I. 2015-2017 жылдарға арналған Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет1/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#187085
  1   2   3   4




2015-2017 жылдарға арналған Қармақшы ауданының

аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
I. 2015-2017 жылдарға арналған Қармақшы ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» және Қызылорда облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес Қармақшы ауданының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалынып, бекітілді.

Орта мерзімді уақытта аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. 2015-2019 жылдары инвестиция өсімінің қарқыны орта есеппен 100,0 пайызды құрай деп болжамдалуда. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 4 жоба ұсынылып, кеңес шешімімен мақұлданды:

Олар:

1. «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы» - жалпы құны 64,0 млн.теңге. Қазіргі уақытта серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 64,0 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жаңа үлгідегі қуаттылығы ауысымға 150 шаршы метрлік бетон тротуарлық плитка, бордюр шығаратын Германиялық зауытты іске қосты.

2. Ақай ауылдық округінен құны 23,0 млн. теңге құрайтын жеке кәсіпкер Ф.Шенеусізованың «Автоклавтық емес газобетоннан блок дайындау цехын құру» жобасы. Жоба бойынша жер телімін алу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзірлік жасалуда.

3. Жеке кәсіпкер Г.Бертлеуованың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 287,1 млн. теңге.



Кешенде кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, май құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Құрылыс кезінде 45 адам, іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылады.

4. Жеке кәсіпкер Ш.Қарбаевтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 164,9 млн. теңге.

Кешенде кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, май құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Құрылыс кезінде 45 адам, іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылады.

Индустриялық аймақтар туралы. Қармақшы ауданында Жосалы кентінде №1 және №2 Индустриялық аймақ үшін жер учаскелері бөлінді.

№1 және №2 индустриялық аймақтардың жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленген. Тиісті қаражат жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы арқылы бюджеттік өтінім өткізілді. Республикалық қаржының қысқаруына байланысты инфрақұрылымға 2015 жылы қаржы бөлінбеді.

№1 индустриялық аймақтың қажетті инфрақұрылым құрылысының жалпы сметалық құны 121,3 млн.теңге.

№2 индустриялық аймақтың қажетті инфрақұрылым құрылысының жалпы сметалық құны 195,2 млн.теңге.



«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы аймақтық үйлестіру кеңесінің жұмысшы органына осы күнге дейін 3 жоба ұсынылып, кеңестің шешімімен мақұлданды.

Олар: «Мир-2001» ЖШС-гі «Бетон өндірісін жаңғырту және кеңейту» жоба құны-23,0 млн. теңге және жеке кәсіпкер Ниязбаев Серіктің «Балалар ойын алаңының құрылысы» жобасы құны-18,0 млн. теңге, «Асет Транс-Сервис» ЖШС-нің «Жолаушылар тасымалы» жобасы құны-6,2 млн.теңге.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 3 жобаның құжаттары қаралуда.

Олар:


1. жеке кәсіпкер А.Бермағамбетованың «Балабақша құрылысы» жобасы құны 24,0 млн. теңге жаңадан ашылатын жұмыс орны 12 адам. Қазіргі таңда, жобаға банк тарапынан қолдау алынды;

2. жеке кәсіпкер Жүрментаева Асел «Наубайхана жұмысын жаңғырту» жобасы құны 2,5 млн. теңге жаңадан ашылатын жұмыс орны 5 адам;

3. «Нағыман и К» ЖШС, директоры Нағыманов Базарбай «Қонақ үй кешені» жобасы, құны 43, млн.теңге, оның ішінде қосымша несие көлемі 20,0 млн.теңге, ашылатын жұмыс орны 8 адам.

«2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 182 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23 692 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 982 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.



Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары
2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы бюджет кодексіне, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.



«2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №225 шешімімен аудандық бюджет бектілді.

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері
млн. теңге

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

есеп

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

түзетілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

8335,9

5680,7

8377,0

8512,8

5366,1

5136,1

1. Кірістер, оның ішінде:

8039,1

5643,0

8041,3

8177,1

5328,4

5098,4

Салықтық түсімдер

806,5

1152,8

1152,8

1152,8

1308,4

1078,4

Салықтық емес түсiмдер

23,2

4,7

4,7

4,7

5,8

5,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

13,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

7195,9

4479,0

6877,2

7013,0

4007,6

4007,6

Субвенция

4111,7

4068,7

4068,7

4068,7

4007,6

4007,6

Ағымдағы нысаналы трансферттер

1977,8

208,3

1864,4

2000,2

0,0

0,0

Нысаналы даму трансферттері

1106,4

202,0

944,2

944,2

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

24,7

37,7

37,7

37,7

37,7

37,7

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

194,7

0,0

130,8

130,8

0,0

0,0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

77,4

0,0

167,2

167,2

0,0

0,0

 



















Шығыстар

8335,9

5680,7

8377,0

8512,8

5366,1

5136,1

Шығындар, оның ішінде:

7976,1

5628,7

8175,5

8311,3

5328,4

5098,4

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

390,0

439,8

518,7

522,2

700,0

537,5

Қорғаныс

2,4

2,5

2,5

2,5

2,6

2,7

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3,0

1,8

1,9

1,9

2,0

2,1

Бiлiм беру

4187,7

3440,4

5000,7

5000,7

3245,0

3289,9

Денсаулық сақтау

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

550,9

456,4

428,7

485,1

382,9

404,6

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1621,0

644,1

1464,2

1543,7

420,5

281,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

414,1

362,6

424,3

424,3

306,9

314,8

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

298,4

140,1

150,7

150,7

134,2

137,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

43,8

33,4

33,6

33,6

27,8

28,2

Көлiк және коммуникация

361,8

29,3

31,3

31,3

28,6

28,6

Өзгелер

79,7

78,0

74,7

74,7

77,6

70,4

Борышқа қызмет көрсету

0,03

0,04

0,04

0,04

0,04

0,04

Трансферттер

23,0

0,0

43,9

43,9

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттер

194,7

0,0

130,8

130,8

0,0

0,0

Қаржы активтерін сатып алу

140,4

14,3

33,0

33,0

0,0

0,0

Қарыздарды өтеу

24,7

37,7

37,7

37,7

37,7

37,7

Ескерту: 2017 жылға субвенция көлемі болжам болып табылады.

Түсімдері

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2015 жылға – 1164,0 млн. теңге;

2016 жылға – 1320,7 млн. теңге;

2017 жылға – 1090,7 млн. теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуі болжамдалуда.

Облыстық бюджетпен:

жеке табыс салығы бойынша - толығымен аудандық бюджетке (100%);

әлеуметтік салық бойынша – 90% аудандық бюджетке, 10% - облыстық бюджетке
Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

«2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №165 шешімімен 2014-2016 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.

2014-2016 жылдарға Қармақшы ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

2014 жылы – 4111,7 млн теңге;

2015 жылы – 4068,7 млн теңге;

2016 жылы – 4007,6 млн теңге.


Аудандық бюджеттің шығындары
Жоспарланған 2015-2017 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2015 жылы аудандық бюджет 5437,6 млн. теңге көлемінде бекітілді. Республикалық және облыстық бюджетінен мақсатты трансферттердің түсуіне байланысты сомасы 2808,6 млн. теңге және кредиттердің сомасы 130,8 млн. теңге аудандық бюджеттің көлемі 8377 млн. теңгеге нақтыланды.


Сала бойынша 2014 жылғы аудандық бюджеттің шығындары


Сала бойынша 2015 жылғы аудандық бюджеттің шығындары
млн.теңге

ф/г

Атауы

2015 жылға арналған жоспар

Барлық шығындаркөлемінің үлесі,%

бекітілген

түзетілген




II. Шығындар

5628,7

8311,3

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

439,8

522,2

6,3

02

Қорғаныс

2,5

2,5

0,0

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1,8

1,9

0,0

04

Бiлiм беру

3440,4

5000,7

60,2

05

Денсаулық сақтау

0,2

0,2

0,0

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

456,4

485,1

5,8

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

644,1

1543,7

18,6

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

362,6

424,3

5,1

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,0

0,0

0,0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

35,0

150,7

1,8

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

21,0

33,6

0,4

12

Көлiк және коммуникация

284,0

31,3

0,4

13

Өзгелер

25,2

74,7

0,9

14

Борышқа қызмет көрсету

0,0

0,04

0,0

15

Трансферттер

4,0

43,9

0,5

Жыл сайын аудандық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Нақтыланған аудандық бюджеттің шығындарында республикалық және облыстық бюджетінен бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет