Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Қазіргі кездегі білім берудегі педагогикалық инновация



бет2/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

1.Қазіргі кездегі білім берудегі педагогикалық инновация


1.1 Химиядан білім берудегі өзгерістер
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы процестерінің сатысы ретінде қаралып,оның негізгі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Процестің сындарлы , өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» немесе «жаңа құрал» ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады да, «инновация» «жаңа енгізілім» ұғымдары арқылы бір-бірінен ажыратылады.
Жаңашылдық – нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме,технология, бағдарлама және т.б), ал инновация – осы құралды меңгеру процесі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Алайда жаңашылдыққа әсер ететін басқа факторларды да атап өткен жөн:

  • жаңашылдықтың мақсаты;

  • жаңалықтың мотивациясы;

  • жаңалықты енгізу әдістемесі;

  • ұжымда жаңашылдықты қабылдау және бекіту;

  • қоғам талаптарын қанағаттандыру;

  • оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткіздіру.

Инновациялық процесс деп жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу) , меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік және практикалық білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.
«Қазақстан-2030» даму стратегиясында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті–жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы , дамуы және кәсіби тұрғыдан жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау» , деп көрсетілген.
Осыған орай, елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басты .Осы бағытта атқарылып жатқан ой-тұжырымдарды былай топтауға болады:

  • білім берудің парадигмасы өзгерді, біртіндеп білім ,білік және дағдылар жүйесінен, оқушының түрлі жағдайларда проблемаларын өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау жүргізілуде;

  • өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін , бүгінгі күннің мүмкіндігі мен ресурстарының шамасын білетін,әлеуметтік кеңістікте таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;

  • білім беру мазмұны жаңарып, ол жаңа біліктермен ,ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайдағы білімдендіру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • оқушының жеке басын тәрбиелеуге,оның жан дүниесінің рухани дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның білім алу траекториясын дараландыру және танымдық әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылуда;

  • білімдендіруде педагогикалық және ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуына, ғылымның рөліне мән берілуде.

Демек, педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесінде елеулі өзгерістер болып отыр. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осы мәселе жаңа қабылданған «Білім туралы» заңда да атап өтілген. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, білім беруде қарқынды қолданылып жатыр.
Мектепте химиядан білімдендіруді реформалау қиын кезеңдерді басынан өткізуде. Өйткені бұл күрделі проблема жалпы білім беруді реформалаумен байланысты. Елімізде соңғы жылдары химияны оқытуға байланысты бірнеше өзгерістер болды. Атап айтсақ:

  • Сызықтық әдістен шоғырланған әдіске көшу. Сызықтық әдісте оқу материалының бөлімдері бірізділікпен бірінен соң бірі қайталанбай беріледі.Шоғырланған әдісте кейбір оқу материалының бөлімдері оқыту периодының кей кезеңдерінде қайталануы мүмкін (мысалы, бір-екі жылдан кейін мазмұны қиындатылып және кеңейтіліп берілуі мүмкін).

  • Мектептің жоғары сыныптарына бейіндік білім берудің енуі.Ондағы басты мақсат–оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу;

  • Жаңа буын оқулықтарының қолданысқа енуі;

  • Бірыңғай ұлттық тестілеу әдісінің енуі;

  • Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялардың қарқынды түрде қолданыла бастауы.

Жоғарыда келтірілген өзгерістердің химиядан білімдендірудің сапасына қаншалықты ықпал еткенін жан-жақты талдау жасап,қорытындылаған абзал. Дегенмен, химиядан білімдендіру сапасын көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар ұшан-теңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет