I. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі409 Kb.
#11357
  1   2   3   4





2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті.
I. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері.
2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы қырық жетінші сессиясының №330 шешіміне сәйкес әзірленді.

Сыртқы даму жағдайының әсерін ескере отырып, 2011-2015 жылдарда экономика дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, сондай-ақ қалпына келу кезеңін, экономиканың сапалы және теңгерілген өсім кезеңін болжайды.

Қалпына келу өсуді, экономиканың сапалы және теңгерілген өсімі кезеңін қамтамасыз ету үшін ауданның экономикалық тұрақтылығын, әлеуметтік игілігін және экономикасын одан әрі жаңартуды қамтамасыз ету жоспары іске асырылуда.

Экономикалық белсенділікті ұстап тұруға экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын экономика секторын мемлекеттік қолдау шаралары ықпал ететін болады.

Жоспардағы агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта бизнесті, құрылысты қаржыландыруға қаралған қаржы, ауыл шаруашылығының, өңдеу өнеркәсібінің және қызмет көрсету, оның ішінде сауда және көлік саласының белсенділігін көтеруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ экономикалық белсенділікті ұстап тұруға 2012-2016 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы да ықпал ететін болады. Жалпы алғанда дамудың ішкі әлеуетін толық іске асыру, экономикалық өсудің стратегиялық міндеттерін орындауға бейімделген экономиканың сапалы теңгерімді өсуін қамтамасыз ететін болады.
Индустрия-инновация

«Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес өткен жылы аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 21 жоба ұсынған болатынбыз. Жобалардың жалпы құны 21528,7 млн теңгені (оның ішінде өз қаржысы 3533,1 млн, сұраным қаржысы 17995,6 млн теңге) құрайды. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 2288 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған болатын.

Индустрияландыру картасына енген жобаларға тоқталып өтер болсақ. Олар:

«Арал» сервистік дайындау орталығы: «Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясымен», «Камбала балық» ЖШС-імен бірлесе отырып 2009 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының мұздатқыш цехына сметалық құны 108 млн теңге тұратын қосымша құрылыстар салу арқылы 192 млн теңгеге бағаланған балық өңдеу кешені. Орталық 2010 жылғы қазан айында өткізген тендір бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 90 шақырым (№24 участок) бөлігін иемденіп, квота бойынша жылына 123 тоннаға дейін балық аулауға рұқсат алған. 2010 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастаған орталық осы кезеңде 32 млн теңгенің балық өнімдерін өндірді. Облыс әкімінің қолдауымен 2010 жылы «Оңтүстік қаржы компаниясынан» қаржылық лизингке 17,0 млн теңгеге 5 мұздатқыш агрегатын, 7,2 млн теңгеге автокөліктер алған орталықта бұл күндері 26 жұмысшы-қызметкер тәулігіне 14,4 тонна балық өнімдерін, соның ішінде 2,1 тонна әшекейлеп мұздатылған балық филесін шығаруда. Орталық қазіргі заман талабына сай аналитикалық лабораториямен жабдықталған. Балық өндеу кешені 2011 жылдың 16 шілдесінде балық өнімдерін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне еніп Ресей, Беларус елдеріне өнім шығару құқығына ие болса, қазір ветеринариялық-санитарлық тексеруден өтіп, Евро Одақ елдеріне әшекейлеп мұздатылған балық филесін экспорттауға «Еврокод» алуға талпыныс жасауда.

«Арал құрылыс» ЖШС-і: қиыршық тас, құм, цемент қоспаларынан 7 түрлі құрылыс-бетон бұйымдарын шығарады. Толық қуатына енген жағдайда

тәулігіне 160 шаршы метр темір-бетонын шығара алатын серіктестік өткен жылы «Банк центр кредит» арқылы 35 млн теңге алып, өз қаражаты есебінен 11 888 950 теңге жұмсап, жалпы құны 45 888 950 теңгеге түрлі техникалар алып жаңадан жарақтандырылды. Серіктестікте 25 адам тұрақты, ал жазғы маусымда сұранысқа қарай 60 адамға дейін жұмыс істеп келеді.



«Дана» фирмасына қарасты, «Латон-Маркет» ЖШС-гі Шөміш стансасынан 17 шақырым қашықтықтағы кварц құмының кен орнында жұмыс жасайды. Фирма,қуаттылығы жылына 450000 тонналық тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлауда. Кәсіпорын осы жұмыстарға өз қаражаты есебінен 800,0 млн теңге инвестиция салды. Жобаны іске асыруға әлі де 3700,0 млн теңге көлемінде кредиттік қаражат қажет.

«Қазақстан Даму Банкі», «Ұлттық инвестициялық қор» АҚ-мен бірлесіп, жобаға жасалған барлық сараптамалар бойынша оң қортынды шығарылды. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру схемасы пысықталуда.



«Торжынбай Төре» ЖШС: Қамбаш көлінің жағасынан киіз үйден қонақ жайлар ұйымдастыру жобасы:туризм саласы бойынша инфрақұрылымды дамытып, Қамбаш көлі жағасынан демалыс аймағын ашудың жобалық-сметалық құжаттары мен техникалық- экономикалық негіздемелері дайындалған. Осы мақсатқа Қамыстыбас көлінің жағасынан 494 га жер бөлінген. Бүгінгі күні облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, түбегейлі жопарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу аяқталды. Сыртқы инженерлік жүйелерді жеткізу жобасы әзірленіп, көл жағасындағы демалыс аймағына дейін баратын тас жол салынды.

Арал қаласынан 300 тн көкөніс қоймасын салу жобасы («Арал СЗЦ» ЖШС): жобаның жалпы құны 40,2 млн. теңге. Оның 25,0 млн айналым қорына, 15,0 млн теңгесіне құрал жабдықтар алынады.

Іске асырылған жағдайда жоба он адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 6 жоба ұсынылды. Жобалардың жалпы құны 399,0 млн теңгеге, оның ішінде өз қаражаты есебінен 72,0 млн теңге, сұраным қаржысы 337,0 млн теңге. Жобалар іске асырылған жағдайда 247 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Биылғы жылы индустрияландыру картасына енген «Органикалық (табиғи) тыңайтқыш өндіру зауыты мен жылы жай салу жобасы» бойынша құрылыс салуға «Жан Росс ХХІ-ғасыр» өндірістік кооперативі Арал қаласының шығыс бетінен бір гектар жер тілімін алды. Жобаның жалпы құны 120 млн теңге. Зауыт жұмыс жасаған кезде 60 адам, құрылысты салу кезеңінде 30 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұған дейін республикамызда тыңайтқыш өндіретін бірде-бір орталық болмауына байланысты оның ТМД елдерінен қымбат бағамен әкелінгендігін ескерсек, бұл зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.



«Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша» екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жолымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендерге келсек, жеке кәсіпкер Ж.Бодықов «Нан және ұн өнімдері өндірісі» жобасына БТА Банк АҚ-нан 5 жыл мерзімге 8,4 млн теңге несие алды. Алынған несиеге кәсіпкер нан тасымалдайтын арнайы Газ 3302-1288 маркалы автотранспортын және АN-01 маркалы дизельді электростанциясын сатып алды. Он бір пайызбен алған несиенің 4 пайызын жеке кәсіпкердің өзі төлесе, 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланатын болды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақысыз бизнесті жүргізуде сервистік қолдауға «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС, «Арал құрылысы» ЖШС, «Ранар» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС өтінімдері жолданды.

Кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, бизнесті табысты құру және табысты басқарудың дағдыларын жетілдіру мақсатында «Арал құрылысы» ЖШС –нің директоры М. Кульмырзаев, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-нің директоры Ш. Абдуалиев, «Ранар» ЖШС-нің директоры А. Шуйіншалиевтер «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес мектебінің базасында арнайы бизнес курсынан өтіп келді.
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 17 439 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 720 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 17 491 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 618 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 17 439 теңге.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Аудандық бюджет – жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиiстi мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары.
2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Арал ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.



«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет» Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 шешімімен бекітілді.

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері.
мың. теңге

Атауы

2011 жыл

есеп

2012 жыл

2013 жылға

бекітілген жоспар

2014 жылға

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

Түсімдер

6279714

5637685

6880381

5508980

5508980

1. Кірістер, оның ішінде:

1028452,6

996112

1072291

1023631

1023631

Салықтық түсімдер

998935,3

975107

1002087

985804

985804

Салықтық емес түсiмдер

10477,6

9305

9328

10585

10585

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

19039,7

11700

60876

27242

27242

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

5251261,3

4641573

5808090

4485349

4485349

Субвенция

4084415

4448823

4448823

4485349

4485349

Ағымдағы нысаналы трансферттер

452572,3

192073

647586

0

0

Нысаналы даму трансферттер

714274

677

711681

0

0

Шығыстар

6269357,9

5637685

7153227

5508980

5508980

Шығындар, оның ішінде:
















Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

406881,7

397553

397005

397121

397121

Қорғаныс

3462,6

4424

4424

4734

4734

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1600

1712

1712

1832

1832

Бiлiм беру

4230692,6

4194600

4535198

4266120

4266120

Денсаулық сақтау

204

1080

1080

1157

1157

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiкқамтамасыз ету

407845,4

371214

509579

355403

355403

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

305250,5

97493

755863

60988

60988

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

334589,9

324777

328040

291966

291966

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

105174,7

34565

92212

34585

34585

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17819,4

19549

19549

19393

19393

Көлiк және коммуникация

381406,7

140677

401664

35520

35520

Өзгелер

27481,2

45577

32917

40161

40161

Борышқа қызмет көрсету

0

0

3

0

0

Трансферттер

46949

4464

73981

0

0

Бюджеттік кредиттер

7892

0

33667

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

0

0

Қарыздарды өтеу

143878

6247

1371

0

0


Түсімдері
2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдісімен ауданның орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Аудандық бюджет кірістерін болжамдау кезінде өткен жылдардың салықтық түсімдердің түсу динамикасы, 2011 жылға күтілетін түсімдер және 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет салаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының көбеюі ескерілді.

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2012 жылға – 996112 мың теңге;

2013 жылға – 1023631 мың теңге;

2014 жылға – 1023631 мың теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Облыстық бюджетпен:

әлеуметтік салық бойынша – 90% - аудандық бюджетке;

10% - облыстық бюджетке.
Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар).

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

Кіріс көлемінің болжамы және жергілікті бюджеттердің Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде шығындары есептелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген.

2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңымен бекітілген.

«2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №262 шешімімен 2011-2013 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.


2011-2013 жылдарға Арал ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі
мың. теңге


Атауы

2011 жыл

жоспар

2012 жыл

жоспар

2013 жыл

жоспар

Арал ауданы

4084415

4448823

4485349


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет