І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс


ІІ-тарау. Оқытудың жаңа технологиялары Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің іс-тәжірибелерінде



бет18/26
Дата22.11.2023
өлшемі445.5 Kb.
#484058
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

ІІ-тарау.
Оқытудың жаңа технологиялары Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің іс-тәжірибелерінде.


2.1. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері тәжірибесінде қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар және олардың сипаттамалары.
Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты(19). Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады.
Қазақстанның инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы орнын анықтайтыны да, міне, осы фактор. Жалпыға мәлім болғандай, қандай жаңалықты, қандай жаңа құбылысты, өмірге енгізбес бұрын, ең әуелі ұғым ретінде айқындап алуға тура келеді.Олай болса сөзіміздің осы тұсында инновациялар, инновациялық үрдіс, инновациялық қызмет деген мәселелерге сипаттама бере кетудің еш артықтығы жоқ.
Әлемдегі инновациялық үрдістердің бәрі кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми-техникалық үдеріс бүкіл әлемде “инновациялық үдеріс” ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық үрдіс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым-қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.
Әрине, инновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғылыми өнімнің коммерциялануы болып табылады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жүзеге асырылады. Трансферт – бұл технологияларды, жоба-конструкторлық құжаттаманы, құрал-жабдықтар мен техниканы өзге заңды немесе жеке тұлғаға беріп, оның меншік құқығын тіркеу. Технологиялық үрдіс пен жаңа өнімді коммерцияландыру бірқатар құрылымдарды жасауға бағытталған инновациялық қызмет барысында жүзеге асады. Бұл құрылымдарға технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, санаткерлік меншік шағын инновациялық кәсіпорындар, өнімді лицензияландыру мен сертификаттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Инновация дамуының басты реттеушісі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады(20).
Ұлттық инновациялық қабілет дегеніміз – бұл оның экономикалық өсуі мен отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін жаңа білім мен технологияларды жасап, тарату мен пайдалану. Демек, инновациялық қабілет – бұл жалпы қоғамның тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың құрылымдық сипаттамасы.
Олай болса, инновацияның түпкілікті мақсаты болып табылатын білімді экономикаға көшіру мен коммерцияландырудың механизмдері қалай жасалады инновациялық үрдістегі маңызды түйіннің бірі осы мәселе. Себебі, кез келген ұлы мақсат пен ауқымды жоспардың жүзеге асу тетіктері дұрыс жасалмаса, еткен еңбек, төккен тер далаға кетеді.
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйенсек, технологиялық трансферт пен санаткерлік меншікті коммерцияландырудың тиімді механизмдерінің бірі технопарктер болып табылады. Технопарктердің қызметі ғалымдардың, өнертапқыштардың, жаңашылдардың мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Жүсіпбек аймауытов: “Сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер” деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

  • Оқушының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

  • Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы;

  • Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: “Дамыта оқыту технологиясы”, “Модульдік оқыту технологиясы”, “Биоинформатика және синергетика технологиясы”, “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы ” т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет