«Химия» пәні бойынша дәріс тақырыбы



бет3/7
Дата15.10.2022
өлшемі6.17 Mb.
#462787
1   2   3   4   5   6   7
лекция 1 -Хим термодинамика

Тікелей өлшенетін параметрлерді (температура, қысым, көлем, концентрация) жүйенің негізгі күй параметрлері деп атайды. Тікелей өлшенуге келмейтін күй параметрлерін (ішкі энергия, энтальпия, энтропия, термодинамикалық потенциал) жүйенің күй функциясы дейді.

  • Тікелей өлшенетін параметрлерді (температура, қысым, көлем, концентрация) жүйенің негізгі күй параметрлері деп атайды. Тікелей өлшенуге келмейтін күй параметрлерін (ішкі энергия, энтальпия, энтропия, термодинамикалық потенциал) жүйенің күй функциясы дейді.

Ішкі энергия (U) жүйенің жалпы энергия қорын сипаттайды. Ол жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыс және әрекеттесу энергияларының барлық түрін: молекулалық қозғалыстың кинетикалық энергиясын, бөлшектердің молекулааралық тартылу және тебісу энергиясын, молекулаішілік немесе химиялық энергиясын, электрондық қозу энергиясын, ядроішілік және сәулелік энергияны құрайды. Ішкі энергия өзгерісі (ΔU) бастапқы ( U1) және соңғы күйдегі (U2) жүйенің ішкі энергия өлшемдер айырмашылығмен көрсетіледі:

  • Ішкі энергия (U) жүйенің жалпы энергия қорын сипаттайды. Ол жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыс және әрекеттесу энергияларының барлық түрін: молекулалық қозғалыстың кинетикалық энергиясын, бөлшектердің молекулааралық тартылу және тебісу энергиясын, молекулаішілік немесе химиялық энергиясын, электрондық қозу энергиясын, ядроішілік және сәулелік энергияны құрайды. Ішкі энергия өзгерісі (ΔU) бастапқы ( U1) және соңғы күйдегі (U2) жүйенің ішкі энергия өлшемдер айырмашылығмен көрсетіледі:
  • ΔU =U2 ˉ U1

Энтальпия (Н) – ол жүйе тұрақты қысымда ие болатын және сандық жағынан ішкі энергия U мен потенциалдық энергия pV қосындысына тең энергия:

  • Энтальпия (Н) – ол жүйе тұрақты қысымда ие болатын және сандық жағынан ішкі энергия U мен потенциалдық энергия pV қосындысына тең энергия:
  •   Н = U + pV
  • p – қысым, V– жүйенің көлемі. Энтальпия терминін 1909 жылы Оннес енгізген, ол гректің эн – ішкі, тальпэ – жылу деген сөздері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет