«Химия» пәні бойынша



бет3/48
Дата03.10.2023
өлшемі2.1 Mb.
#479588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Khimia leksia

Сутегілік байланыс – бұл бір молекуланың оң зарядталған сутегі атомымен және басқа молекуланың теріс зарядталған атомы арасындағы байланыс. Сутегілік байланыстың жартылай электростатикалық, жартылай донорлы акцепторлық сипаты бар.
Орбиталдың гибридизациясы – бұл орбиталдарды тиімді жабуға жетуге арналған, ковалентті байланысты құру кезінде, кейбір орбиталдардың өзгеру формасы.
Химиялық термодинамика – химиялық және физикалық үдерістерде еріп жүретін энергия мен энергетикалық әсерлердің айналуын, сондайақ үдерістің өздігінен жүру бағытын және мүмкіндігін зерттейді. Химиялық термодинамика қазіргі химияның негізі болып табылады.
Химиялық термодинамика — физикалық химияның химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру, булану, кристалдану, т.б.), сонымен қатар заттардың термодинамикалық қасиеттерінің олардың құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін қарастыратын саласы. Химиялық термодинамика термохимия, химиялық тепе-теңдік және ерітінділер (олардың ішінде электролиттер) туралы ілімдермен және электродты потенциалдар, беттік құбылыстар термодинамикаларымен тығыз байланысты.
Химиялық реакция бұл бір байланыстардың басқаларымен алмасатын, жаңадан қосылыстар түзілетін, басқалары ыдырайтын үдеріс. Нәтесежінде жүйенің ішкі энергиясы өзгереді, яғни энергетикалық әсерлері өзгереді.
Жүйе дегеніміз қоршаған ортамен әрекетте және ойласаң одан бөлек тұратын (судағы стакан) дене немесе денелер тобы. Егер бұл жүйеде зат ортамен алмаспаса (стакан қақпақпен жабылған), онда ол жабық деп аталады. Егер жүйенің тұрақты көлемі болса және ол қоршаған ортамен (термостағы су) зат және энергия алмасу мүмкіншілігі жоқ деп қарастырылса, онда осы жүйе тұйықталған деп аталады.
Ішкі энергия U - жүйенің кинетикалық және потенциалды энергиясынан басқа, энергияның жалпы қоры, оның ішінде молекулаларды, байланыс толқындарын, электрондар қаозғалысын, ядроларды т, б. энергияларды алғандағысы. Ішкі энергияны анықтау мүмкін емес, өйткені жүйеден барлық энергияны алуға болмайды.
Фаза – гетерогенді жүйенің гомогенді бөлігі (стакандағы су мен мұз). Фазалық өту дегеніміз – фазаның айналуы (мұз еруі, су қайнауы). Үдеріс кезінде энергетиканың жылу әсері айналуы, жылу бөлінуімен (экзотермиялық реакция) немесе оны жұтылуымен (эндотермиялық реакция) түрінде көрсетіледі. Бөлінген немесе жұтылған жылу саны Q реакцияның жылу әсері деп аталады. Жылу әсерлерін зерттеумен термохимия айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет