Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі46.67 Kb.
#31722
Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы N 572 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 296-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 шiлде, N 208-209


      "Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 572 қаулысымен 
бекiтiлген     

Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереже тiркеу және есепке алу тәртiбiн салалық бағыттылығына сәйкес химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiтетiн оның жекелеген түрлерiн қоспағанда, химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу тәртiбiн айқындайды.

      3. Осы Ереженiң күшi агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы тиiстi уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен тiркейтiн пестицидтерге (улы химикаттарға) қолданылмайды.

      4. Сатуға және пайдалануға арналмаған көрмелiк немесе тәжiрибелiк үлгiлерден басқа осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелмеген химиялықөнiм Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберiлмейдi.

      5. Осы Ережеде Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      тiзiлiм - тiркелуi туралы қажеттi мәлiметтерi бар әрi индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзетiн химиялықөнiмнiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе);
      химиялықөнiмдi тiркеу - уәкiлеттi органныңөтiнiм құжаттарын қарау нәтижелерi бойынша тiзiлiмге химиялықөнiм туралы мәлiметтi енгiзу және тiркелгенi туралы куәлiк беру;
      тiркеу туралы куәлiк - химиялықөнiмге оның тiркелуiн растау және тiзiлiмге енгiзу мақсатында уәкiлеттi орган беретiн құжат.

2. Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу тәртiбi

      6. Химиялықөнiмдi тiркеу үшiн негiздеме оның химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi болып табылады.

      7. Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу процесi мыналарды:
      химиялықөнiмдi тiркеу үшiн өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) ұсынатын құжаттарды қабылдауды;
      химиялықөнiмдi тiркеу туралы құжаттарды қарауды және шешiм қабылдауды;
      химиялықөнiмдi тiркеудi қамтиды.

      8. Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу үшiн өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:


      химиялықөнiмдi тiркеуге арналған өтiнiш;
      мазмұны Заң талаптарына сәйкес келуi тиiс химиялықөнiм қауiпсiздiгiнiңпаспорты.

      9. Уәкiлеттi орган өтiнiш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде құжаттарды қарайды және химиялықөнiмдi тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.


      Бас тартылған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) берген барлыққұжаттарды қайтарады және оны бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етедi.

      10. Химиялықөнiмдi тiркеуден бас тарту үшiн мыналар:


      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнама талаптарына химиялықөнiмнiң сәйкессiздiгi;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi паспортында толық емес ақпаратты ұсыну;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi паспортында химиялықөнiм туралы дұрыс емес мәлiметтер беру негiз болып табылады.

      11. Химиялықөнiмдi тiркеуден бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) шағымдануы мүмкiн.

      12. Уәкiлеттi органның ескертулерiн жойған жағдайда, өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) осы Ережеде бекiтiлген тәртiппен уәкiлеттi органға қайта өтiнiш бередi.

      13. Химиялықөнiм туралы мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзу химиялықөнiмдi тiркеудiң және есепке алудыңқорытынды кезеңi болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органның ресми бланкiсiнде тiркеу туралы куәлiк берумен сүйемелденедi.

      14. Химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiктiңқолданылу мерзiмi бес жыл.

      15. Химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы жоғалған, бүлiнген жағдайда өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етуге және тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беруге өтiнiш беруге тиiс.


      Тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын өтiнiш түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган бередi.

      16. Химиялықөнiмдi қайта тiркеу мынадай:


      өтiнiш берушiнiң (өндiрушiнiң, өнiм берушiнiң, импорттаушының) атауы, орналасқан жерi өзгерген немесе қайта ұйымдастырылған;
      химиялықөнiмнiң атауы, шығару нысаны және құрамы, қолдану саласы мен оны пайдалану жөнiндегi ұсынымдар, химиялықөнiмге арналған нормативтiк-техникалыққұжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген, химиялықөнiмдер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар өзгерген;
      химиялықөнiмдердi тiркеу туралы куәлiктiңқолданылу мерзiмi аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.

      17. Атауы, орналасқан жерi өзгерген немесе қайта ұйымдастырылған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) химиялықөнiмдi тiркеу туралы құжатты растайтын қосымшасымен қоса және куәлiктiң түпнұсқасын, уәкiлеттi органға қайта тiркеуге өтiнiш бередi.


      Бұл ретте химиялықөнiмдi қайта тiркеу өтiнiш түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмге тиiстi өзгерiстер енгiзу және тiркеу туралы жаңа куәлiк беру жолымен жүргiзiледi.

      18. Тiркеу туралы куәлiктiңқолданылу мерзiмi өткен соң химиялықөнiмдi қайта тiркеу үшiн, сондай-ақ химиялықөнiмнiң атауы, шығару нысаны мен құрамы, оныңқолданылу саласы және оны пайдалану жөнiндегi ұсынымдар өзгерген, химиялықөнiмге арналған нормативтiк-техникалыққұжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген, химиялықөнiмдер қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар өзгерген жағдайда өтiнiш берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес құжаттарды тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасымен қоса, уәкiлеттi органға тапсырады.


      Бұл ретте, көрсетiлген химиялықөнiмдi қайта тiркеу де тiркеу кезiндегiдей тәртiппен жүргiзiледi.

                                            Химиялықөнiмдi тiркеу


                                          және есепке алу ережесiне
                                                   қосымша

                Химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiк



      ҚР-ХП-N_________                          ____________________
                                                 (өтiнiш берушi, ел)
Қолдану саласы _____________________________________________________
___________________________________________________________түрiндегi
                        (шығару нысаны)
____________________________________________________________________
                        (өндiрушi фирма)
____________________________________________________________________
                  (химиялықөнiмнiң толық атауы)
______________________________________________________химиялықөнiмi
Қазақстан Республикасында тiркелген.
Тiркелген күнi ________________________
Құжат _______________________________________________ дейiн жарамды.

      Уәкiлеттi тұлға                                   М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет