Дипломдық және курстық жұмыстар тақырыбы.
1. Педагогикалық технологиялардың дамуының алғы шарты.
2. Білім беру процесін технологияландыру.
3. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі.
4. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясы.
5. Модульдік оқыту технологиясының теориялық - методологиялық негізі.
6. Модульдік оқытудың принциптері және олардың жалпы дидактикалық принциптермен байланысы.
7. Мұғалімдерді модульдік оқытуға дайындау ерекшеліктері.
8. Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері.
9. Ойын арқылы оқыту технологиясының теориялық негіздері.
10. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері.
11. Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық-методологиялық негізі.
12. Педагогикалық технологияларды басқару проблемалары.
13. Педагогикалық технологиямен оқыту нәтижелерін диагностикалау.
14. Кіріктірілген оқыту технологиясының ерекшеліктері.
15. Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі.
16. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаты.
17. Дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясын химия курсында пайдалану.
18. Қазіргі ақпараттық педагогикалық технологиялар.
19. Дербес оқыту технологиясының теориялық негізі.
20. Топтап оқыту технологиясын химияны оқытуда қолдану.
Түйін сөздер мен түсініктер.
Әдіс (метод - грек сөзі metodos - теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің ыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.
Әдіснама (методология - грек сөзі metodos - зерттеу жолы, теория, ілім және ... логия) - 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі, ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдісте ақиқат болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |