113
арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру
маңыздылығынан кем
емес (бҧл принциптің мазмҧны әрекеттің жалпы принциптерін тҥсіну
маңыздылығымен байланыса алады);
- мектеп оқушыларының ӛзінің оқуын ӛзіндік сана сезімімен
ҧғынуы. Ол рефлексия, ӛзін оқу субъекті ретінде ҧғынуы (бҧл
принциптің мазмҧны тҧлғалық рефлексияны дамыту, ӛзін-ӛзі реттеумен
байланыса алады);
- барлық оқушылардың дамуы бойынша жҧмыс принципі. Оған
сәйкес, жеке
ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын
дамытуы тиіс, себебі «дамыту оқытудың нәтижесі» (бҧл принциптің
мазмҧны білім беру процесін адамгершіліктендірумен байланысады).
Л.В. Занков жҥйесінің негізгі ерекшеліктері болып:
мектеп
оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бҧл жҥйенің
басты сипаттамасы); оқытудың жҥргізілуінің жоғары деңгейдегі
қиындылығы; оқу материалын ӛтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық
білімдердің ҥлес салмағының кҥрт кӛтерілуі. Оқытуды берілген жҥйесі
ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі
мазмҧны мен жалпы мағынасын анықтауға және тҥсінуге ҥйретеді.
И.И. Аргинская, Н.Я.
Дмитриева, З.И. Романовскаяның және т.б.
«Л.В. Занковтың жҥйесі бойынша оқытамыз» деген еңбектерінде (1991)
Л.В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртҧтас
жҥйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш
сыныптарда оқып ҥйретуде, «біртҧтас
эмоционалдық-эстетикалық
кҥйзеліс» болуы тиіс. Сомдалатын образдың тҧтастығы, оны
қабылдаудың тҧтастығы, мәтінді тҥсіну тҧтастығы меңгеру пәндерін
ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нҥктесі.
Достарыңызбен бөлісу: