Макроэкономикалық үрдістер
Өндіріс (2007 жылғы қаңтар-қазан). 2007 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6135,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,5% артық. Өндіріс көлемі 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде 6,9%, тау-кен өнеркәсібінде 2,9%, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлуде 5,3% өсті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуіне химия өнеркәсібін өндіру көлемінің 30,8%, теріден жасалған бұйымдар және аяқ-киім өндіру көлемінің 30,0%, металл емес басқа да минерал өнімдерін өндіру көлемінің 24,9%, рәзеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемінің 23,0%, машина және жабдықтар өндіру көлемінің 20,9%, ағаш және ағаштан жасалған өнімдер өндіру көлемінің 16,1%, машина жасаудың 10,5%, кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндіру көлемінің 9,2%, сусындарды қосқанда, тамақ өнімдерін өндіру көлемінің 8,2 %, көлік құралдарын және жабдықтар өндіру көлемінің 7,5%, электр жабдықтары, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру көлемінің 6,6%, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінің 5,9%, металлургия өнеркәсібі көлемінің 2,1%, темекі өнімдерін өндіру көлемінің 2,1% ұлғаюы себепші болды. Бұл ретте тоқыма және тігін өнеркәсібі көлемінің 16,8% төмендегені байқалды.
Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің ұлғаюы, негізінен, шикі мұнайдың және жолай газдың 3,5%, агломерирленген темір рудаларын және темір рудалары кесектерін өндірудің өсуі есебінен темір рудаларын өндірудің 3,5% өсуімен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, түсті металдар рудаларын, мыс, тас көмір және лигнит өндіру қысқарды.
Газ күйіндегі отын өндіру мен бөлу көлемінің 10,8%, электр энергиясын өндіру мен бөлу 7,3%, бумен және ыстық сумен жабдықтау көлемінің 1,2% өсуі есебінен электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу 2006 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,3% өсті. Су жинау, тазалау мен бөлу көлемі 1,0% қысқарды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2007 жылғы қаңтар-қазанда 921,0 млрд. теңгені құрап, 2006 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8,5% артты.
2007 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары мен көрсетілген қызметтердің көлемі үстеме бағаны қосқанда 1085,8 млрд. теңге болды, бұл 2006 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 132% артық. Тұрғын үй құрылысына 391,9 млрд. теңге инвестиция (жалпы көлемнің 16%) бөлінді, бұл 2006 жылғы қаңтар-қазанмен
- 39 -
салыстырғанда 1,5 есе көп.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2453 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,1% жоғары. Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 28,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (26,1%), көлік және байланыс (13,5%) өңдеу өнеркәсібі (10%), басым салалар болып табылады.2007 жылғы қаңтар-сәуірде республикада жүк тасымалдау көлемі 2006 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда деңгейі 1731,8 млн. тонна жүкке жетіп, 4,8% өсті. Байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметтердің көлемі 2007 жылғы қаңтар-қазанда 292,0 млрд. теңге болды, оның ішінде халыққа 116,6 млрд. теңге, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырылатын бағаларда тиісінше 33,6% және 32,9% артық. Инфляция және баға (2007 жылғы қазан). Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулерді есептегенде 2007 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда 2,8%, 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,7% жоғарылады. Өндірілген өнімдердің бағасы 3%, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер 1,1% жоғарылады. Түпкі мақсаты бойынша жіктелген өнімдер тобынан өндіріс құралдарының бағасы 4% өсті, тұтыну тауарлары 3% аралық тұтыну өнімінің бағасы 2,9%, жоғарылады.
Инфляция (Қазан 2007ж). Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2007 жылғы қазанда инфляция 4,4% құрады (2006 жылғы қазанда – 0,7%). Азық-түлік тауарларының бағасы – 6,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,5%, ақылы қызмет көрсету 4,2%-ға өсті.Өткен айда азық-түлік тауарлары нарығында көп дәрежеде май және тоң май – 35,4%, оның ішінде күнбағыс майы – 59,1%, ұн – 21,2%, жұмыртқа 11,8%, сүт және сүт өнімдері – 7,8% өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензин - 2,9%, жууға және тазалауға арналған заттар – 1,3% қымбаттады.Халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету 6,7% (негізінен тұрғын үйді жалға алу есебінен - тиісінше 4,8%) қымбаттады. Бұл ретте электр энергиясы 14,0%, орталықтан жылыту – 5,6%, газбен жабдықтау – 5,3% қымбаттады. Ал медициналық қызмет көрсету бағасы және тарифтер - 1,4% қымбаттады. Көлік қызметі - 0,1%, оның ішінде жолаушы теміржол көлігі – 1,0% арзандады.2007 жылғы қаңтар-қазан үшін инфляция 13,4% болды, ол 2006 жылғы тиісті кезеңде - 6,6% болды. Инфляцияның жоғары деңгейде сақталуына осы кезеңде азық-түлік тауарлары бағасының 18,6% (2006 жылғы қаңтар-қазан – тиісінше 4,9% ), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың – 7,3% (6,0%) және ақылы қызметтердің – 11,9% (10,2%) өсуі есебінен болды
- 4 0 -
Монетарлық шолу
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (қазан 2007ж). 2007 жылғы қазанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағаларда 5,4% төмендеп, 17,4 млрд.долл. болды. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспондеттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі және ішкі валюталық нарықтағы валютаның сатылуы таза валюталық қорлардың төмендеуіне әкелді. Осылайша, оның бағасының әлемдік нарықтарда 6,1% ұлғаюы нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 6,4% төмендеді, алтынмен актив 6,1% ұлғайды.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (20,1 млрд. долл.) 2007 жылғы қазанда 1,0% ұлғайып, 37,5 млрд. доллар болды.2007 жылғы қазанда Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің төмендеуі ақша базасының 12,2% тарылуы, 1 502,7 млрд. теңгеге болуына себепші болды.Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 12,3% тарылып, 1498,7 млрд. теңге болды.2007 жылғы қазанда банк жүйесінің таза ішкі активтерінің ұлғаюы салдарынан ақша массасы 2,8% төмендеп, 4351,8 млрд.теңге болды.2007 жылғы қазанда айналыстағы қолма қол ақша 6,0% төмендеп, 724,7 млрд. теңгеге жетті, ал банк жүйесіндегі депозиттер 2,2% төмендеп, 3627,1 млрд. теңге болды. Депозиттердің төмендеуі айысында айналыстағы қолма қол ақшаның қазанда төмендеуі ақша массасының соңғы құрылымындағы үлесінің 82,8%-дан 83,3%-ға дейін ұлғаюына себепші болды.
2007 жылғы қазандағы ақша мультипликаторы ақша массасының төмендеу қарқынының ақша базасының тарылуы қарқынымен салыстырғанда аз болуы салдарынан 2,61-ден 2,90-ға дейін өсті.
Қаржы нарықтарына шолу
Депозит нарығы (2007 жылғы қазан). 2007 жылғы қыркүйекте банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2007 жылғы тамызбен салыстырғанда 2,2% төмендеп (2006 жылғы желтоқсанда 19,7% жоғарылаған болатын), 3682,7 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 1,7% төмендеп, 2289,4 млрд. теңге болды, ал жеке тұлғалардың депозиттері 3,1% төмендеп, 1393,3 млрд. теңге болды.
- 41 -
2007 жылғы қыркүйекте ұлттық валютадағы депозиттер 2,3% төмендеп, 2554,8 млрд. теңге болды, шетел валютасындағы депозиттер 2,0% төмендеп, 1127,9 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2007 жылғы тамызбен салыстырғанда өзгермей, 69,4% құрады.
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары осы айда 3,0% төмендеп, 1405,9 млрд. теңге болды. 2007 жылғы қыркүйекте халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 6,5% төмендеп, 927,4 млрд. теңге, ал шетел валютасындағы депозиттер 4,8% жоғарылап, 478,5 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 68,5%-дан 66,0%-ға дейін төмендеді. Банк депозиттері бойынша ставкалардың динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылғы қыркүйекте банк емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 6,2% (2007 жылғы тамызда 6,6%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 11,0% (10,2%) болды.Кредит нарығы (2007 жылғы қазан). 2007 жылғы қыркүйекте банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы тамызбен салыстырғанда 0,2% төмендеп, 7118 млрд. теңгені құрады.Ұлттық валютадағы кредиттер осы айда 1,9% артып, 4049 млрд. теңгені, ал шетел валютасындағы кредиттер 2,8% азайып, 3069 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2007 жылғы тамызбен салыстырғанда 55,7%-дан 56,9%-ға дейін жоғарылады.Ұзақ мерзімді кредиттер 0,2% төмендеп, 5607,8 млрд. теңгені құрады, ал қысқа мерзімді кредиттер 0,1% төмендеп, 1510,2 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы тамызбен салыстырғанда өзгермей, 78,8% құрады.Қыркүйек айында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,3% төмендеп, 4591,1 млрд.теңге болды, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 0,1% өсіп, 2526,9 млрд.теңге болды. Нәтижесінде жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 35,4%-дан 35,5%-ға дейін жоғарылады.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері қыркүйекте тамызбен салыстырғанда 0,5% төмендеп (жыл басынан бері 69,7% жоғарылап), 1461,2 млрд. теңгені құрады.Салалық бөлуде экономиканың сауда (21,5%), құрылыс (16,7%), өнеркәсіп (9,3%) және ауыл шаруашылығы (3,4%) тәрізді салалары мейлінше көбірек кредиттелуде. 2007 жылғы қыркүйек айында 2007 жылғы тамызбен салыстырғанда жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 17,1%-дан 18,7%-ға дейін, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 13,5%-дан 14,4%-ға дейін жоғарылады.
- 42 -
Валюта нарығы (2007 жылғы қазан). 2007 жылғы қазанда ішкі валюта бағамындағы ахуал тұрақты болды. Осы ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 120,55-120,98 теңге ауқымында өзгерді. 2007 жылғы қазанда теңге 0,06% (жыл басынан бері 4,81%) нығайып, айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 120,89 теңгені құрады.Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы. Қазан айында Қазақстан Қор биржасында биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса есептегенде қыркүйекпен салыстырғанда 42,2% азайып, 3,8 млрд. АҚШ долларын (жыл басынан бері – 62,8 млрд. долл.) құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 37,5% азайып, 7,9 млрд. АҚШ долларын (жыл басынан бері – 125,1 млрд. АҚШ долл.) құрады. Банкаралық ақша нарығы (2007 жылғы қазан). 2007 жылғы қазанда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемі 2007 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,6% жоғарылап, баламасы 3782,9 млрд.теңгені құрады.Орналастырылған банкаралық теңге депозиттерінің жалпы көлемі 14,5% жоғарылап, 220,4 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте орналастырылған банкаралық теңге депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қазанда 8,5%-дан 7,15%-ға дейін төмендеді.Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттердің көлемі қазанда 21,4% жоғарылап, 18,8 млрд.теңгені құрады.2007 жылғы қазанда доллармен орналастырылған депозиттер көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 26,7% өсіп, 26,9 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 86%) құрады.Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,11%-дан 4,86%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте доллар депозиттерінің негізгі бөлігі резидент емес банктерде орналастырылды (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 96,6%).Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (2007 жылғы қазан). 2007 жылғы қазанда Қаржы министрлігі 18,4 млрд. теңгеге 12 айлық МЕККАМ және 2,0 млрд. теңгеге 10 жылдық МЕУЖКАМ орналастырды. Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік инфляция деңгейінен тиісінше 9,29% және 1,0% құрады. Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу 2007 жылғы қазанда 2,7 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 2007 жылғы қазанның аяғында өткен аймен салыстырғанда 3,6% ұлғайып, 495,3 млрд. теңгені құрады. 2007 жылғы қазанда Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2007 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 20,4% қысқарып, 89,2 млрд. теңге болды. Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі қыркүйектегі 5,50 %-дан қазанда 5,61%-ға дейін жоғарылады.2007 жылғы қазанда мерзімді өтеуді қоса алғанда, Ұлттық Банктің ноталарын өтеу
- 43 -
2007 жылғы қазандағы сыйақы төлемдерін қоса есептегенде 202,5 млрд. теңгені құрады.
2007 жылғы қазанның аяғында айналыстағы ноталардың көлемі 2007 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 29,9% төмендеп, 283,6 млрд. теңгені құрады.
2007 жылғы қыркүйекте кері репо операциялары 90,7 млрд. теңгені құрады. Репо операциялары, сондай-ақ Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша операциялар жүргізілген жоқ.
- 44 -
Қазақстан Республикасының банкноттары
Қазақстан Республикасының банкноттары 2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш
- 45 -
элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы
банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.
Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
- 46 -
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.
Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.\
Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.
- 47 -
Қорытынды
Елбасымыз көктемде бір топ қаржыгерлерді қабылдап, инфляцияны ауыздықтауға, сыртқы қарызды шектеуге тапсырма бергені белгілі. Бұл банк жүйесіне, ел экономикасына оң ықпалын тигізіп жатыр деп айта аласыз ба?
– Иә, бұл ретте мемлекет тарапынан қандайда бір әрекеттер жасалып жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ ол — жеткіліксіз. Неге банктер жабылып жатыр? Неге олар банкротқа ұшырап жатыр? Бұл қадағалаудағы кемшіліктің салдарынан, әрине.
Елбасымыз «Сендер қымбат пайызбен ақшаны неге экономикаға жіберіп жатырсындар? Бұл мәселені сендер қалай зерттеп жатырсындар?» деп қаржыгерлерден бірнеше рет сұрады. Алайда оған ешкім түсініктеме берген жоқ, серпіліс байқалмайды. Қазақстанда ақша көп, бірақ несие пайызы қымбат. Ұлттық банк несие пайызы неге қымбат екенін айтпайды. Ал оны білу үшін, ең алдымен, Ұлттық банк осы мәселеге талдау жасауы керек. Неге банктер қымбат несие беріп жатыр? Мүмкін олар соның есебінде өздерінің шығынын көбейтіп, жалақыларын көтеріп жатқан шығар. Мүмкін біреудің несиесін біреудің несиесімен жауып жатқан шығар. Оны зерттеу керек. Сондықтан қадағалау жұмысын белсенді түрде жүргізу керек. Бұл — бір.
Сырттан алған қарызымыз 75 миллиард долларға жетіп жығылады. Ал еліміздің жалпы ішкі өнімі – 78 миллиард доллар. Бұл — сұмдық нәрсе. Ғылымда «егер сыртқы қарыз жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызынан асып кетсе, ол мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» делінеді. Яғни мұндай жағдайда қарызға ақша беріп отырған сырттағыларға бір күнде тәуелді болып қаламыз. Ертең олар «барлық қарызымызды қайтарыңдар» десе не болады?.. Сондықтан қазір осы мәселеге байланысты шара қолданылып жатыр. Бірақ кеш болып кеткен жоқ па?.. Негізі, оны мемлекет 3-4 жыл бұрын қолға алуы керек еді. Ұлттық банктің коммерциялық банктерге заң бойынша несие пайызын белгілі бір деңгейден асырма деуге құқы бар. Оны ешкім істеп жатқан жоқ. Шетелден алынып жатқан қарыздар қайда кетіп жатыр? Тұтынушы несиеге ғана бағытталып жатыр. Қазір елімізде әлемнің ескі-құсқы мәшинелері қаптап кетті. Банктің несие беру саясаты арқылы ескі-құсқы мәшинелерге деген сұранысты арттырып жатырмыз. Осыған неге банк жүйесі араласпайды?
Сол секілді ақша-несие саясатына байланысты құқықтық құжаттың 29-бабында «Қазақстанның Ұлттық банкі несие беруші ретінде соңғы инстанция болып табылады» делінеді. Ал бізде Ұлттық банк коммерциялық банктерге ештеңе бермейді. Оның орнына шетелдік банктер қарыз беріп жатыр. Демек, Ұлттық банктің кейбір
- 48 -
функцияларын шетелдік банктер орындап жатыр. Бұл – мән беретін үлкен мәселе.
-- Сонда қазіргі банк секторының жағдайымен инфляцияны ауыздықтау мүмкін емес пе?
– Қазіргі жағдайда базарда отандық көлемді тауарлар жоқ. Бәрі шетелдікі. Ал банктің рөлі сол, базардағы, дүкендегі тауарды шама келгенше отандық болғанын қамтамасыз ету. Заңда жазылған құралдарды қолданып, отандық тауар шығарушыларға көмектесу керек. Біздегі ақша-несие саясатының өзі әлі шикі. Он жылдан асып кетті, ақша-несие саясаты өзгермей келе жатыр. Тек ақша көлемі ғана реттеледі. Ал өндіріспен байланыстырылып жұмыс істелмейді. Міне, соның салдарынан бізде инфляция түспей отыр, түспейді де. Жылда инфляция 9-10 пайызды құрайды. Ондай инфляциямен халықтың тұрмысы көтеріледі деп айта алмаймын.
Жалпы, біздің банк жүйесі халықтан алға озып кетпеуі керек, артта да қалып қоймауы қажет, өзінің туған халқымен бірге болуы керек. Халықтың жағдайы да, табысы да, қиыншылығы да банк жүйесінің жағдайымен тең болуы тиіс. Сонда ғана біз қарқынды дамимыз.
Пайдаланған әдебиеттер: "Банк ісі” кітабы, авторы: Н.Н.Хамитов; http://www.aikyn.kz/;
- 50 -
Достарыңызбен бөлісу: |