Қазіргі таңда аудан бойынша халыққа 1 Мәдениет Орталығы, 5 мәдениет Үйлері мен 24 клуб, 2 халықтық ұжым және 39 кітапхана мәдени қызмет көрсетуде.
2012 жылы аудандық бюджеттен Жыраулар Үйінің материалдық-техникалық жарақтандыруына 3200 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы аудан бюджетінен 4638 мың теңге қаржы қаралып, жергілікті баспасөздер арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсе, 1000 мың теңге көлемінде «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабарлар, арнайы түсірілімдер көрсетілу жоспарлануда.
Мемлекеттік бағдарламалар мен Елбасы Жолдауынан туындайтын басым бағыттарды насихаттау мақсатында аудандық бюджеттен 2500 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге 232 сыртқы көрнекі үгіт-насихат құралдары ілінген.
Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы аудандық бюджеттен 1434 мың теңге қаржы бөлініп, «Ғайберен» қоғамдық бірлестігі арқылы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бірнеше ауқымды тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілді.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларына 872 мың теңге қаржы қаралды. Бұл қаржы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мен діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу шараларына бағытталады.
Ауыл шаруашылығы.
Аудан бойынша 2012 жылға егіс көлемі индикативтік жоспар бойынша 210 гектар болса, ішкі жоспар негізінде 233 гектар жерге егін егіліп толығымен орындалды. Атап айтар болсақ 15 га жерге картоп; 27 га жерге көкөніс; 112 га жерге бақша дақылдары және 20 га жерге; жаңа және, 59 га жерге көне жоңышқа егілді.
Су айдындарындағы балық қорын қорғау ісімен Арал балық инспекциясы айналысады. Он мемлекеттік инспектор тұрақты қызмет істейтін инспекция қазіргі таңда 8 дана автокөлікпен, 6 мото көлікпен, 3 басқылау шағын кемесімен, 5 моторлы жүрдек қайықпен және 3 үрмелі моторлы қайықпен жабдықталған.
Аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 42490 бас мүйізді ірі қара, 127177 бас қой мен ешкі, 18011 бас жылқы және 19951 бас түйе малы бағылып, күтілуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1230 басқа, жылқы 896 басқа, түйе 513 басқа көбейді. Аудан бойынша қолда бар мүйізді ірі қараның 99,9 пайызы, қой мен ешкінің 99,5 пайызы, жылқының 99,8 пайызы және түйе малының 100 пайызы жеке тұлғалардың үлесінде.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген білім, мәдениет, денсаулық, спорт және әлеуметтік сала мамандарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқан негізгі бағыттардың бірі. Ауылдық жерлерге мамандарды тұрақтандыру мақсатында 2012 жылға республикалық бюджеттен 33667 мың теңге қаралды. 2012 жылдың 7 айында 14 маманға 4184600 мың теңге көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алуға 10218 мың теңге несие берілді.
Электрмен жабдықтау
Аудандық бюджеттен 2012 жылға барлығы 95038 мың теңге бөлініп, елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға және абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына бағыттау жоспарланды.
Сондай-ақ, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Ғ.Мұратбаев ауылын абаттандыруға облыстық және аудандық бюджеттерден 272 400 мың теңге қаралып, Ғ.Мұратбаев ауылының 4,9 км көшелерін жарықтандыру, 3 км автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары мен елді мекенді абаттандыру жобалары іске асырылуда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 2012 жылға Қарақұм, Сапақ, Қамыстыбас ауылдық округтерінің көшелерін жарықтандыруға республикалық бюджеттен 5923 мың теңге қаржы қаралды.
Көлік
Аудан тұрғындарын аудан орталығымен, көрші аудандармен және шалғай елді мекендермен байланыстыратын тұрақты 18 көлік қатынасы қызмет атқарады. Оның ішінде ауданаралық 2, қалаішілік 3, 19 елді мекенді көлік қатынасымен қамтып отыр.
Өткен жылы жергілікті маңызы бар М-32 «Самара- Шымкент - Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 165458,0 мың теңге бөлініп игерілді. Бұл жол құрылысын үстеміздегі жылы толық аяқтауға республикалық бюджеттен 161605 мың теңге, облыстық бюджеттен 95076 мың теңге бөлініп отыр. Биылғы жылға да облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 140 млн теңге бөлініп Сексеуіл кентінің көшелері мен ішкі автомобиль жолдары жөндеуден өткізілмекші.
Сумен жабдықтау
«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында біздің ауданымызда да кең көлемді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Себебі, ауданымыздағы елді мекендердің 13-і әлі күнге дейін шахталы құдық суын, ал 9-ы ауызсуды әр түрлі су көздерінен тасымалдап пайдаланып келеді. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келетін «Арал-Сары бұлақ» топтық су құбырына қосу жобасының 5-ші кезеңін аяқтау мақсатында Райым, Ескіұра, Құмбазар, Қызылжар, Шөмішкөл, Бекбауыл, Үкілісай және Ақшатау елді мекендеріне 71,8 шақырымдық сыртқы, 35,6 шақырымдық ауылдардың ішкі құбырларын және 18,6 шақырымдық жеке үйлерге тартылатын сервистік желілерді жүргізу жұмыстары жалғасын табуда. Бұған қосымша биылғы жылы Жақсықылыш кентінің ішкі су жүйесін қайта жанғырту және кеңейту жұмыстарына облыстық бюджеттен 455 402,0 мың теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары жуық арада басталмақшы.
2012 жылға республикалық, облыстық бюджеттен мақсатты трансферттердің және бюджеттік кредиттердің бөлінісі
р/с
|
Атауы
|
Бекітілген жоспар
|
Нақтылан-ған жоспар
(01.08 жағдай бойынша)
|
Орында-
луы
|
Орында-
лу пайызы
|
|
Нысаналы трансферттер түсімдер, барлығы
|
|
|
|
|
I
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер
|
192073
|
650602
|
412872,5
|
63,5
|
|
Республикалық бюджеттен
|
|
|
|
|
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру
|
0
|
80566
|
63264
|
78,5
|
|
Орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға
|
0
|
12291
|
0
|
0
|
|
Жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге
|
0
|
16067
|
5205
|
32,4
|
|
Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге
|
0
|
9077
|
8798,9
|
96,9
|
|
Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға
|
0
|
39353
|
21424,4
|
54,4
|
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру
|
0
|
78156
|
41053,5
|
52,5
|
|
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге
|
0
|
14914
|
7487,8
|
50,2
|
|
Арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізу
|
0
|
3883
|
2627,1
|
67,7
|
|
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік колдау шараларын іске асыру
|
0
|
6227
|
1585,6
|
25,5
|
|
Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу
|
0
|
49515
|
29224
|
59,0
|
|
«Өнірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өнірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру үшін ауылдық (селолық) округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыру
|
0
|
5923
|
3153
|
53,3
|
|
Облыстық бюджеттен
|
|
|
|
|
|
Білім беру ұйымында балалардың құқығын қорғау жөніндегі инспекторды ұстау шығындары
|
872
|
872
|
507
|
58,1
|
|
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің құрған концлагелердің жасы кәмелетке толмаған бұрыңғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРОдағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмек
|
3140
|
3140
|
2508
|
79,9
|
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай еңбек еткен адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек
|
30773
|
61546
|
59533,1
|
96,7
|
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізу
|
140000
|
144306
|
95149,3
|
65,9
|
|
Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру
|
0
|
72031
|
22046,8
|
30,6
|
|
Аудандық мәдениет үйі жаңадан салынған ғимаратқа көшуіне байланысты ұстау шығындарына
|
17288
|
17288
|
13858
|
80,2
|
|
Өнер мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу
|
0
|
35447
|
35447
|
100
|
II
|
Нысаналы даму трансферттер
|
677
|
730909
|
79304,2
|
10,9
|
|
Республикалық бюджеттен
|
|
|
|
|
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, орналастыру және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттер
|
0
|
9800
|
0
|
0
|
|
Самара-Шымкент-Сексеуіл аудандық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту
|
0
|
161605
|
76481,5
|
47,3
|
|
Жақсықылыш кентіндегі сумен қамту жүйесін қайта жаңарту және кеңейтуге
|
0
|
420018
|
0
|
0
|
|
Облыстық бюджеттен
|
|
|
|
|
|
Жақсықылыш кентіндегі сумен қамту жүйесін жаңарту және кеңейтуге
|
0
|
31284
|
0
|
0
|
|
Сескеуіл кентіндегі су құбырын қайта жаңғырту ұзындығы 2,8 км жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге
|
0
|
4100
|
2145,7
|
52,3
|
|
Иженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға
|
0
|
8349
|
0
|
0
|
|
«Самара-Шымкент-Сексеуіл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының жобалық сметалық құжатын түзетіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға
|
677
|
677
|
677
|
100
|
III
|
Кредиттер
|
|
|
|
|
|
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер
|
33667
|
33667
|
10224
|
30,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |