І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



бет6/26
Дата22.11.2023
өлшемі445.5 Kb.
#484058
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

Концептуалдық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс-тәсілдердің көп варианттылығы.
Басқаруға оңтайлылық. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нөтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.
Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда, басқа сабақтарда дәл осы күйде пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктің болуы.
Педагогикалық технологияның құрылымы мазмұнды және процессуальды компоненттерден тұрады. Мазмұнды компонентті тұжырымдамалық – мақсатқа жету құралдары, оқыту-тәрбиелеу процесінің тиімділігі туралы білімдер жүйесі, диагностикалық педагогтің кәсіби педагогикалық бет пердесі, тұлғаның дербес ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі, дидактикалық оқыту мазмұны, әдістер, әдістемелік тәсілдер; ұйымдастыру формалары; дидактикалық құралдар құрайды(7).
Процессуальды компонент алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесін практикаға ендіру болып табылып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді. Педагогикалық технологияның мазмұнын айқындауға В.Ю.Цитюков талпыныс жасайды. Оның ойынша, педагогикалық технология тәрбиеленушіге педагогикалық ықпал етуді ұйымдастыру бойынша мұғалімнің мәнді кәсіби біліктерінің жүйесін айқындайды, педагогикалық іс-әрекетті технологияландыруды саналы ой елегінен өткізу тәсілін ұсынады. Педагогикалық ықпалды педагогикалық технология қамтамасыз ететін болғандықтан, оның мазмұны педагогикалық ықпал ету құралдарынан тұрады: педагогикалық тіл табысу, педагогикалық баға беру, педагогикалық талап, ақпараттық тілдік және демонстрациялық ықпал. Бұл элементтер атқаратын нақты функциялары мен анықталған кілтті операцияларына сай педагогикалық технологиялардың мәнін құрайды, педагогты тәрбие процесінің субьектісі болатын тәрбиеленушіге ықпал ету үшін қажетті және жеткілікті кәсіби мәнді білікпен қамтамасыз етеді. Бірақ мұнымен педагогикалық технология шектелмейді. Қосымша элементтер – психологиялық климат, топтық іс-әрекет, жасаған қылығына педагогикалық реакция, ортаны ұйымдастыру және т.б. жалпылама немесе жеке сипатқа ие болып, ықпал етудің формаларын түрлендіруді және әрбір мұғалімнің дербестігін сақтауды қамтамасыз ететін әрекеттер қатарына жатады.
Ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жіктемесін жасауға бірнеше ғалымдар әрекет жасағанын көрсетті (Т.М.Давыденко, Г.К.Селевко). Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.К.Селевконың жіктемесі көңіл аударарлық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды былайша жіктейді:
- қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және модульдік;
- философиялық негіз бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және бағындыру;
- психикалық дамудың жетекші факторы бойынша: биогендік, психогендік, социогендік және идеалистік;
- тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы, бихевиористік, гештальт-технологиялар, интериозаторлық дамыту;
- тұлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоциональды көркем және эмоциональды - адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық және қолданбалы;
- мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін және кәсіби бағдарланған, гуманитарлық және технократтық, әр түрлі салалық, дербес пәндік, сонымен бірге монотехнологиялар, кешендік және кірме технологиялар;
- ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық және альтернативтік, академиялық және клубтық, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, диференциялдық оқыту;
- танымдық іс-әрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту, “кеңесші” жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, “репетитор” жүйесі, басқару бағдарламасы;
- балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық-орталықтандырылған, тұлғалық бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тәрбие, эзотериялық;
- басым (үстемдік етуші) әдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтік, ойын, өзін-өзі дамытушы оқыту, ақпараттық,
- оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, оза оқыту, орнын толтыру, виктимиологиялық, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары, дарынды балалармен жұмыс істеу технологиялары.
Бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және түрлерін ажыратуға көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Педагогикалық технология мынадай белгілермен сипатталады: (В.П.Беспалько бойынша)

  • анықтылық, жүйелі педагогикалық оқыту мақсатын дидактикалық өңдемесі;

  • құрылымдылық, реттік, ақпараттық тығыздануы;

  • комплексті түрде дидактикалық, техникалық, сонымен қатар компьютерлік, оқытудың құралы мен бақылауын қолдану.

  • күшейту, мүмкіндігіне қарай оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық қызметі.

  • оқытуды жоғары деңгейлік сапасына кепілдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың әр түрлілігіне орай дидактикада да жалпы жоспары мен анализі болады. Әрбір технологияларды авторлар мына жағдайда көрсету қажет:

-қолдану деңгейі;
-философиялық негізі;
-білімді меңгерудегі жүргізілетін концепция,
-білім мазмұнының ерекшелік сипаттамасы;
-оқытудың ұйымдастыру формалары;
оқыту әдісінің көптілігін (басым жағы)
-үйретушілердің категориялары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет