Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


Хирургтың киіну техникасы



бет32/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

Хирургтың киіну техникасы.
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киіммен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынанбикстіңмаркерін, залалсыздығынтексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.
5.Халатты хирургтың иығына тастаңыз.
6.Халатартындағы бауларды байлаңыз.
7.Хирургтың жеңіндегі бауларды байлаңыз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз.
10.Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
11.Бауларды көмекші байлайды.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Операциялық алаңды Филончиков-Гроссих бойынша өңдеу әдісінің техникасы.
Мақсаты: Операциялық алаңды залалсыздандыру.
Құралдар: қауіпсіз ұстара, 1% иод ерітіндісі,стерильді мақта тампондары, пинцет,70% спирт
Әрекет алгоритмі:

  1. 1% иодонат ерітіндісіне малынған салфетка алыңыз.

  2. Операциялық аймақты айқындалған тіліктен переферияға қарай 1% иодонит ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.

3.70% спиртке малынған салфетка алыңыз.

  1. Айқындалған тіліктен переферияға қарай 70% спиртпен 2 рет операциялық аймақты сүртіңіз.

  2. 1% иодонат ерітіндісі.

  3. 1% иодонат ерітіндісімен теріні тігіс саларалдында және салынғаннан кейін сүртіңіз.

Ескерту:
-Операция алдында науқасқа ортақ гигиеналық ванна жүргізіңіз
-Төсек және науқас үстіндегі жайалықтарды ауыстырыңыз. -Науқастың жыныс мүшесін операция алдында тазартыңыз
-Отаға 30 мин қалғанда науқасты шешіндіріңіз.
-Басына орамал тағыңыз
-Аяғына бахила кигізіңіз.
-Науқасты сүйретпелі арбаға жатқызыңыз
-Ота бөліміне жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет