И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет113/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Өзіндік жұмысты оның субъектінің
іс-әрекеті ретінде анықтау

Өзіндік жұмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тұрғысынан осы құбылыстың неғұрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы көзқарас бойынша өз бетінше жұмыс субъект тарапынан орындалған әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген, құрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша түзетілетін жұмыс ретінде анықталуы мүмкін. Оны орындау өзіндік сана сезімнің, рефлексиялықтың, өзіндік тәртіптіліктің, тұлғалық жауапкершіліктің жеткілікті жоғарғы деңгейін талап етеді, оқушыға өзін - өзі жетілдіру және өзін-өзі тану процесі сияқты қанағаттануды береді.


Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру

Айтылғандардың барлығы арнайы, осы құбылыстың психология-лық табиғатын есепке ала отырып өз бетінше жұмысты қаншалықты мұғалімнің, соншалықты оқушының өзін-өзі ұйымдастыруының қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай ұйымдастыру процесінде оқу пәнінің өзгешелігі назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі және т.б. Сонымен бірге, өзіндік жұмысты ұйымдастыру бірқатар сұрақтарды көтереді, олар оқушының өзінің осы іс-әрекет формасының субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.


Бірінші сұрақ – мектеп оқушыларының басым көпшілігі өзіндік жұмыс атқара ала ма? Көптеген зерттеулердің материалдары көрсеткендей, бұл сұраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар туралы айтпағанда, студенттердің өздері де өзіндік жұмыс атқара алмайтынын көрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өңдеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрақ туындайды: тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз. Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті [243].
Әрине, оқушыларда өзіндік жұмысқа қабілетті қалыптастыру проблемасы (әсіресе, іс-әрекет процесіне және нәтижесіне деген ішкі мотивация), оқу мотивациясын алдын ала көтеру, оқуға қызығушылықты тәрбиелеу проблемасына айналады. Зерттеушілердің атап көрсетуінше, «мақсатты қалыптастыру барысында... танымдық белсенділікпен байланысты түрткілердің барлығы неғұрлым саналанған және әрекетті бола бастайды, олардың оқу іс-әрекетіндегі алдын алушы, реттеуші рөлі күшейеді, оқушылардың мотивациялық саланы қайта құрудағы белсенділігі, оқу жұмысының өз бетінше және йілімді мақсаттарын қоюдағы белсенді тырысулары жоғарылайды, ішкі түрткілердің сыртқы түрткілерден үстемділгі байқалады» [221, 27 б.]. Сонымен бірге, зерттеушілер оқуға деген позитивті мотивациялық өзгерістер, қызығушылықтың қалыптасуы мектеп оқушысының тұтастай тұлғасының өзгеруі, жетілдірілуі нәтижесінде болатынын атап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет