Реферат тақырып: Хирургиялық операция. Түсініктеме. Хирургиялық операциялардың түрлері



бет1/6
Дата26.09.2023
өлшемі28.83 Kb.
#478705
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Хирургиялық операция (копия)


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

РЕФЕРАТ
Тақырып: Хирургиялық операция. Түсініктеме. Хирургиялық операциялардың түрлері.
Орындаған: Бижанова.А.А
Тобы:311Б
Қабылдаған: Тайшибаев Қ.Р

2023 жыл
Жоспар:


1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Жоспарлы және жедел операциялар
2.2.Хирургиялық операциялардың міндеттері
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:


Хирургиялық операция - бұл науқастың ұлпалары мен мүшелерін зақымдай отырып орындалатын емдік - анықтамалық іс - әрекеттер. Жасалу уақытына қарай операциялар төтенше (экстренная), жедел (неотложная) және жоспарлы (плановая) болып бөлінеді.
Шұғыл (экстренная, срочная) операциялар - бірден, тез арада жасалу керек, себебі операцияны бірнеше сағат немесе тәулікке кешіктіру адам өліміне әкеліп соғуы немесе операциядан кейінгі кезеңнің болжамын аскындыруы мүмкін. Әсіресе қан кеткенде, тұншығуда, жедел хирургиялық ауруларда, соның ішінде қуыс мүшелер тесілгенде, жараланғанда, т.б жасалатын операциялар жатады.

Негізгі бөлім:


1.Жоспарлы және жедел операциялар:
Жедел операциялар (неотложная) аурудың тоқтаусыз дамуына байланысты ұзақ уақытқа қалдыруға және кешіктіруге болмайтын операцияларды атайды. Бұл - қатерлі ісіктерде, т.б жасалатын операцияларды қамтиды.
Жоспарлы (плановая) операцияларды кез-келген уақытта, науқастың денсаулығына зиян келтірмей жасауға болады. Операция жасауға арнайы дайындығы бар немесе мамандығы осы бағытты да қамтитын дәрігерлерге рұқсат етіледі. Бірақ, мамандығына байланыссыз кез-келген дәрігер жасауға міндетті операциялар бар. Олар - трахеостомия, әйелдің босануына көмектесетін, т.б. қансыз операциялар.
Лапароскопия – бұл оперативтік емдеу әдісі, түрлі көлемді оперативтік араласуларды бұлшық тіні және тері жамылғысына үлкен тілік жасамай, дәлдеп тесу арқылы жасау.
Басымдығы:

  • Аз жарақаттық операциялық амал;

  • Қысқартылған оңалту мерзімі;

  • Косметикалық эффект (көрінетін тері тыртығы болмау).

  • Лазерлі хирургия- лазер арқылы хирургиялық инструмент анатомиялық құрылысға көлемі мен орналасуына жетпейтін кезде қолданылады.

  • Лазер арқылы специалист емдейдің оперативті әдістерін қолданады: тінді кесу,ошақты булау,үлкен көлемді ошақтарды алу,т.б.

Артықшылығы: сау тіннің термиялық зақымдануы аздау, эпителизация тезірек жүреді;

  • жақсыгемостаз;

  • әдіс контактсыз;

  • кольпоскоп арқылы визуалді бақылау мүмкіндігі;

Операциядан кейінгі кезең ауырсынусыз,ірі тыртық қалуы аз.
Барлық хирургиялық операциялар екі кезеңнен тұрады: І. Операциялық жету, мысалы: лапаратомия, яғни құрсақ қуысының мүшелерін, құрсақтың алдыңғы қабырғасының ұлпаларын кесу арқылы жету. 2. Операциялық әдістерді науқасқа немесе зақымдалған мүшеге қолдану, мысалы: ішек жарарқаттанғанда ішекке тігіс салу.
Рационалдық жету дегеніміз аймаққа оперативтік әдістерді қолдана отырып кең түрде жету. Опреациялар мақсатына байланысты радикалдық және паллативтік әдістерге бөлінеді. Радикалдық операцияның мақсаты паталогиялық өзгерген ұлпалар мен ауруға шалдыққан мүшенің себептерін тауып, патологиялық өзгерген мүшемен бірге алып тастау. Мысалы: асқазан ісіктері мен ойық жаралары кезінде, асқазанның бөлігін алып тастау. Паллативтік операцияның мақсаты патологиялық белгілерді (симптом) тауып алып тастау. Мысалы: ойық жараға тиіспей (немесе ісікке), асқазан ішіндегі құрылымдардың ішекке өту үшін, асқазан мен ішектің арасына жол салады (анастомоз). Жедел операция - адамның өмірін сақтап қалу үшін көрсетілетін хирургиялық көмектердің бір түрі. Жедел операцияларға жатады:
І. Ірі қан тамырлар мен көк тамырлардан аққан қанды тоқтату.
2. Жедел тұншыққанда (асфиксия) кеңірдекті кесу (трахеотомия).
3. Қысылған жарық кезінде кесу.
4. Ішектің жедел өтімсіздігі кезіндегі операциялар (ішек қайырылып қалғанда).
5. Іш пердесінің жедел қабынуы (асқазанның, ішектің зақымдалуы).
6. Аяқ, қолдың қатты езілуі немесе үзіліп қалуы кезіндегі алғашқы ампутация.
7. Кеудені тесіп өтіп кеткен ашық жарақатты пневмоторокспен бірге болғанда операция жасау.
8. Кездейсоқ оқ тиіп жарақаттану, химиялық және басқа жолдармен болған жарақаттарды өңдеу. Бұл көмектерді диагнозын қоя салысымен жасау керек. Егер барлық кезеңі бір уақытта жасалса, бір кезеңді операция деп атаймыз. Егер ауыр операцияның бірінші кезеңі жасалып, екінші кезеңі бірнеше күннен кейін жасалса, онда екі кезеңді операция деп аталады. Кейбір операциялар үш немесе оданда көп кезеңді болады (мысалы: Филатов бойынша терілі пластика жасағанда). Операциялар қайталамалы немесе екінші деген терминдермен аталып бөлінеді. Зақымдалғаннан соң немесе аурудың басында жасалатын операциялар алғашқы операция деп аталады. Мысалы: жараны алғашқы өңдеу, алғашқы ампутация жасау. Егерде операция қабыну процесіне немесе демаркациялану сызығына дейін жасалынбаса (семіп қалу, гангрена), онда екінші операция жасалады. Бір жерге екі мәрте операция жасалса, қайталанбалы операция деп аталады. Мысалы: қайталанбалы ампутация (реампутация), екінші мәрте құрсақты кесу (релапаротомия). Операциялардың аты операциялық әдісті қолданатын мүшенің атына терминді қосып айтылады. Сондықтан, бес түрлі термин қолданылады: кесу-tomіa, анастомоз-соустие, жыланкөз-stomіa, толық кесіп алып тастау-ectomіa, (немесе exterpatіo), жартылай кесіп алып тастау -resectіo. Сүйекті кесу-osteotomіa, жұтқыншақты кесу-phayngotomіa, асқазанды кесу - gastrotomіa, асқазан жыланкөзі-gastrostomіa, асқазанды толық кесіп алып тастау- gastroectomіa, асқазанды жартылай кесіп алып тастау-resectіo ventrіculі. Осыған сәйкес өт қабына қолданылатын операциялар-cholecystotomіa,cholecystostomіa,сholecystectomіа деп аталады. Анастомоз жасағанда операцияны ағзаның атымен атайды. Мысалы: ащы ішек пен асқазанның арасына жасалатын анастомозды-gastroenterostomіa деп атайды. Ағзаның соңғы бөлігін кесіп алып тастаса ампутация деп атайды, мысалы: қолды иықтың деңгейінен кесіп алып тастау - amputatіo humerі, тік ішекті іш пердесінен тыс көтен ішекке дейін кесіп алып тастау-amputatіo rectі деп аталады. Жартылай шеткі бөлігін сақтап кесіп алып тастау - алып тастау (резекция) деп аталады. Мысалы: буынды алып тастау, тік ішекті алып тастау ж.т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет