Химиялық оқу экспериментінің техникасы мен әдістемесін жетілдіру Егер эксперименттің «техникасы»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.12.2023
өлшемі1.25 Mb.
#487711
1   2   3   4
stud.kz 78081 20-22-23-40-41-60

Химиялық экспериментті қабылдауды ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды талдау ретінде ұсынатынымыз:
1. Демонстрациялық тәжірибелер әсерлі және қысқа уақытқа арналған
болуы керек. 
Бұл берілген демонстрацияның орындалу шапшаңдығы, оқушылардың
оларды қабылдау шапшаңдығына және жаңа материалды баяндау қабілетіне
сай келуі керектігін анықтайды. Берілген құбылысты оның көп қырлығымен
бірге оқыту үшін демонстрациялық қондырғыны оқушының көз алдарында
жинау ұсынылады. Демонстрация сапасына, дайындау және көрсету
шапшаңдығына қойылатын қатаң талаптар оқушыға теріс әсер етпеуі керек.
2. Демонстрациялық қондырғы мәнерлі болуы керек. 
Мәнерлілік –ұзақ түсіндірулерсіз, оқытылатын құбылыстың мәніне
қажеттілердің барлығын бақылауға жеткізумен анықталады. Көрнекілік
құралдарын пайдалану, тәжірибедегі негізгіні бөліп алу және оған
оқушылардың көңілдерін бағыттау арқылы мәнерлікке қол жеткізуге болады.
«Демонстрациялық тәжірибелер сондай-ақ «проблемалық ситуацияны»
туғызу үшін, қажетті сезімдерді «таңқалысты», «әсерді», «ерекшелікті»
көрсететіндей әсерлі көрсетілген қоздыратындай болуы керек [36].
Эстетикалық жабдықталған және әсерлі көрсетілген демонстрациялық
тәжірибелер оқушылардың оқу назарларын жұмылдырады.
3. Демонстрациялық қондырғының көзге көрінуі. 
Жақсы көрінуді қамтамасыз ету үшін демонстрациялық тәжірибені
дайындау және оны жүргізу барысында арнайы шараларды қолдану қажет.
Жақсы көрінуге әртүрлі тәсілдермен және құралдарды, фонды, экранға
проекциялауды және т.б. қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Жақсы
көрінуге кейбір жағдайларда оңай қол жететін болса, басқа жағдайларда
шешілуі қиын міндеттердің біріне әкеп соғады.
Оқыту процесінде химиялық экспериментті пайдалану әдістемесі оның
тиімділігін арттыруда жан-жақты және өте маңызды рөлді атқаруы.
Осы әдістеменің қағидаларын атап шығайық:
1.Сабақтың оқу материалы мен демонстрацияның арасындағы табиғи
байланысты орнату.
Әрбір тәжірибенің мақсаты тұжырымдалып және дәлелденуі қажет.
Сабақтың құрамдас бөлігімен органикалық байланыста бола тұрып,
демонстрациялық эксперимент баяндаудың логикалық жалғасы болуы керек.
Тәжірибені проблемалық ситуация туғызу үшін сабақтың басында қоюға және
оны жаңа ұғымдарды ендіру үшін, теория жүзінде алынған нәтижелерді
дәлелдеу үшін, көркемдікті сапалау үшін және т.б. қолдануға болады. Оқу
экспериментінің жіктемесінде түгенделген әр түрлі дидактикалық міндеттердің
барлығын тәжірибе, сабақтың құрамында орындай алады.
25


зертханалық модуль негізінде әр түрлі интерактивті модельдер жасауға
мүмкіндік береді. [54,55].
Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайындағы виртуалды үдеріс оны
жаңа, виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейге шығара отырып,
дәстүрлі білім берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған.
Бұдан басқа, виртуалды ақпараттық-оқыту зертханалары жағдайында оқу
модельдері арқылы білімнің жаңа салаларын зерттеуде оқушыларда қоршаған
орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады, өмір
сүру барысында туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу
мүмкіндігі қалыптасады, алынған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға
даярлығы артады. Ендеше, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін
тигізетін виртуалды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін
компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сәттіліктің ажырамас бөлігі
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет