы түсінік; сегменттердің саны, олардың бөлімдерге бөлінуі. Жұлынның бөлімдері бойынша қатынасы. Жұлынның мүйіздері туралы түсінік. Нейрондардың функционалдық үш типі.Үшмүшелі соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік. Жұлынның жүйкелері олардың қалыптасуы,табиғаты.Өрімдер: мойын,иық,бел,сегізкөз.



Оқу материалы: Жұлынның жасанды муляжы, планшет тер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшет тердегі жұлынның бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер жұлынның құрылысын көз алдарына нақты елестете білу керек. Жұлынның жуандауларын қарастырғанда олардың жүйкелендіруге байланыстылығын ұмытпау керек. Нағыз жұлын төменгі шекарасы майдан өтетіндігіне көңіл бөлу керек. Жұлынның сегменттерінің омыртқа жотасының бөлімдері мен қарым қатынасына көңіл бөліну қажет. Жұлынның қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы қабықтарын қарастыру керек.Бес түрлі сайды көрсете біліп,вентралды тес ікті көрсету керек. Жұлынның дорсалды,вентралды,латералды мүйіздерін көрсетіп, олардың тек жұлынның белгілі бір сегменттерде ғана болатындығына көңіл бөлінуі керек



Бақылау сұрақтары:

Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі

Жүйке ұлпасы оның компоненттері.

Нейроглия ,оның түрлері ,қызметі.

Нейрондардың құрылысы.

Нейрондардың типтері.

Сұр зат, ретикулярлы формация ,ақ зат туралы түсінік

Жүйке талшықтары туралы түсінік

Жұлынның жалпы сипаттамасы.

Жұлынның қабықтары,байламдары, қарыншалары.

Соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік

Жұлынның сегменті туралы түсінік

Жұлынның жүйкелері.
Негізгі және қосымша түсініктер: орталық жүйке жүйесі ,ми конусы ,терминалды жіпше, қатты,өрмек,тамырлы қабықтар,бағана, жүйке жүйесі,жүйке ұлпасы ,нейроглия,нейрон ,аксон,талшық,эндоневрий,периневрий,эпиневрий,сұр зат, ақ зат, ретикулярлы формация ,ядролық орталық,мүйіз,тамырша,орталық өзек,ақ байлам,өткізгіш жолдар,сегмент,рефлекторлы доға,жұлын ганглийі,жұлын жүйкесі,өрім.

ОБСӨЖ №14

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесі

Бас миы.Аралық және соңғы ми

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас миы және оның аралық және соңғы ми бөлімдерінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге аралық және соңғы ми бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Орталық жүйке жүйесі: аралық және соңғы ми. Аралық ми негізгі құрылымдары.Көру миы: таламус,эпиталамус,метаталамус. Эпиталамус:эпифиз жетектер,үшбұрыштар. Метаталамус :медиалды және латералды тізелі денелер.Гипоталамус :емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка гипофиз.Негізгі нейросекреторлы ядролық орталықтар. Гипоталамогипофизарлық жүйе 3-ші қарынша. Көру жүйкесінің ядросы.

Соңғы ми:ми жабындысы ,жолақты дене.Жарты шарлары: саңылаулары,полюстері,негізгі сайлары,бөліктері.Қыртыс:қабаттары,ауданы.,нейрон саны. Лимбиялық жүйе туралы түсінік.Соңғы мидың ақ заты:капсулалар және өткізгіш шоқтар.Бүйір қарыншалары,олардың мүйіздері.1-ші ми жүйкесінің орталығы.

Оқу материалы: Бас миының жасанды муляжы,бас миының фиксацияланған препараты, бас миының фиксацияланған кесіндісі,планшет тер, таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі бас миының аралық және соңғы ми бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер көру миы деген түсінікті нақты елестете білу керек. Аралық және соңғы ми бөлімдерін қарастырғанда олардың шекараларын бас миының сагитталды кесіндісінде таба білу керек.Гипоталамустың нейросекреторлы ядролық орталықтарына ерекше көңіл аудару керек. Гипоталамогипофизарлық жүйені қарастырғанда оның жүйке және эндокринді жүйені байланыстырушы звено екендігіне көңіл бөлу керек.

Соңғы ми құрылымдарын қарастырғанда жарты шарларға ғана емес,ми жабындысына да ,жолақты денеге де көңіл бөлінуі керек

Бақылау сұрақтары:

Аралық мидың құрылысы

Көру миының құрылысы

Гипоталамустың құрылысы

Соңғы мидың жалпы сипаттамасы

Соңғы ми жарты шарларының құрылысы

Соңғы мидың базалды ядролары

Соңғы мидың ақ заты

Мидың қарыншалары олардың қабықтарының ерекшеліктері

Негізгі және қосымша түсініктер: Көру миы таламус,эпиталамус,метаталамус,гипоталамус ,емізікті денешіктер,сұр төмпек,воронка ,гипофиз,гипоталамогипофизарлық жүйе,ми жабындысы ,жолақты дене, лимбиялық жүйе,бүйір қарыншалары,гипокамп,палеокортекс, археокортекс,цитоархитектоника.
ОБСӨЖ № 15

Тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сезім мүшелерінің:көру,есту,тепе-теңдік,иіс,дәм сезу мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету,тері сенсорлық жүйенің жүйенің рецепторларын жіктей білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:Сезім мүшелері туралы түсінік, олардың компоненттері.Анализаторлар туралы түсінік, олардың компоненттері. Сезім мүшелерінің жіктелуі.

Көру органдары,негізгі және қосымша мүшелері.Көз алмасы:диаметрі,полюстері,осі, қабаттары, және ядросы.Қабықтары: Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды),оның бөліктері- склера және ақ қабық (мүйізді қабық);ортаңғы тамырлы қабық оның бөліктері алдыңғы - нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтар. Нұрлы қабық: қарашық тесігі,кірпікті дене

Кірпікті дене біріңғай салалы ет ұлпасы , көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеуіТорлы қабық, көру жүйкесі.Көз алмасының ішкі ортасы: көз бұршағы қоймалжың келген шыны тәрізді дене, “ аккомодация ”Көру органының қосымша аппараттары: қабақ, кірпік және көз жас безі. Қабақ :жоғарғы жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер. Көз жасының аппараты. Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер .

Есту мүшесі:сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.Сыртқы құлақ: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы .Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт бөліктері:Орталық – кіреберіс, ұлу, иірім каналдар.Ұлу :“кіреберіс сатысы”, дабыл сатысы.Корти мүшесі.

Тепе-теңдік сақтау мүшесі:жартылай дөңгелек каналдардың жарғақтары жасушалық құрамы,сезгіш жасушалармен әрекеттесетін құрылымдар, кіреберіс- ұлу жүйкесі,

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар -дәм емізікшелері, құрылысы,орналасуы,жүйкеленуі.

Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігінде орналасуы,иіс жасушаларының пішіні, иіс жүйкелері

Тері анализаторы. Тері рецепторлары:бос және бос емес ұштары.Жанасып сезуді қамтамасыз ететін құрылымдар.
Оқу материалы: муляждар, планшеттер, көздің, құлақтың ашылып –жабылмалы пластмасса модельдері,мүшелер бейнеленген таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “Сезім мүшелері” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді пайдалана отырып муляждар мен планшеттерлегі сезім мүшелерінің бөлімдері мен детальдарын табу керек .Анализаторлар жөнінде нақты түсінік болып, оның басты компоненті үлкен мидың белгілі бір бөлігі екендігі,және анализатордың басты бөлігі рецептор екендігі есте болу керек .Көру мүшесін оқып үйренгенде кірпікті дененің құрылысына ерекше назар аудару керек,себебі,оның бұлшық еттері цинн тарамыстарымен бірге көздің аккомодациясын жүзеге асырады.Торлы қабықты қарастырғанда фоторецепторлақ жасушалар таяқшалар мен колбаларға ғана емес көру жүцкесін түзетін биполярлы және ганглиозды жасушаларға да көңіл аудару керек .Студенттер сары дақтың неліктен ең жақсы көру аймағы болып табылатындығын білуі керек .Есту мүшесін оқып үйренгенде, ұлу каналында орналасқан негізгі мембрана құрылымдарына ,дыбыс толқынының қалайша жүйке импульсіне айналатындығына,отолит аппаратының ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.Дәм сезу мүшелерін қарастырғанда олардың тіл емізікшелерімен байланысыты ерекшеліктеріне тілдің ,таңдайдың ,жұтқыншақ пен жұтқыншақ қақпағында орналасуларын ескерген абзал.Иіс сезу мүшелерін қарастырғанда иіс жасушаларына және олардың лимбиялық жүйемен байланысына көңіл аудару керек .



Бақылау сұрақтары:

Анализаторлар және олардың компоненттері

Сезім мүшелері , олардың компоненттері.

Сезім мүшелерінің жіктелуі

Көру мүшесінің құрылысы

Тор қабықтың үшнейронды торы

Көз алмасының жарық сындыру орталары

Есту мүшесінің құрылысы

Тепе-теңдік мүшесінің құрылысы

Дәм сезу мүшесінің құрылысы

Иіс сезу мүшесінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер: Сезім мүшелері ,анализаторлар ,көру органдары,көз алмасы,қабықтары: склера,ақ қабық (мүйізді қабық); тамырлы қабық, кірпікті дене, меншікті тамырлы қабық,нұрлы қабы,: қарашық тесігі,сары дақ,орталық шұқырша,соқыр дақ,

көз бұршағы , шыны тәрізді дене, сулы дене,камералар, “ аккомодация ” қабақ, кірпік, көз жас безі,жоғарғы және төменгі қабақтар,кірпіктер. Көз жасының аппараты. Көздің бұлшық еттері : тік, қиғаш еттер ,коньюктива,сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы ,ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, есту сүйекшелері,балғаша ,төсше,үзеңгіше, есту түтігі,ішкі құлақ сүйекті лабиринт,жарғақты лабиринт,кіреберіс, ұлу, иірім каналдар,ампула,негізгі,жабынды,вестибулярлы мембраналар,дақ, перилимфа,эндолимфа,отолит аппараты,дәм емізікшелері, дәм шұңқыры,иіс сезу аймағы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет