I. 5 студенттердің ОҚытушымен біріккен өзіндік жұмысына (собөЖ) арналған әдістемелік нұСҚаулар кредит №1



бет3/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#134229
1   2   3   4

Әдісі: Иммерсиялық ұлғайту аркылы қан жағындысынан қарап, лейкоциттердің жалпы санын анықтау. Жас және жетіліп келе жатқан лейкоциттер түрлерін анықтау. Лейкоздың қай түрі екенін қорытындылау.

2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

1

Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан анализі:

Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%

Моноцит – 2%

ЭТЖ -25мм/сағ

Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері


  1. қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. клиническалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

2

Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.

Қан анализі:

Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%

Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%

Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)


  1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. Клиническалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–. С. 318-324; 335-341.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 379-387.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 92-106.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 293-306

Қосымша:

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2000. С. 335-365.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

2 тақырып. ТАМЫР МЕЖЕҚУАТЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Мақсаты: гипер- және гипотензивті жағдайлардың әртүрінің этиологиясын, патогенезін меңгеру

Оқытудың міндеттері:

  • алғашқы және салдарлық артериялық гипертензиялар мен гипотензияларды зерттеу

  • гипертониялық ауруда жоғарылаған артериялық қысымды тұрақтандыру тетіктерін зерттеу

Жүргізу түрі: тәжірибе жасау, сынамалық тапсырмаларды орындау

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1 тапсырма.

Гипертониялық аурудың қауіп-қатер жайттарын жазу және оларды негіздеу.




Қауіп-қатер жайттарының тізімі

Маңызын анықтап, негіздеу

Гиподинамия




Стресс




Кадмий, қорғасын




Магнийдің тапшылығы




Шу




Созылмалы гипоксия




Ас тұзын артық пайдалану






2 тапсырма.

Эссенциалды гипертензияның патогенездік сызбанұсқасын құру


3 тапсырма.

Бүйректік гипертензияның патогенездік сызбанұсқасын құру (ренопривті және реноваскулалық)


4 тапсырма. Тамыр межеқуатының сызбанұсқасын сараптай отырып, эссенциялық гипертензияның патогенездік емін негіздеңдер.
Таратылатын материал: тақырыптың мультимеди





2

1

3

4

8

5

6

7


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 460 - 471.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 162-169.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 430-447.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 410-418.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 313-317

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 181-190

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 159-195

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-466

  3. Д.Морган, Л.Хеллер. Физиология сердечно-сосудистой системы. – 2000. – СПб

  4. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 512-538.

  5. Textbook of pathology. Harsh Mohan, 3rd edition, Delhi,1998.- P. 295-327.

3 тақырып. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.



эндокринопатиЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ этиологияСЫ МЕН патогенезІ

Мақсаты:

  • Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен негізгі механизмдерін меңгеру

  • Ішкі сөлденіс бездері қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:

  • жүйке жүйесі бұзылыстарының негізгі көріністерін зерттеу (денервация, деафферентация, тежелуден шығып кету синдромдары)

  • патологиялық күшейген қозу генераторының түзілу тетіктерін және оның нейропатологиялық үрдістер дамуындағы маңызы

  • эндокринопатиялар патогенезінде ішкі сөлденіс бездері қызметтерінің бүлінк деңгейлерін анықтап үйрену

Жүргізу түрі: ситуациялық есептер мен сынамалық тапсырмаларды шығару

Тақырып бойынша тапсырмалар:


1 тапсырма.

Жүйке жүйесі қызметінің ақ тышқандарда «камфоралық эпилепсия» дамуына әсерін зерттеу.

Әдісі. Тәжірибеге 3 тышқан алынады. Біреуіне 0.15 мл 5% кофеин ерітіндісін бұлшықетіне енгіземіз. 10 минөт өткен соң барлық үш тышқанға да бұлшықетіне 0.15 мл 20% камфораның майлы ерітіндісін енгіземіз. Кофеин енгізілмеген бір тышқанды эфир наркозымен ұйықтатамыз. Камфора енгізгеннен кейін тышқандарда дамыған қимылдық мазасыздықты, оның әр тышқандағы айқындығын байқаймыз. әртүрлі қимылдық мазасыздықтың даму бірізділігіне назар аударамыз.

Алынған мәліметтерді сараптап, байқалған бұзылыстардың тетіктері туралы қорытынды жасау керек.



2 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару.

1 есеп

Қалқанша безінің дерті бар науқасты радиоиммундық жолмен қан сарысуында тироксиннің (Т4), трийодтирониннің (Т3) және тиреотропты гормонның (ТТГ) деңгейлері анықталды. Қан сарысуында Т4 пен Т3 мөлшері төсендеген, ал ТТГ деңгейі жоғарылаған.

1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?

2. Дерттік үрдіс қайда орналасқан?


2 есеп

Жас және кәрі егеуқұйрықтар тобының қалқанша бездері алынып тасталынды.



    1. Қай егеуқұйрықтарға тиреоидэктомия ауыр тиеді және не себепті?

3 есеп

Иттің екі бүйрек үсті безі де алынып тасталынды. Адреналэктомиядан бір күннен соң онда дерттік өзгерістер (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан соң 3-күні жануар өлді.



  1. Ит не себепті өлді?

  2. Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе, әлде милық қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе?

4 есеп

Ауруханаға 25 жастағы Н. есімді науқас мұрт, сақал пайда болғаны, етеккір орамының бұзылғаны, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ - қолдарындағы ауыру сезімі шағымдарымен келіп түсті. Тексергенде:


  • Терісі жұқа, құрғақ, саны мен іштерінде қоңыр-қызыл жолақтар

  • Бетінде, мойнында, құрсағында, кеудесінде майдың айқын жиналғаны

  • Артериялық қысымы 150/105 мм с.б.

  • Рентгенограммада жамбас сүйектерінде – айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол мөлшері жоғарылағандығы анықталды

    1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді?

    2. Бұл ауру гипофиздің немесе бүйрек үсті безінің дертімен байланыстылығын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізуге болады?

    3. Көрсетілген көріністердің патогенезі қандай?

5 есеп

Ауруханаға 27 жастағы науқас В., әлсіздіктің біртіндеп күшеюі, жұмықа қабілеттігініңтөмендеуі, ұйқысыздық, тәбеттің жоқтығы, жүдеу шағымдарымен келіп түсті. Тексергенде:



  • Іштің ортаңғы сызығы, шынтақтың бүгетін, қолтық асты, ауыздың шырышты қабаты, тіл аймағындағы терісінің түсі қоңыр түсті.

  • Артериялық қысымы 80/60 мм с.б.

  • Бұлшықет тонусы төмендеген

  • Гипокалиемия, гипернатриемия, қандағы қант мөлшері – 3,3 ммоль/л

  • Қанда кортизол, несепте кортикостероидтар мөлшерлері төмендеген

    1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді?

    2. Ауру қалай аталады?

    3. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?

2 тапсырма. Сөзтізбекті шешу



Көлденеңінен:

  1. гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.

  2. құрысуға бейімділік ( гипопаратиреоздың синдромының бірі).

  3. Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.

  4. гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.

  5. май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.

  6. гиперальдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.

  7. аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.

  8. тағамда және суда тапшылығынан эндемиялық бұғау дамитын химиялық элемент

  9. гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром

  10. қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.

  11. балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.

  12. гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.

  13. бүйрек үсті безінің біріншілік және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгісі

  14. балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.

  15. организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай

Тігінен:

  1. гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?

  2. гипопаратиреозда дамитын симптом.

  3. гипертиреозда дамитын аритмия.

  4. әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы

  5. пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.

  6. қалқанша бездің ұлғаюы.

  7. тапшылығы қантсыз диабетті дамытатын гормон.

  8. қантсыз диабеттің бір белгісі

  9. өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.

  10. гиперальдостеронизмде азаятын элемент.

  11. бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….

  12. қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром

  13. гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.

  14. біріншілік гиперальдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….












16




17










1























































2


































3













18










19





























































20



















4












































































24













21




22







23







25










5































6

































































































7

26










































































































8




















































9










27



































































10











































28





































11





























































29

























12































13

































































































14

























15













































ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

1. Патофизиология учебник // СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448

2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 192-228.



Қосымша:

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.

  2. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

4 тақырып. БАУЫР ПатофизиологияСЫ



Сабақтың мақсаты:

1. Бауыр жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру.



Оқыту міндеттері:

  • бауыр жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • бауыр жеткіліксіздігі көріністерінің патогенезін түсіндіре білу

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Гепатиттер, бауыр беріштенуі туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі

  2. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері, патогенезі.

  3. Бауырдың уытсыздандырушы қызметі, тәжірибе жүзінде зерттеу.

  4. Бауырлық кома, патогенезі.

  5. Қақпалық гипертензиялардың түрлері, даму тетіктері.

  6. Гемолиздік, ұлпалық, механикалық сарғыштанулардың этиология мен патогенез

Оқытудың тәсілдері:

Ауызша талдау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет