I. 5 студенттердің ОҚытушымен біріккен өзіндік жұмысына (собөЖ) арналған әдістемелік нұСҚаулар кредит №1



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#134229
1   2   3   4

Есептер шығару. «Бақылау-өлшегіш құралдары» бөлімін қараңыз. Есептер №№ 1-10
КРЕДИТ №2

1 тақырып: НӘРУЫЗ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. АШЫҒУ



Сабақтың мақсаты:

  • нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерін меңгеру


Оқыту міндеттері:

  • нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер факторы екендігін көрсету

  • ашығудың этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын зерттеу

  • эссені конференцияда көрсете білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

  2. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

  3. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

  4. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Гиперкетонемия, патогенезі, салдарлары

  6. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Атеросклероз, сатылары, патогенезі, алдын алу мен емдеу ұстанымдары

  7. Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.

  8. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелер қызметі өзгерістерінің патогенезі.

  9. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

    • №№ 1-6 сұрақтар бойынша пікірталас

    • №№ 7-9 сұрақтар бойынша студенттер дайындаған эсселер бойынша конференция

    • Семіру мен ашығу мәселелері бойынша тыңдалған хабарламаларды талқылап, пікірлеу.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 139 – 156.

  2. Патологическая физиология п/р Н.Н. Зайко, Ю.В.Быця. – М.: «Медпресс – информ», 2004. – С. 269 – 288, 311- 324.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А. Адо, В.И. Пыцкого, Г.В. Порядина, Ю.А. Владимирова. – М.: «Триада-Х», 2000. – С. 210-224.

  4. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 139 – 166, 227-237

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 174 – 188, 214 - 221



Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р В.В Новицкого и Е.Д. Гольдберга. – Томск: «Изд-во Том. Ун-та», 2001. - С. 293 - 314.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология.- т.1, М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2003. - С. 301 – 326.

  3. Клиническая биохимия. Маршалл В. Дж./ Пер. с англ. – М. СПб.: «Издательство Бином» - «Невский Диалект», 2000, с. 24 – 47, с. 212 – 260, с. 301 – 307.

  4. Гринстейн Б., Гринстейн А. Наглядная биохимия. Пер. с англ. – М.: «ГЭОТАР МЕДИЦИНА», 2000. – 119 с.

  5. Патофизиология в рисунках, таблицах и схемах п/р В.А. Фролова, Г.А. Дроздовской, Д.П. Билибина. – М.: «Медицинское информационное агенство», 2003. – 392 с.

  6. Патологическая физиология п/р А.И. Воложина, т.1, М.: «Медицина», 1995. - С. 286 – 294; С. 313 - 325.

  7. Долгих В.Т. Патофизиология обмена веществ. Н. Новгород: «НГМА», 2002. – 152 с.

  8. Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. Второе издание – Алматы: Издательский дом «Наука и жизнь», 2005. – С. 4 –67; 138 – 180.

  9. Жангелова М.Б., Плешкова С.М. Клинические лабораторные исследования (референс диапазоны).Учебное пособие для студентов, интернов и ординаторов. Алматы, 2005.–26с.

  10. Брэгг П.С. Чудо голодания.- Екатеринбург, 1991

  11. Николаев Ю.С. Голодание ради здоровья.- М.Россия. -1988

  12. Бенджамен Г. Популярный справочник естественного лечения «Вегетарианство – здоровье физическое и духовное. М. Педагогика, пресса, 1994

  13. БМЭ, т.4 с.158-160, т. 6, с.875-879, т.17 с. 215-221.

2 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру



Оқыту міндеттері:

  • Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: патогенез тізбектер толтыру

ситуациялық есептер шығару.


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

Артериялық гиперемияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру







2 тапсырма.

Веналық гиперемияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру







3 тапсырма.

Ишемияның гиперемияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру







4 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару.

№ 1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 147- 152.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.. 96 -110

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

3 тақырып. ЖІТІ ҚАБЫНУ ҮРДІСІН ҮЛГІЛЕУ



Сабақтың мақсаты:

  1. Жіті қабынудың этиологиясын, патогенезін меңгеру.


Оқыту міндеттері:

  • Конгейм тәжірибесінде жіті қабынуды үлгілеуді үйрену, қабынулық серпіліс сатыларын (тамырлық серпілістер, лейкоциттер эмиграциясы) тануды үйрену

  • Іріңді экссудатты анықтауды үйрену


Жүргізу түрі. Тәжірибе орындау, нәтижелерін талқылау
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің



эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)

Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, суретін салады

2 тапсырма. Іріңді экссудаттың морфологиялық көрінісін зерттеу.



Әдісі: Іріңді жалқықтың жағындысын Романовский – Гимзе әдісімен бояйды да, оның морфологиялық көрінісін зерттейді. «Іріңді денешіктер» (тіршілігін жоғалтқан лейкоциттер) тіндердің ыдырау бөлшектері, бактериялар бар болса, оларға назар аударады.
Таратылатын материал:

  1. Зертханалық жануарлар: бақалар

  2. Құрал-жабдықтар: микроскоп, бақаны бекітетін тақтайша, инелер, түйреуіштер, көз қысқашы, көз қайшылары, дәкелер

  3. Реактивтер: физиологиялық ерітінді, қолды өңдеу үшін этанол

  4. Көрсетілетін материал. Папка 6-ТС («лейкоциттер эмиграциясының патогенезі», «фагоцитоздың патогенезі», «қабынудың аяқталуы»,

  5. кестелер: 12.3.- лейкоциттер эмиграциясы, 12.4–фагоцитоз сатылары, 12.6-қабынудың жергілікті белшілері

ӘДЕБИЕТ

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 225-242.

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2010. – Б. 27-44

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: «Эффект» баспасы, КазНМУ, 2007.- 110 -128 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 207-234.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  5. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  6. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  7. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

4 тақырып. КЕҢ ТАРАҒАН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ. ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ



Мақсаты:

Кең тараған аллергиялық ауруларының этиологиясы мен патогенезін меңгеру


Оқыту міндеттері:

  • анафилаксиялық шок, бронх демікпесі, сарысулық ауру, Артюс феномені себептері мен даму тетіктерін зерттеу

  • аутоиммундық аурулар туралы болжамдар жасау

  • теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Анафилаксиялық сілейменің этиологиясы мен патогенезі

  2. Бронх демікпесінің этиологиясы мен патогенезі

  3. Артюс феноменінің этиологиясы мен патогенезі

  4. Сарысулық аурудың этиологиясы мен патогенезі


Жүргізу түрі: тәжірибені орындау немесе бейнефильм көру

Тақырып бойынша тапсырма:

1 Тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.



Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз доңызының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді ( 1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз шошқасы өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.

Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек тебінін табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартканда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.


Таратылатын материал:

  1. Лабораториялық жануарлар: теңіз тышқандары

  2. Жабдықтар:теңіз тышқанын бекітетін тақтайшалар, теңіз тышқанының ішін ашуға қажетті саймандар жинағы, піспелер (2, 10 мл).

  3. Реактивтер:жылқы сары суы, қолды өңдеуге арналған спирт.

  4. Көрсетілімдік материал. 6-ТЖ жинағы (суреттер: иммундық жауап, I, II, III, IV түрлі аллергиялық серпілістердің патогенезі, мес жасушаларының түйіршіксізденуі), тақырыптың мультимедиялық көрсетілімі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов. под/ред. Т.П. –Ударцевой, Алматы, 2006. С.- 93-103

  2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 321 - 342.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 164-181.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577

  3. В.И.Пыцкий, И.Н.Андрианова, А.В.Артамосова. Аллергические заболевания. – М.: Медицина, 1991. – 336 с.

  4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

5 тақырып. № 2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ



Екінші кредитке енген практикалық сабақтың, СОБӨЖ, СӨЖ тақырыптары

Мақсаты:

  • Өтілген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау

  • Теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдану дағдысын бағалау

Бақылау міндеті:

  • Өтілген материалдар бойынша білімін бекіту

  • Есептерді шығарғанда ойын жазбаша және ауызша мазмұндауын дамыту

Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

  1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, түрлері, себептері және даму жолдары. Микроциркуляцияның ерекшеліктері.Сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Салдарлары.

  2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері, қанағымының өзгерістері, микроциркуляцияның ерекшеліктері. Сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Салдарлары.

  3. Ишемия, анықтамасы, түрлері, себептері, қанағымының өзгерістері. Микроциркуляцияның ерекшеліктері. Ишемиядағы компенсациялық жолдар. Сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Салдарлары.

  4. Стаз туралы түсінік, түрлері,сипаттамасы. Нағыз капиллярлық стаздың патогенезі. Стаздың салдарлары.

  5. Тромбоз анықтамасы. Тромбтың пайда болуына ықпал жасайтын факторлар. Артериялар мен веналардағы тромбоздың патогенезі, салдарлары. Тромбоздың салдарлары. Теңгерілулік үрдістер: шунттау, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  6. Эмболия, анықтамасы. Эмболдардың түрлері үлкен және кіші қанайналым шеңберіндегі эмболияның салдарлары. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  7. Қабыну, анықтамасы. Этиологиясы. Қабынудың компоненттері. Организм үшін қабынудың маңызы

  8. Қабыну кезіндегі альтерация. Біріншілік және екіншілік альтерация туралы түсінік. Қабыну ошағындағы зат алмасу және физикалық–химиялық өзгерістері.

  9. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну үрдісі дамуындағы маңызы

  10. Қабыну ошағындағы қанайналымның өзгерістері, сатылары және патогенезі.

  11. Экссудация, анықтамасы, патогенезі.Экссудаттың түрлері, сипаттамасы. Экссудаттың құрамына ықпал жасайтын факторлар.Іріңді экссудаттың құрамы және қасиеттері.

  12. Қабыну кезіндегі лейкоциттердің эмиграциясы туралы түсінік, сатылары және даму механизмі. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  13. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму жолдары. Созылмалы қабыну патогенезіндегі ерекшеліктері.

  14. Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.

  15. Аллергия анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, экзо- және эндо аллергендер. Джелл және Күмбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуі.

  16. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.

  17. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.

  18. Аллергиялық әсерленістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.

  19. Аллергиялық әсерленістердің жасушалар қатысуымен өтетін түрі, сатылары, патогенезі.

  20. Сенсибилизация және гипосенсибилизация туралы түсінік, түрлері, даму жолдары.

  21. Дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері

  22. Өспелер анықтамасы, түрлері. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының өсу мен көбею және морфологиялық атипиясының сипаттамасы.

  23. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының биохимиялық атипиясының сипаттамасы.

  24. Өспе жасушаларының антигендік және функционалдық атипиясының сипаттамасы.

  25. Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (инфилтрациялық өсуі, метастаз беруі, қайталануы), патогенезі.

  26. Өспелердің пайда болуында химиялық (экзогендік және эндогендік), физикалық және биологиялық факторлардың маңызы.

  27. Өспе өсу патогенезі (инициация, промоция, прогрессия сатылары).

  28. Қатерлі өспелердің организмге тигізетін әсерлері. Өспе кезіндегі кахексия, патогенезі.

  29. Өспеге қарсы организмнің төзімділігі (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицеллюлярлық). Өспелерді емдеу ұстанымдары.

  30. Қызба, анықтамасы, этиологиясы. Экзогенді және эндогенді пирогендік заттар, сипаттамасы. Қызба кезінде температураның көтерілу патогенезі.

  31. Қызбаның сатылары. Термореттелудің өзгерістері және қызбаның әр сатыларындағы клиникалық көріністері, олардың патогенезі.

  32. Қызба кезінде физиологиялық жүйелер (жүйке, жүрек-қантамыр, тыныс, асқорыту, несеп шығару) қызметтер мен зат алмасу өзгерістері.

  33. Қызбаның организм үшін жағымды және жағымсыз жақтары. Қызуды түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.

  34. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).

  35. Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.

  36. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

  37. Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).

  38. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері

  39. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

  40. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

  41. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

  42. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  43. Гиперкетонемия, патогенезі, салдарлары

  44. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Атеросклероз, сатылары, патогенезі, алдын алу мен емдеу ұстанымдары

  45. Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.

  46. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелер қызметі өзгерістерінің патогенезі.

  47. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері

  48. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары

  49. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  50. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  51. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.

  52. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  53. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  54. І және ІІ түрлі қантты диабет туралы түсінік

  55. Диабеттік синдромның әрбір симптомдарының патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.

  56. Қантты диабеттің асқынуы. Микро – және макроангиопатиялардың патогенезі


Есептер шығару. «Бақылау-өлшегіш құралдары» бөлімін қараңыз. Есептер №№ 11-24

КРЕДИТ № 3

1 тақырып. ЛейкозДАР



Мақсаты:

    • Миело –және лимфопролиферативті синдромдардын этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқытудың мақсаттары:

  • әртүрлі лейкоздардың гемограммаларын сараптай білу

Жүргізу түрі: қан жағындысын зерттеу, гемограммаларды сараптау, ситуациялық есептер шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау

Тапсырма:

1 Тапсырма.

Қан жағындысынан миело- және лимфобласты лейкозды зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет