І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



бет23/26
Дата22.11.2023
өлшемі445.5 Kb.
#484058
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

Стратегиялар тізімі

1. Ой шақыру
2. Негізгі идеяны суреттеу
3. Түртіп алу жүйесі (INSERT)
4. 5 жолды өлең
5. Топтастыру
6. Кубизм
7. Ішіне және сыртына
8. Джиксо –І
9. Сұрақ қою
10. Болжау
11. Өзіңіз үшін жазу
12. Әлемді шарлау
13. Ойлану, жұптасу, пікір алмасу
14. Екі түрлі түсіндірме күнделігі
15. Қарама- қайшылық
16. Әңгіме кестесі
17. Семантикалық карта
18. Венн диаграммасы
19. Болжау кестесі
20. Пікірталас
21. Б.Ү.Ү. (білемін, білгенім, үйренгім
келеді)
22. Еркін жазу
23. Өзара бірін бірі үйрету
24. Галереяға саяхат
25. Нөмірленген кісілер бірге
топтасады
26. Ортадағы қаламсап
27. Ұқсастық пен даралық



28. Джиксо –ІІ
29. Үш қадамды сұқбат
30. Проблемамен саудалас
31. Кезекпен қайталау
32. Жұппен оқу
33. Рубрика құру
34. Араластырыңыз (жұптасыңыз)
35. Интервью алу
36. Қабырғаға қарап оқу
37. Әңгімені бөлісіп жазу
38. Топтастыру
39. Дайындалу
40. Қайта қарау
41. Автордың орындығы
42. Сезімнен шыққан өлеңдер
43. Оқырман семинары
44. Кітап оқу
45. Оқығанды талқылау
46. Сауаттылықты ашатын хаттар
47. Авторға сұрақ қою

Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Шардара, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Кентау, Түркістан аудандарында Шымкент қаласында осы аталған жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізілген.
1. М.М.Жанпейсованың “ Модульдік оқыту технологиясы-
Төлеби ауданының №4, №5, Шымкент қаласының №1, №8, №9, №12, №15, №40 №65, №10, №47, №69, №73, №77, №28, №25, №32 мектептерінде ендірілді.
2. Ф.Вассерманның Биоинформатика және синергетика технологиясы кең қолданыста. Аталған технологияның өзгешелігі оза оқытуға, тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызады. Осы технологияның түрі төмендегі мектептерге ендірілуде.
Шымкент қаласы бойынша: №1, 30, №36, №40.
Төлеби ауданы: №1, №2, №3, №6
Түркістан қаласы: М.Иззатуллаев, С.Сейфуллин, Яссы
Кентау қаласы: №1, №2, №14
Сайрам ауданы: №54, №2, №32, №14, №1
Түлкібас ауданы: Абай, М.Ломоносов, Қазығұрт, Қ.Абдалиев орта мектептері
Шардара ауданы: №1, Ш.Уалиханов, А.Әлімбетов, Ұзын ата, Достық, Сарыағаш, №140, Жәнібеков орта мектептерінде осы технология ендірілуде.
3. Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы”
Отырар ауданы: Жамбыл “Қоғам”, Қалдаяқов орта мектебі
Мақтаарал ауданы бойынша: Гагарин орта мектебі болып табылса, Шымкент №77 орта мектептеріне ендірілді.
4. Т.Ғалиевтің “Тірек схемалары арқылы оқыту технологиясы”
Шымкент қаласы: №1 м\г, №4, №7, №8, №9, №10, №12, №15, №17, №20, №23, №25, №26, №31, “Төржан”, №65


2.2. Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану тәжірибелерінен
Қазіргі жағдайдағы білім беру дегеніміз – бұл оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық потенциалын қалыптастыруға, ғылыми көзқарасы мен жалпы мәдениеттілігін кеңейтуге бағытталған күрделенген оқу бағдарламасы негізге алынған жоғарғы деңгейдегі жалпы білім беретін мекемелерде оқушылардың қалауларына және бейімділіктеріне сәйкес оқытудың мазмұнын, түрін, әдістерін еркін таңдауға жағдай тудырылады(21).
Мектепте білім берудің негізгі принциптері – білім берудің түрін еркін таңдау, оқушының жеке басының сапаларын ескеру, интеллектілік шығармашылық қабілетін, жоғарғы рухани және адамгершілік сапаларын дамыту.
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі кезде қолданысқа енген Ж.Қараевтың дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының өзгешелегі деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады. Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы N47 тарихи гуманитарлық мектептің тарих пәні мұғалімі А.Орынбеков өз іс-тәжірибесінде Ж.Қараевтың Дамыта оқыту технологиясын пайдаланып көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Республикалық Кіші Ғылым академиясына оқушылар даярлап республика көлемінде танылды. Нәтижесінде оқушылары дипломдармен марапатталды. Тарих пәні мұғалімі А.Орынбеков республикаға өз іс-тәжірибесімен танылған. Тағыда айта кететін болсақ Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдері Н.Омарова және А.Торыбаева Ж.Қараевтың дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істейді. Жақсы нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы ұстаздардың бірі. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегілерді кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:

  • өтілетін оқу материалын мұқият оқып-зерттеп, іріктеу, проблемаларды анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;

  • мұғалім оқушыларды білім алуға “сүйремейді”, оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;

  • таңдалған оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру, саралап оқытуды қолдану керек;

  • білімнің біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап, әділ бағалап отыру;

  • сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру;

  • мұғалім тарихи ойлаудың, өзі жасаған қорытындылар мен берген бағалардың дәлелділігін үлгісін көрсетуі, ұстамдылықтың шыдамдылықтың үлгісі болуы, басқаша көқарастарға құрметпен қарауы тиіс;

  • қазіргі уақытта таным үрдісіндегі оқушылардың орны мен ролі өзгереді, олардың жеке жауапкершілігіне қойылатын талап едәуір өсті т.б.

М.Жанпейсованың Модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияның өзгешелігі оқу материалдарын модульге бөліп қарастырады әр модульде үш кезең болады.
І. Кіріспе
ІІ. Диалог
ІІІ. Қорытынды.
Кентау қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Әпет Құралай өз іс-тәжірибесінде М.Жанпейсованың Модульдік оқыту технологиясын енгізген. Өлкетану бағдарламасы бойынша тарихи зерттеу жұмыстарымен айналысып көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты тарих пәніне негіздеген. Облыс көлемінде өзінің іс-тәжірбиесімен танылған.
Түркістан ауданының “Шобанақ” орта мектебінің мұғалімі Абдураимова Аширай химия пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолданып жақсы нәтижеге жеткен. Алдыңғы қатарлы ұстаздардың бірі. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегі кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:

  • өтілетін оқу материалын мұқият оқып зерттеп, іріктеу, проблемаларды анықтап оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;

  • мұғалім оқушыларды білім алуға “сүйремейді”, оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;

  • таңдалған оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру саралап оқытуды қолдану;

  • білімнің, біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап әділ бағалап отыру;

  • сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру;

Қазіргі уақытта таным үлгісіндегі оқушылардың орны мен ролі өзгерді, олардың жеке жауапкершілігіне қойылатын талап едәуір өсті т.б..
Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз. Бұл дегеніміз – Қазақстан экономикасының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша игеруге, оларды мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барынша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігін қажет ететін шикізаттық экономикадан “өңдеуші және өндіруші” экономикаға өту деген сөз.
Ф.Вассерманның “Биоинформатика және синергетика” технологиясыда кең қолданыста. Бұл технологияның өзгешілігі оза оқытуға, тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызады. Шымкент қаласындағы М.Маметова N35 мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Табылдиева өз іс-тәжірибесінде “Биоинформатика және синергетика” технологиясын ендірген. Нәтижесінде оқушылары көптеген жетістіктерге жеткен.
Осындай жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланушылар қатарына Шардара ауданы Ұзын ата орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Бибатырова Гүлсара “Биоинформатика және синергетика” технологиясын пайдаланатынын айтуға болады.
Оқу материалын жүйелілік тұрғысынан құрылымдау тәсілмен оқыту білім мазмұнына жаңаша қарауды, мұғалімнің де, оқушының да шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етіп, оқушыларды жүйелі ойлау білігін қалыптастыратынын көрсетті. Осы тәсілмен бірнеше сабақ өткеннен кейін-ақ оқушылардың ақыл-ой дамуындағы өзгерістер байқалады. Олар өз ойын еркін айтуға, тарихи оқиғаларға түрліше баға беруге, алған білімдерін өмір шындығымен байланыстыруға, оқиғалар арасындағы байланыстарды ашуға, олардың бастыларын айырып көрсетуге, алған ақпаратты әр қырынан қарастыруға ынта білдіре бастайды – дейді ол(22).
Ордабасы ауданы Б.Нұрлыбеков орта мектебінің мұғалімі Исаева Гүлмира орыс тілі пәнін оқытуда білім мазмұнына жүйелеу тәсілін жоспарлы, үнемі қолдану арқылы жақсы нәтижеге жеткен.
Т.Ғалиевтың тірек схемалар арқылы оқыту технологиясы. Бұл технологияның өзгешілігі сонда қашықтан оқыту бағдарламаларының негізінде модульдік принцип салынады. Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық қазақ гимназия мектебі осы технологияны пайдалануда. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Күнтаева, сондай-ақ қолданбалы экономика пәнінің мұғалімі С.Дайырбековтың шәкірттері Оңтүстік Қазақстан аймақтық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар орталығының ұйымдастыруымен өткізілген сайыста жүлделі I орынды иеленсе, информатика пәнінен А.Әлібекова республикалық дистанционды олимпиада да жеңіске жетті
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы – бұл технология бойынша оқушылар сабақ барысында бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте қарастырады.
Бұл технологияның «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу жүйесі», «Венн диаграммасы» т.б. көптеген стартегиялары бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі оқушылар жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы технологияны, Сайрам ауданының №54 мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Бабанова Гүлжахан, Ордабасы ауданы М.Әуезов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда пайдаланса, Балибаев Ахмет Созақ ауданының Ә.Науаи атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануда. Кубизм стратегиясы – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолдану керек. Кубикті 15- 20 см көлемінде жасау керек. Оның әр жағына 6 қырға, 6 тапсырма жазылады.
Мұғалім берліген тақырып бойынша осы процестерді өткізіп 2-4 минут жазғызады. Кубиктің 6 қырына жетік түсінік беру керек. Бір ғана мақсат бар: аса ұтымды талқылап, ой алмасып, ретімен жүргізіп отыруы керек. Ойды ортаға салғанда белгілі ереже жоқ. Білемін. Білгенім. Үйренгім келеді. ББҮ стратегиясы Қорғасын- металл. Химиялық элемент түрі. Қара, ақшыл, балқиды. Ыдыс жасайды. Қорғасын завод оқ жасайды. Білемін – Ауыр металл. Химиялық элемент, балқиды, тасымалданады, зияны да бар. Соғыста оқты көп өндірген ОҚО. Білгенім – көз нашарлайды, зияны тым көп. Үйренгім келеді – нақты қандай зиян келтіреді және оны зиянсыздандыру жолдары бар ма, уланған адамдарға қандай көмек көрсетуге болады және т.б. Оқушылар 5 минут еркін жазады.
Балаларды қорғасыннан уланудан сақтану үшін үкімет қандай қаржылай көмек көрсету керек? Осы сияқты сұрақтар біршама уақыт талқыланады.
Шымкент қаласындағы N25 Т.Рысқұлов атындағы гуманитарлық этнопедагогикалық мектеп-гимназиясы бірнеше жыл бойы жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануда. Оңтүстік Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлерінің біріге отырып, осы жылдың ақпан айында инновациялық білім беру бойынша “Инновациялық технологиялардың тиімділігі” атты семинар өткізіліп, он күндік инновациялық технологияларды меңгеру курсында 34 мұғалім оқытылып, интерактивтік технология, сын тұрғысынан ойлау және PISA әдістемесінің негіздерін теориялық және тәжірибелік бастамаларын мектеп мұғалімдері үйренді. Оқу соңында сынақ тапсырып, куәлік алды.
“Оқытудың жаңа технологиялары мен оқушылардың даму мониторингі” атты семинар-тренинг 5-8 сыныптардағы мұғалімдерге арнап өткізілді. Мұнда дәстүрлі әдістеме жүйесін модернизациялауға әсер ететін инновациялық технология топтарының сипаттамасы түсіндірілді.
Атап айтқанда:

  1. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы.

  2. Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту технологиясы.

  3. Интерактивті технологиялар.

  4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Бұл аталған технологияларды оқу процесінде пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыруға, көпшілікпен қарым-қатынас жасауға, жеке жұмыс жасауды, топпен, ұжыммен жұмыс жасауды білетін өмірге икемді, заман талабына сай, саналы, талапты, дүниетанымы кең, өзіндік ой түйіп, өз көзқарасын жеткізе білетін, оны практикада қолдана алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бейімдейді.
Мектеп практикасында 5-11 сынып аралығында қазақ тілі, география, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша М.М. Жанпейісованың ”Модульдік оқыту технологиясы” бойынша жүргізілуде. 1-4 сыныптары бойынша Ж.Қараевтың “Деңгейлеп оқыту технологиясының” әдістері пайдаланылып жүргізуде.
Ғылыми – зерттеу жұмыстың нәтижесінде Ж.Қараевтың “Дамыта оқыту технологиясы”, М.Жанпейсованың “Модульдік оқыту технологиясы” Т.Ғалиевтың “Тірек схемалар арқылы оқыту технологиясы”, Ф.Вассерманның “Биоинформатика және синергетика” технологиясы, “Сын тұрғысынан ойлау технологиясы” жұмыстарын талдай келе барлық пәндерде бұл технологиялардың маңыздылығы көрсетілді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ, дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

  • өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке тұлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);

  • білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудің бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);

  • білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);

  • білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы үғымды қалпына келтіру (әмір мен еңбек үшін білім алу);

  • оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық және жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру - ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);

Осы тұрғыдан алғанда, білім беру ісіне ашық жүйе түріне көшуге мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары қажет. Бұл мәселе екі жақты қарастырылуы тиіс. Бірінші міңдет білім берудің тактикалық және стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет