Химия пәнінен техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын талаптар ( І нұсқау)



бет2/5
Дата03.09.2024
өлшемі150.5 Kb.
#503331
1   2   3   4   5
Химия пәнінен техника қауіпсіздік ережелері

Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын талаптар ( І нұсқау)

1. Тәжірибені жасағанда нұсқауға қарап жаса.


2. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама.
3. Затты этикеткасыз тастама.
4. Тәжірибені жасағанда заттың этикеткасын оқы.
5. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.
6. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып ал.
7. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салма және құйма.
8. Улы затпен жұмыс істегенде тартпа шкафын пайдалан.
9. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.
10 Химиялық стаканды екі қолмен ұстау керек, ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін.


Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер ( ІІ нұсқау)

1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.


2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.
3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.
4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.
5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.
6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.
8. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .
9. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.


Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері (ІІІ нұсқау)

1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.


2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.
3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.
4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.
5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!
6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.
7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.
8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет