Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясы



бет42/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

3.9 Дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясы



  • Оқу процесіне дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) технологиясын ендірудің маңыздылығы.

  • ДБІ-дің методологиялық-теориялық негіздері.

  • Химияны оқытудағы ДБІ-дің принциптері.

  • Химия сабағында ДБІ технологиясы кезінде оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

Химия пәні бойынша оқу материалын күрделендіру және көлемін ұлғайтуда, қоғамды ақпараттандыруда, қолданыстағы бағдарламалар мен оқулықтардың әр түрлілігі оқу процесін ұйымдастыруды жақсартуды талап етеді.Осыған орай оқушыға білімді түбегейлі меңгертуде, интегративті және интенсивтендіруді қамтамасыз ететін оқыту технологиясын қолдану керек. Перспективті технологиялар қатарына математиканы оқытуда академик П.М.Эрдниев[1] негізін қалаған ДБІ технологиясы жатады. Осы технологияны химияны оқытуда қолданып, дамытқан Н.Е.Кузнецова .



Дидактикалық бірліктер

Мысалдар

1


Ұғымдар


Химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық технология,химиялық өндіріс



2


Химия тілі



Символдар, терминдер, номенклатура



3


Заңдар мен теориялар



Авогадро заңы, электролиттік диссоциация теориясы

4

Химия ғылымының әдістері

Химиялық эксперимент, химиялық обьектілерді байқау, химиялық обьектілерді модельдеу

5

Ғылыми факторлар

Заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттері, оларды алу, қолдану, табиғатта кездесуі

6

Көрнекі ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі

М.В.Ломоносов: химия ғылымына атом- молекулалық ілім; педагогика ғылымына – химиялық эксперименттің, пәнаралық байланыстың, химияны оқытуда сандық әдістердің рөлі.
Бұл технология концепциясының негізгі арқауы білімді оқушыға ішкі және сыртқы жүйелермен байланыстыра отырып, ірі блокпен беру, соның нәтижесінде білімді игеру жүйелі, түбегейлі және тез болады.

4-кесте. Химия курсындағы дидактикалық бірліктер.


Дидактикалық бірлік және оны ірілендіру дегеніміз не? Дидактикалық бірлік–химиялық ақпараттың бөлігі, оны оқушылар белгілі бір уақытта меңгеруі керек. Мектеп курсындағы химия пәнінің мазмұнындағы кейбір дидактикалық бірліктер 4-кестеде келтірілген.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру деп арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында оқу мазмұнын ірі блокпен беру, оны құрылымдау, жүйелі баяндау және ұтымды меңгеруді айтады.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясында оқу процесінің компоненттері ірілендіріледі.
Бұл технологияны іске асырудың маңыздысы мазмұнды ірілендіру тәсілдерінің жүйелері және соған байланысты ұйымдастыру түрлері болып саналады.
Химияны оқытудағы дидактикалық бірлікті ірілендіру тәсілдерінің жүйелері:

  • өзара жақын білімдерді бірге және бір мезгілде оқыту;

  • қарама-қарсы обьектілерді, құбылыстарды және процестерді тұтастықтың дидактикалық бөлігі ретінде бірлікте оқыту;

  • химиялық ақпараттардың өрнектерін кең және шолу түрінде беру тәсілін пайдалану (графикалық, химиялық формулалар мен теңдеулердің жалпы түрін, матрицалық граф-сызбанұсқаларды);

  • теңдеулерді толықтырып жазу, мысалы: ...O2 →SO2

  • өзара байланысқан есептер мен жаттығулар құрастыру және шығаруда химиялық экспериментті енгізу;

  • объектілер мен химиялық тәжірбиелердің сапалық және сандық сипаттамаларын бірлікте қарастыру.

Қарастыртылған тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде білімнің біртұтастығы және ұтымдылығы қалыптасады, оқыту процесі қарқынды жүреді.
Осы тәсілдерді толығырақ қарастырайық.
Қарастырылып отырған технологияның негізгі тәсілі өзара жақын материалдарды бірге және бір мезгілде оқу , сонымен қатар оқу материалын құрылымдауды және проблеманы сараптауды талап етеді.
Құрылым – білім элементінің жүйесіне кіретін ішкі байланысын, олардың иерархиясын анықтайды. Бірақта бұл байланыстар барлық уақытта білінбейді, оларды арнайы логика–дидактикалық талдаусыз байқауға болмайды. Мұғалім осы байланыстарды анықтап, оқушылардың назарын оларға аударып, білімнің меңгерілуін өзара байланыстар тұрғысында ұйымдастыруы керек.
«Ірілендіру» дегеніміз оқу материалын қарапайым ету емес, ол оны жалпы түрде қарастыру әдісі болып табылады. Оқу материалын игерудегі бұл жағдай пән мазмұнының негізгі құрылымын жасауды ұсынады. Бағдарламадағы материалдың жүйелілігі кез-келген жеке фактыны құрылыммен байланыстыруға мүмкіндік беруі тиіс. Сонда материалды жинақтау проблемасы туады, оны белгі- графиктік тәсілмен көрсетуге болады. Оқу материалының сызбанұсқа түріндегі көрнекілігі оқу материалының біртұтас меңгерілуіне ықпал етеді, білім элементтерінің өзара байланысының қалыптасуына жағдай туғызады.
Химия пәні бойынша оқу материалының құрылымдануына материалды блок түрінде мазмұндау, яғни тақырыптың біртұтас қабылдауын қарастырады, білімді меңгеру процесін интенсивтендіреді. Ірі блокта жетекші ойды бөлу, логикалық байланысты орнату оңай.
Химияны оқытуда бір блокқа біріктірілген тақырыптарға мысал ретінде оттегі , сутегі және су , қаныққан және қанықпаған көмірсутектермен олардың туындыларын келтіруге болады. Бұл процесс оқушыларға белгілі бір ғылым саласындағы білімнің біртұтас бейнесін көруге және олардың өзара байланысы мен иерархиясын білуге көмектеседі.
Оқу материалының блокты, графикалық түрі оның құрылымдық ұйымдастыруына ғана емес, бұл блоктың бұрынғы біліммен байланысын көрсетеді, оқушыларға өз бетінше оны меңгерудегі пәнішілік және пәнаралық қабылдауын қалыптастырады. Пән мазмұны бойынша блок құрастырғанда қолданылатын сызбанұсқалық көрнекілік блок элементтерінің арасындағы қатынас пен байланысты көрсетеді, білімді жүйелеуге және қорытындылауға көмектеседі.
Ірілендірудің әр әдісін бір-бірінен бөлектеп емес,бір-біріне тығыз байланыста қолданады. Оқушының жеке қабілетін, оқу мақсатын, мазмұнының ерекшелік-терін анықтайтын бөлек әдістердің мақсатты қиындаттыруы қажет. Оқытушыға осы ДБІ технологиясын және оның әдістерін қолданудың тиімді жағдайын табу жүктеледі.
ДБІ әдістемесінде химияны оқытуда білім блоктарын дайын күйде оқушыларға бермейді, оны сабақ барысында оқушылар мен мұғалім бірлесіп құрастырады. Қарама-қарсы құбылысты бірлікте оқыту ДБІ әдістемесінде маңызды орын алады.

Электр тогы
Ток көзі Нәтиже
Нәтиже
Химиялық
процесс

9-сурет. Электролиз және гальваникалық элементтегі процестерді салыстыру


Химияны оқытуда қарама-қарсы процестер мен құбылыстар бөлек оқытылады. Химия курсында көптеген өзара байланысқан ұғымдар бар: анализ – синтез; тотығу–тотықсыздану; диссоциация–ассоциация; қосылу–ыдырау; май-ларды күрделі эфир ретінде синтездеу–майлардың гидролизі; тәжірибе нәтижесінде формула құру–белгілі формулалар бойынша есептеу. Осы процестерді бір мезгілде, олардың қасиеттерін салыстырып қараған жөн. Оқылатын процестердің бірігуінің негізі химиялық реакциялардың өздері болуы мүмкін. Дидактикалық талаптарға сәйкес процестер мен құбылыстардың тек ұқсастығын ғана емес, қарама-қайшылығын да қарастыруымыз керек.
Электролиз және гальваникалық элементтегі процестерді салыстыра оқытқанда жаңа оқу материалымен қатар түсіндіру тиімді (9- сурет) .
Салыстыру және қарама – қарсы қоюды екі немесе одан да көп тақырыптарды бөлулерді бірге оқытуда қолданған жөн.
Металл алу және коррозия әсерінен металдың жемірілуін қарастырайық:
М е0 –ne - Меn+
+ne
Бұл химиялық тақырыптың біріктірілуінің негізі−қарама-қарсы процестердің бірлігі .
Ірі блокпен химияны қарастыру оқу материалындағы ақпараттарды кең түрде қамтуды қажет етеді,мысалы: график, сызбанұсқалар, матрица, модельдер, жалпылама формулалар, күрделі белгі-графиктік конструкциялар.
Бір кестеге кең мағыналы мәліметтерді толықтыруға болады (5-кесте). Сонда олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығы анық көрініп, бір сабақ барысында біріктіруге мүмкіндік болады.

5- кесте. Химиялық реакциялардың жіктелуі



Химиялық реакция



Химиялық реакция сипаты

Классификациялық белгісі



Реакциялардың типі

Өзара байланысы

N2+3H2=
2NH3+Q

1.Қайтымды

Қайтымдылық

Қ айтымды
Қ айтымсыз




2.Экзотермиялық



Жылу эффектісі



Э кзотермиялық

Эндотермиялық






3.Гомогенді



Жүйдегі фазалар саны





Гомогенді

Гетерогенді




4.Каталитикалық



Реакция жылдамдығына әсер ету тәсіліне қарай

Каталитикалық


Фото,радиациялы




5.Қосылу


Реагенттер мен өнімдердің саны мен құрамы

Қосылу

Айырылу




6.Тотығу-тотықсыздану



Тотығу дәрежесінің өзгеруі



Тотығу –тотықсыздану Электрондар алмаспайды




Оқу материалын ірілендірудің тағы бір маңызды әдісі – оқу ақпаратын матрицалау (қаңқа). Химияны оқытуда матрицаны қолдану оқу материалын кеңістікте бейнелеуге мүмкіндік береді. Матрица құру–жүйелеуші фактор, оқу факторын орнықтырудың техникалық әдісі. Матрицаны қолданудың артықшылығы – көрнекілігі, жазудың ықшамдамдылығы, бастапқы ақпараттың өз минимумын қолдану. Мысал ретінде химиялық элементтердің периодтық жүйесі және заттардың суда ерігіштік кестесін келтіруге болады.


ДБІ технологиясы әдістемесінде есептердің рөлі ерекше, өйткені есептерді шығару арқылы ұғымдар, теориялар және фактілер арасындағы байланысты қалыптастыруға ыңғайлы. Сонымен қатар химиялық экспериментті қолдана отырып, сандық және сапалық есептерді де топтастыруға болады.
ДБІ технологиясы әдістер бірлігін қалыптастыруға көмектеседі: анализ және синтез, салыстыру және ұқсастық, жинақтау және нақтылау. Дегенмен бұл технологияны іске асырудың негізгі проблемасы ірілендіру көрсеткіштері мен критерий жүйелерін жасау.

Әдебиеттер:


1.Эрдниев П.М. Укрупнение дидиактических единиц как технология обучения. −М.,1992.
2.Васильева П.Д., Кузнецова Н.Е. Обучение химии. −СПб.,2003.
3.Кузнецова Н.Е. Формирование систем понятий при обучении химии. − М., 1989.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет