Хоторнские эксперименты Элтоном Мейо Ақ шляпа



бет4/5
Дата28.04.2023
өлшемі27.48 Kb.
#472981
1   2   3   4   5
эксперименты управления 6 шляпа талдау

Ақ шляпа
Рингльман тәжірибесі (Рингельман әсері) бірінші рет 1913-жылы сипатталып, 1927-жылы француздық ауылшаруашылығы инженериясы профессоры Максимилиано Рингельман өткізді. Бұл тәжірибе қызығушылықтан туындаған болатын. Бірақ өздері жұмыс істеп жүрген топта адам санының көбеюуі адамдардың еңбек өнімділігінің азаюына әсер ететін заңдылықты анықтауға көмектесті. Тәжірибе үшін белгілі бір істі атқару үшін біраз адамдар таңдап алынды. Бірінші жағдайда ауыр көтеру керек болса, екіншісінде – арқан тарту керек болды.
Сары шляпа
Топтық күш, кем дегенде, жеке адамдар жеке жұмыс кезінде көрсеткен күш-жігердің қосындысына тең болады деп болжалды.
Рингльман әсерін ескеру және әлсіретуге тырысу керек.
Қара шляпа
Әлеуметтік енжарлық жағдайында біз оның шығу тегін және ақыр соңында нәтиженің нөлге дейін төмендеуіне әкелетінін жақсы түсінеміз деп айта аламыз. Бірден емес — инерция бойынша кейбір жұмыстар жасала береді. Бірақ сонда да келе-келе нәтижесі нөлге дейін түседі. Бірден атап өтейік: әлі ешқандай әлеуметтік технологиялар Рингельман әсерін жеңуге мүмкіндік бермеді. Сіз «топтық жұмыс маманының» дұғаларын жатқа білсеңіз де, топ неғұрлым көп болса, соғұрлым адам енжарлықты көбірек танытады.
Әлеуметтік жалқаулықты тудыратын себептердің арасында мыналар бар:
жауапкершілікті шашырату;
үйлестіруді жоғалту (топтың 2 мүшесі 8-ге қарағанда үйлесімді болады);
мотивацияның төмендеуі;
дараландыру (жеке басын жоғалту);
қатысушылардың салымдарының анонимділігі.
Қызыл шляпа
Ең қарапайым адамдарға ауыр заттарды, мысалы, гір көтеруді сұрайды. Әр адамның ең ауыр қандай салмақты көтергенін жазып алады. Осыдан кейін қатысушылар белгілі бір топтарға біріктіріледі, алдымен – екі, кейін – төрт адам, сосын топ сегіз адамнан тұрады.
Алдына-ала жасалған болжамдар айдай анық болды: егер бір адам шартты түрде 100 кг көтере алса, екі адам бірге 200 немесе одан да көп салмақты көтеруі керек. Өйткені топтық жұмыс көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, оның нәтижесі топ мүшелерінің жеке нәтижелерінің қосындысынан асып түседі деген аңыз-идея сол кездің өзінде де кең тараған еді. Бұл ой қазіргі заманда да бар және көптеген адамдар оны белсенді түрде қолдайды.
Бірақ, өкінішке орай, бұл шындыққа жатпайтын қағида! Тәжірибе нәтижесінде екі адам жеке көрсеткіштерінің қосындысының тек 93% ғана тең жүкті көтерген. Ал сегіз адам өздерінің жеке көрсеткіштерінің қосындысының тек қана 49% көтере алған.
Тәжірибеге қатысушыларды басқа тапсырмалар беру арқылы да тексерген. Мысалы, арқан тартысу. Бұл жағдайда да сол нәтиже көрсетілді. Топтағы адамдар саны өскен сайын олардың пайыздық көрсеткіші төмендей берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет