Хирургиялық операциялар


Бауыр жетіспеушілігі (шамасыздығы)



бет6/6
Дата30.04.2024
өлшемі19.96 Kb.
#500172
1   2   3   4   5   6
Хирургиялық операциялар

Бауыр жетіспеушілігі (шамасыздығы)
Операциядан кейінгі жедел бауыр шамасыздығы бауыр тіні ауқымды зақымданған кезде дамиды. Оның себептеріне: ұзақ механикалық сарғаю, өңештің кеңейген көктамырларынан жиі-жиі қан кету, созылмалы гепатит, шок, көп мөлшерде қан құю жатады.
Операциядан кейінгі паротит
Құлақ түбіндегі сілекей безінің қабынуы (паротит) іш қуысы ағзаларына жасалған операциялардан кейін, ұзақ уақыт бой ауызбен тамақтанбаған науқастарда дамиды. Патогенезінде жалпы факторлар: организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі, ұзақ интоксикация, зат алмасу процестеріндегі өзгерістер және жергілікті факторлар: микробтық флораның бас көтеруі, сілекей бөлінуінің бұзылуы, стенон өзекшесіне инфекция бар сілекейдің қайта түсуі роль атқарады. Осы аталған себептер нәтижесінде, әсіресе, ауыз қуысына тиісті күтім болмағанда инфекцияның лимфо- гематогендік жолмен, басым көпшілігіне стенон өзекшесі арқылы сілекей безінің паренхимасына таралуына жағдай туады. Бұл асқыну ауыр асқынулардың қатарына жатады. Клиникалық ағымына карап, бездің қабынуын 3 түрге бөледі: жәй, флегмонозды және гангренозды паротит.
Жәй паротит операциядан кейінгі жуық кезеңде дамиды: науқастың дене қызуы 38-39оС-қа көтеріледі, қүлақ түбі безінің түсында ісіну пайда болады, жүтыну қиындайды. Қабыну болған жерде қызу көтеріліп, терісі қызарады. Ауызды ашу, жүтыну ауыратындықтан мүмкін болмайды. 2-3 күн өткен соң қабыну процестері екінші безде де дамиды.
Емдеу: консервативтік ем жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем қолданылады: антибиотиктер, ауыз қуысыны антисептикпен жиі шаю, сілекей бөлінуін күшейті үшін лимон сору, сағыз шайнау керек, пилокарпиннің 1%тік ерітіндісін 3-5 тамшыдан ішу керек. Қыздырғыш компресстерді, физиопроцедураларды қолданады. Толық дер кезінде жүргізілген ем нәтижесінде қабыну процестері 4-10 күн ішінде жойылады.
Паротит әрі қарай өршіген жағдайда оның флегмонозды, кейде гангренозды түрлері дамиды. Соңғысында ауыр интоксикация, сандырақтау пайда болады. Бадамша бездің маңында іріңдіктер пайда болуы мүмкін. Дерт тез өршиді, науқас өліп те кетуі мүмкін.
Паротиттің аталған деструктивті формалары хирургиялық жолмен емделеді. Хирургиялық операция наркозбен, алдын ала дайындағаннан кейін жасалады. Іріңдіктерді В.В. Войно-Ясенецкийдің тәсілімен жамаған тиімді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет