Химиялық оқу экспериментінің техникасы мен әдістемесін жетілдіру Егер эксперименттің «техникасы»


Химиялық оқу экспериментін ұйымдастырудың әдістемелік



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.12.2023
өлшемі1.25 Mb.
#487711
1   2   3   4
stud.kz 78081 20-22-23-40-41-60

2.2 Химиялық оқу экспериментін ұйымдастырудың әдістемелік
мүмкіншіліктері
Ұйымдастыру формасына қарай химиядағы оқу-экспериментінің жүйесі
мынадай алты түрден құралады:
- Демонстрациялық тәжірибелер;
- Зертханалық жұмыстар;
- Химиялық практикум;
- Эксперименттік есептер;
- Сыныптан тыс эксперименттік тапсырмалар;
- Химиялық виртуальды эксперимент.
Cурет 2 жоғарыда аталған алты жүйе құраушы элементтен тұратын
химиялық оқу экспериментінің біртұтас жүйесі көрсетілген. Схемадағы
бағытталған сызықтар элементтерінің арасындағы жүйелік байланыстарды
бейнелейді. Жүйелік ұстанымдарынан туындайтын қағидалар бойынша
жүйенің бір немесе бірнеше құраушы элементтері түсіп қалса ондай қызметі
толымсыз жүйе деп аталады. Екіншіден, жүйені құрайтын әлементтердің саны
да, әрқайсысының мазмұны да толық болып, ал олардың араларында үйлесімді
логикалық байланыс орнамаса, ондай жүйенің де қызметі толымсыз болады.
Соңғы жағдайларда жүйе өзінің жүйелік қасиетін аша алмайды. Қазіргі кейбір
мектептердің практикасында химиялық экспериментке байланысты нақ
осындай жағдай қалыптасып отыр. Бұны химиядан берілетін білім сапасының
төмендеуінің басты себептерінің бірі ғана емес, бірегейі деуге болады[56,57,58].
Химиялық оқу эксперименті, кіші жүйе ретінде, химияның оқу әдістемелік
жүйесіне (үлкен жүйеге) кіреді. Бұл жүйенің құрылымы 3-суретте көрсетілген.
Оның бес жүйе құрушы элементі бар. Олар: оқыту мақсаты, оқу мазмұны,
оқыту формасы мен әдісі және оқу құралдары. Нақ осы элементтер кіші жүйені
42


Химиялық практикум-дар
Химиялық оқу Экспериментінің жүйесі
Компьютер лік виртуальды эксперимент
Жаппай жасалатын зертханалықжұмыс
жеке құраушыларының да элементтері болып табылады. Оған сурет 4 арқылы
көз жеткізуге болады.
Жоғарыдағы мәселеге байланысты зертханалық жұмыстардың тізімі:
1. Зертханалық штатив және спирт шамының жұмыс істеу техникасы.
2. Оттек алу, оның қасиеттері.
3. Сутек. Қышқылдар, тұздар.
4. Су. Ерітінділер. Негіздер.
5. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
Сурет 2. Химиялық оқу экспериментінің жүйесі
1-жұмыс. Химия зертханасы, қауіпсіздік ережелері және алғашқы жәрдем.
Оқушылар химия пәнінен әр түрлі химиялық құбылыстарды, олардың
жүру үрдістерін және заңдылықтарын, заттардың қасиеттерін, алыну жолдарын
толық түсіну үшін, өз қолдарымен химиялық заттарды, реактивтерді ұстап
көріп, бір-бірінен айырып, танып ажырата білулері керек. Сонымен бірге,
оқушылар зертханада химиялық реакциялар жүру жағдайларын бақылап,
тәжірибелер арқылы теориялық қағидаларды іс жүзінде дәлелдейді. Міне
43
Эксперименттік
есептер шығару
Үйде орындалатын
эксперименттік
тапсырма
Демонстрациялы
қ эксперимент




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет