I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#174674
1   2   3
Көлік
Қаладағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу және жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, көше жолдарын техникалар мен жүргізушілер үшін қауіпсіз жағдайда ұстау, уақытылы жұмыстарын жүргізуге бағытталады және жолдардың орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 28 894 мың теңге, қала көшелерінің төлқұжатын дайындауға 29 512 мың теңге, облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есебінен Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби көшесін Сағымбаев көшесінен Батырбаев көшесіне дейін күрделі жөндеуге 913 553 мың теңге қаралған.

Сол сияқты облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есебінен Қызылорда қаласындағы Президент саябағынан Қорқыт ата әуежайының кіріс жолына дейінгі жолды және Қызылорда қаласындағы Жібек жолы көшесін Бөкейхан көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін қайта жаңғыртуға 288 087 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы қалалық мәслихат шешімімен Сүлейменов көшесі Айтбаев көшесінен Шымбай көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6 705 мың теңге; Шымбай көшесі Шевченко көшесінен Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6 146 мың теңге, Торайгыров көшесі Қорқыт ата көшесінен Хон Бен До көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге
18 346 мың теңге, Ақтөбе көшесі Сұлтан Бейбарыс көшесінен Сыр сұлуы көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2 500 мың теңге, Әйтеке би көшесі Желтоқсан көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3 257 мың теңге, Төле би көшесі Яссауи көшесінен Жахаев көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 7 485 мың теңге, 4 көшенің қиылысындағы көліктік жол айрықтарды қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 5 819 мың теңге, барлығы 50 258 мың теңге, автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 57 183 мың теңге, оның ішінде ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына 26 853 мың теңге, 41 көшені орташа жөндеуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 30 330 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 29 сәуірдегі қалалық мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 151 200 мың теңге қаржы азайтылып, төмендегі мақсаттарға бағытталды:

Ақтөбе көшесін Сұлтан Бейбарыс көшесінен Сыр Сылуы көшесіне дейін жол салу құрылысына 44 405 мың теңге, Ипподром аумағында жолдардың қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 3 947 мың теңге, Панфилов көшесі Абай даңғылынан М. Шохай көшесіне дейін 30 000 мың теңге, З. Шүкіров көшесі Бектұрғанов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін 25 348 мың теңге, Ш. Есенов көшесі Абай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін 20 000 мың теңге, Аманжолова көшесі Қорасан ата көшесінен Бекшораұлы көшесіне дейін 12 500 мың теңге, Қөшербаев көшесі Төлеби көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейін 15 000 мың теңге.

2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен 490 022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына У.Аяпов көшесі мен тұйығын қайта жаңғыртуға 27 000 мың теңге;

490 023 000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 18 750 мың теңге, оның ішінде Арай көшесі Әбдіразақов көшесінен Әбдіразақов көшесіне дейін 6 250 мың теңге, Сыр Сұлуы көшесі Сыр Сұлуы көшесінен перинаталды орталыққа дейін (Сыр сұлуы 1, Сыр сұлуы 2) 12 500 мың теңге қаржы қаралды.

2014 жылғы 30 қазандағы мәслихат шешімімен 490 023 000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 14 500 мың теңге қосымша қаржы қаралды.


Жылумен жабдықтау
2014 жылы қалалық бюджеттен коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы жылу желілерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, күрделі жөндеу қажет ететін нысандарға жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 305 032 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы қалалық мәслихат шешімімен аталған қаржыдан 228 050 мың теңге қаржы шегеріліп, басқа шығындарға бағытталды.

2014 жылғы 29 сәуірдегі қалалық мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 50 528 мың теңге қаржы азайтылып, төмендегі мақсаттарға бағытталды:

қала аумағындағы "ЖК-44-3 тен Амангелді көшесіндегі №84, Шүкіров көшесіндегі №29,31 және Скатков көшесіндегі №127 көпқабатты тұрғын үйлерге магистралды жылу жүйелерін қайта жаңғырту" жұмыстарына 50 528 мың теңге.



Сумен жабдықтау
Қала бюджетінен халықты қажетті мөлшерде және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы су құбырларының, су құбыры жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, сумен қамту объектілерінің жағдайын жақсартуға, қалалық лас су бағытталу жүйесінің жағдайын жақсартуға және күрделі жөндеу қажет ететін нысандарға жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 137 173 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы қалалық мәслихат шешімімен Мерей мөлтек ауданындағы № 8 тұрғын үйіне дейін кварталаралық өздігінен ағатын кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9 378 мың теңге қаржы бөлінді.

Талсуат ауылдық округіндегі ауыз су ұңғымасын бұрғылауға жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 1 700 мың теңге қаржы қаралды.

"2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомасын, олардың нысаналы мақсатын сақтай отырып, 2014 қаржы жылында пайдалану (толық пайдалану) мақсатында Қызылорда қаласындағы қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр болатын кәрізді-тазарту ғимаратын кешенді модернизациялау" жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 10 000 мың теңге берілді.

Республикалық бюджеттен даму трансферттері есебінен «2015 жылға дейінгі Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасына 524 770 мың теңге,Қызылорда қаласы Ақжарма округі елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және ауыларалық су жүйелерін жаңғыртуға 73 840 мың теңге, Қызылорда қаласы Ақжарма округі елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және су жинау қоймасының құрылысына 86 801 мың теңге, Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі Абай мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға 171 235 мың теңге, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі Айнакөл елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және ауыларалық су жүйелерін жаңғыртуға 22 328 мың теңге, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі Айнакөл елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және су жинау қоймасының құрылысына 73 651 мың теңге, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі Махамбетов елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға 317 344 мың теңге, барлығы 745 199 мың теңге және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жоғарыдағы жобаларды қоса қаржыландыруға барлығы 82 799 мың теңге бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы қалалық мәслихат шешімімен «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына барлығы 150 887 мың теңге, оның ішінде «Қызылорда қаласы Караөзек ауыл округі Қараөзек ауылындағы су құбыры желілерін кеңейтуге» 61 923 мың теңге, «Қызылорда қаласы Ақжарма округі елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту. Ауыларалық су жүйелерін жаңғыртуға» 35 003 мың теңге, «Қызылорда қаласы Айнакөл елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту. ӘЖ-10кВ алаңнан тыс электрмен қамту желілерінің құрылысына» 52 261 мың теңге, «Қызылорда қаласы Досан ауылының су құбыры желілерінің құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге тиісінше 1 700 мың теңге қосымша қаржы қаралды.



2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен 467 006 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына «Жібек жолы көшесі бойындағы су бағыттау құдығынан бастап С. Бейбарыс көшесіндегі су бағыттау құдығына дейін су жүйесінің құрылысы» жобасының сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 2 481 мың теңге қосымша қаржы қаралды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет