И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет30/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Қорытынды. Анықтауышты бөлшектеңіздер

2. Анықтауыштың мән-мағынасын анықтаңыздар





тек анықтағыш емес



тек анықтағыш



Қорытынды. Анықтауышты бөлшектеңіздер


3. Анықтауыштың жеке, қос немесе таратылған екенін тексеріңіз.



жеке анықтауышпен

қ ос анықтауышпен немесе таратылған анықтауышпен


Қорытынды. Анықтауышты бөлшектемеңіздер

4. Анықтауыштың тұрған орынына назар аудырыңыздар





а нықталатын сөздің алдында

анықтағыш сөздің соңында



Қорытынды. Анықтауышты бөлшектемеңіздер

Қорытынды. Анықтауышты бөлшектеңіздер

Л.Н. Ланда бойынша, алгоритм оңай болғандығынан жақсы түсініліп, барлық оқушылар орындайтын кәдімгі жай әрекеттердің кезектілігі жөніндегі ереже. Алгоритм - бұл осы әрекеттер туралы, олардың қайсысы және қалай жасау керегі туралы нұсқаулар жүйесі. Алгоритмикалық процесс - бұл объект пен әрекеттер (операциялар) жүйесі, ол «ана немесе мына объектте оның белгілі бір элементтерін кезекпен, тәртіппен бөлу» [44, 14 б.]. Оқытуды алгоримизациялаудың бір басымды жағы – осы процесті формализациялау және модельді елесі мүмкіндігі.


Білім беру процесінде басқарудың, бағдарламалаудың басымдылығы ой-еңбегі әрекеттерін сатылап қалыптастырудың психологиялық теориясына негізделген оқытудың бағытында аса толығырақ және теоретикалық негізделген [50]. П.Я. Гальперин «психикалық процестің пайда болу құпиясын ашу» міндетін қойып, яғни материалдық, заттық идеалды, психикалыққа қалай өзгеретінінің құпиясын ашу үшін осы қайта өзгерудің тұтас схемасын әзірледі. Н.Ф. Талызинамен бірлесіп, бұл теория оқыту процесінде іс жүзінде жүзеге асырылды [208]. Оған теоретикалық постулаттар көзі болып отандық психологияда Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев зерттеген келесі ережелер болды [208, 59-63 б.]:

  • әрбір ішкі психикалық - айналған, интериоризацияланған сырттай; психикалық функция алдымен интерпсихикалық, соңынан интрапсихикалық болады (Л.С. Выготский).

  • психика (сана) және әрекеттің мәні бірлік, ол сәйкес келушілік емес (С.Л. Рубинштейн): психикалық әрекет барысында қалыптасады, әрекет психикалықпен реттеледі (бейнемен, оймен, жоспармен);

  • психикалық, ішкі әрекеттің сыртқы, пәндік әрекет сияқты құрылымы бар (А.Н. Леонтьев, Н.Ф. Талызина);

  • психикалық дамудың әлеуметтік табиғаты бар. «Адам индивидтерінің дамуы оған түрлерге бөліну тәжірибесі арқылы берілген ішкі тұқым қуалаушылықты жою жолы арқылы емес, өндіріс құралдарында, тілде бекітілген сыртқы қоғамдық тәжірибені меңгеру жолы арқылы басталған» (А.Н. Леонтьев) [208, 60 б.];

  • психикалықтың, бейненің әрекетшілік табиғаты «оның бірлігі ретінде әрекетті қарастыруға мүмкіндік береді.…Осыдан бейненің қалыптасуын басқару тек олардың көмегі арқылы қалыптасатын әрекеттердің қатысуымен ғана мүмкін деген ой туады» [208, 63 б.].

П.Я. Гальперин оқытудың алдына мүлдем жаңа міндеттер қойды: қалыптасатын кез-келген әрекетті олардың қалыптасуға тиісті қасиеттерінің жиынтығымен баяндау; әрекеттердің дұрыстығын басқару және қателердің алдын алу үшін қажетті және жеткілікті бағдарлар жүйесін әзірлеу. П.Я.Гальперин меңгерілетін пәндік әрекетті екі бөлікке бөлген: оны түсіне білу және оны орындай алу білігі. Бірінші бөлік бағдарлану рөлін ойнайды да бағдарланушылық деп аталады, екіншісі – орындаушылық деп аталады. П.Я. Гальперин бағдарланушы бөлікке ерекше мән берген, оны «басқарушы инстанция» деп санаған, соңынан оны «штурман картасы» деп атаған. П.Я. Гальпериннің және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде:
«…а. Әрекеттермен бірге сезімдік бейнелер мен осы әрекеттердің пәні туралы ұғымдар қалыптасады. Әрекеттердің, бейнелер мен ұғымдардың қалыптасуы бір процестің екі әртүрлі жақтарын құрайды. Сонымен қатар, әрекеттер схемасы мен пәндер схемасы көбінде бір-бірін алмастыра алады, пәннің белгілі қасиеттері әрекеттің белгілі әдістерін анықтай бастайды, ал әрекеттің әрбір буынының соңында оның пәнінің белгілі қасиеттері бар деп саналады.
б. Ақыл-ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да ақыл-ой еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу формасының негізінде пайда болады.
в. Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен немесе өзінің бағыттану бөлігінде ғана көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеттің орындаушылық бөлігі материалдық жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында қозғалыс дағдысына айналады.
г. Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда ақыл-ой жағына көшуі оның пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы беріледі және әрекет формаларының көпретті, тізбекті түрде өзгеруімен көрінеді.
д. Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялауы оның өзгеруінің тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа, сөзсіз болатын және маңыздылығы одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын, оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдері, қарқыны мен күштік көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер біріншіден, кері байланыстың формасы мен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің біріншілері идеалды орындалған әрекеттерді бірдемеге тап қылады, ол барып өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады; екіншілері әрекеттің иімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді» [51, 17 б].
П.Я. Гальперин орындалатын әрекеттердің негізгі сипаттамасы ақыл-парасаттылық деп санаған. Байқап көру және қателесу типі бойынша дәстүрлі оқытумен салыстырғанда П.Я. Гальперин екінші, әсіресе үшінші оқыту типінің басымды жақтарын негіздемеледі, онда оқушы әрекетінің толық бағыттану негізі жүзеге асырылады.
Берілген теория Н.Ф. Талызинаның әзірлеген басқару теориясы позициясынан басқару бағдарламасы ретіндегі оқыту процесін бағдарламалаудың іргетасы болды және П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін жоспарлы қалыптастыру туралы теориясының негізінде Н.Ф. Талызина оқу процесін бағдарламалаудың жаңа бағытының негізгі элементтерін дайындайды. Оның мақсаты – оқушылардың танымдық әрекетінің бастапқы деңгейін анықтау; жаңа қалыптасушы танымдық әрекеттерді анықтау; оқыту мазмұнынын ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтау; бағыттанудың үшінші типі бойынша ауқымды көлемде білім игерудің жалпыланған құралдары ретінде құралдарын анықтау, яғни меңгерудің негізгі бес сатысын анықтау, оның әрбіреуінде әрекеттерге өзіндік талаптар қойылады; әрекеттің алгоритмін әзірлеу (ұсынымдар жүйесі); кері байланыс және оның негізінде үйрету процесін реттеу [208, 79-106 б.].
Бағдарламалаудың осы бағытын жүзеге асыру үшін әрекеттердің жалпы сипаттамасы маңызды болып саналады: формасы бойынша (материалдық, сөйлеуден тыс, «ішінен сөйлеу», ақыл-ойлық); жалпылану дәрежесі бойынша; толық баяндалуы бойынша, әрекеттерді меңгеру сатысы бойынша және ол дайын түрде беріле ме немесе өз бетімен игеріле ме. Әрекетте бағыттанушылық, орындаушылық және бақылаушылық функциялар ажыратылады. Н.Ф. Талызинаға сәйкес, «адамның кез-келген әрекеті басқарудың микрожүйесі болып табылады, оған «басқарушы орган» (әрекеттің бағыттанушы бөлігі), атқарушы, «жұмыс органы» (әрекеттің атқарушылық бөлігі), қадағалаушы және салыстырушы механизм (әрекеттің бақылаушы бөлігі)» [208, 66 б.]. Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастырудың орталық буыны оның бағыттанушы негізі болып табылады, ол толыққандылығымен, жалпылануы мен әрекетті өз бетімен меңгерудің дәрежесімен сипатталады. Әрекеттердің бағыттанушы негізінің үшінші типі, толыққандылық оптиумымен, жалпылануымен, өз беттілігімен ерекшеленіп, ақыл-ой әрекеттерінің аса тиімді қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқытудағы қолданылып жүрген тәсілдерді өзара салыстыра келе, Н.Ф. Талызина бағдарламалаудың бихевиористік теориясымен салыстырғанда ой-еңбегі әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы «аса тиімді құрылымды бағдарламалайды және құрады (танымдық әрекеттер жүйесі)» дейді. Бұл адамның дамуын шын мәнінде басқару. Сол уақытта, С.Д. Смирнов бұл «оқытуға біртіндеп кірісу әрекетін жүзеге асырудың» үлгісі болып табылады дейді [202, 59 б.].

Кәсіптік (жоғары және орта) білім беруде қазіргі уақытта белгілік-контекстік, немесе контекстік оқыту кеңінен жайылған. Бұл оқытуда ақпарат оқу мәтіндері түрінде ұсынылады («белгілік»), ал ондағы орналасқан ақпараттың негізінде құрылған тапсырмалар болашақ кәсіби қызметтің контексін құрады. А.А. Вербицкий бойынша, болашақ кәсіби қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұны оқу процесінде барлық дидактикалық құралдармен, әдістермен үлгіленеді, олардың ішінде негізгі орынды іскери ойын алады. Іскери ойын қазіргі замандағы жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде кеңінен таралған, көпнұсқалы форма екені белгілі. Ойындардың инновациялық, позициялық түрлері (А.А. Тюков); ұйымдастырушы- оқытушы ойындар (С.Д. Неверкович); оқытушы ойындар (В.С. Лазарев); ұйымдастырушылық-ойлау ойындары (О.С. Анисимов); ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар (Ю.В. Громыко) және т.б. А.А. Вербицкий және оның ізін басушылардың тұжырымдамасында іскери ойын оқытушы ойын болып табылады. Бұл таңбалық-контекстік оқытудың формасы, онда оған қатысушылар «жалғанкәсіптік әрекетті» жүзеге асырады, «ондай әрекетте оқудың да еңбектің де нышандары бар» [42, 129 б.]. Іскери ойын белсенді әрекетті оқытудың формасы. Ол мақсаттарды анықтауды (ойындық және педагогикалық; дидактикалық және тәрбие берушілік), ойынның мазмұны және ойындық және имитациялық үлгілердің болуы (А.А. Вербицкий, Н.В. Борисов). Кәсіптік шындықтың дидактикалық жағынан сұрыпталған (жалпылану, қарапайымдау, проблематизациялау) үзінді көрініс табатын имитациялық үлгі студенттердің жалған кәсіптік қызметінің пәндік негізі болып табылады. Ойындық модельдің өзінің құрылымы бар [42, 159 б.], ол төменде келтірілген.




Ойындық модельдің құрылымы



Ойындық модельдің элементтері

Конструктивті тәсілдер
Ойынның мақсаты

Ойындық мақсатты тұжырымдау
Ойынның сценарийі

«Апаттар» жасау
Мінез-құлықтық қарама-қайшылықтар ұйымдастыру
Имитация объектінде процестің іс жүзіндегі уақытына қатысты ойын уақытын қысқарту немес созу
Рөлдер жиыны мен
ойнаушылардың міндеттері

Қызығушылықтары бойынша қарама-қайшы рөлдерді енгізу
Қосарланған рөлдерді енгізу (ойын процесінде рөлдердің ауысуы)
Рөлдің портретін құру
Рөлдерді түрлері бойынша бөлу
Икс кейіпкерін ойынға кіргізу
Ойын құқықтары мен ойыншылардың міндеттерін құрастыру
Ойын ережелері

Ойын ережелерін құрастыру (іс жүзіндегісіне қосымша)
Ойындық құжаттаманың
жиыны

Құжаттаманың ойындық «бумасы»
Тану белгілерін, символдар мен эмблемалар жасау
Графиканы пайдаланып ойын материалдарын рәсімдеу
Бағалау жүйесі

Өлшемдер, балдар жүйесі, бағалау нәтижесін көзбен көру



Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.

Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары: дәстүрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде және ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде), оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекстік оқыту «таза» күйінде, бастапқы нұсқасында сирек жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы басқасының элементтерін қамтиды. Мысалы, ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен белгілік-контекстік оқыту мәселе қоюшылықты, проблемалық тапсырамаларды кіргізеді; дәстүрлі оқыту контекстіліктің элементтерін кіргізеді және т.б.
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп қосылуы білім беру процесінің негізгі сипаттамаларын шығармашы-лықтық тұрғыдан қолдануды шын мәнінде жүзеге асыра алады: оның басқаруға көнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен салыстырылуын, атап айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, бағдарламаланушылық, белсенділік, өз бетімен әрекет жасаушылық және оқушылардың жеке бастарының ерекешеліктерін ескеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет