Химия Түсінік хат



бет1/5
Дата27.09.2022
өлшемі27.88 Kb.
#461463
түріОқулық
  1   2   3   4   5
11 КТЖ Химия 8 сынып


Химия
Түсінік хат
8-сыныпта барлығы 58 сағат аптасына 2 сағаттан

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
1. 8-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім және ғылыми-жаратылыстану түсініктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлауға және практикалық қабілетті, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік көзқарасы бар функционалдық сауатты және шығармашыл тұлғаны дамыту болып табылады.


2. Оқыту міндеттері:
- әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
- заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
- адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
- көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;
- табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;
- химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;
- эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;
- химияға ғылыми-жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;
- химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;
- химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет