И. А. Зимняя педагогикалық психология


Давыдов бойынша дамыта оқыту



Pdf көрінісі
бет65/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Давыдов бойынша дамыта оқыту
 
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жҥйесі оқытудың қазіргі жҥйесіне 
ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша 
қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту кӛп жағдайда жекеден, нақтыдан, 
жалғыздан - ортаққа, абстрактіліге, тҧтасқа бағытталған; жағдайдан, 
фактіден - жҥйеге; қҧбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай 
оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В.В. Давыдов бойыша, 
эмпирикалық деп аталады. Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің 
жҧмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В.В. Давыдов 
оқытудың жаңа жҥйесінің дәстҥрліден кері: жалпыдан жекеге, 
абстрактіліден нақтыға, жҥйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық 
әзірлемелеу мҥмкіндігі туралы мәселе кӛтерді. Осындай оқытудың 


114 
процесінде дамитын баланың ойлауын В.В. Давыдов теоретикалық, ал 
осындай оқытудың ӛзін - дамытушы деп атады. Бҧл жерде В.В. 
Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы ең 
алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмҧны арқылы кӛрінеді деген Л.С. 
Выготский мен Д.Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сҥйенеді, одан 
оқытуды ҧйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты 
негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бҧл жерде «білім» термині 
«абстракция», «жалпылау», «ҧғым» ҥшін ортақ) [63, 129-130 б.]. 
Эмпирикалық білім 
Теоретикалық білім 
1. Білім заттарды, олар туралы 
ҧғымдарды салыстыру барысында 
пайда болады; нәтижесінде оларда 
ортақ қасиеттер бӛлінеді. 
 1. Білім тҧтас жҥйенің ішіндегі 
кейбір ерекшелік қарым-қатынас-
тардың рӛлі мен міндеттерін талдау 
барысында пайда болады, қарым-
қатынастар генетикалық тҧрғыдан 
жҥйенің 
барлық 
кӛріністерінің 
бастапқы негізі болып табылады 
2. Салыстыру барысында заттардың
белгілі бір класқа қатысты бірқатар 
жиынтығы бӛлінеді (олардың ішкі 
байланысын 
ашпай 
ортақ 
қасиеттерінің негізінде).
2.Талдау барысында генетикалық 
бастапқы қатынас, жалпыға ортақ 
негіздеме, біртҧтас жҥйенің мәні 
ашылады.
3. Байқауға негізделген білім, затты 
елестетуде оның сыртқы қасиеттерін 
бейнелейді.
3.Заттарды ойша қайта қҧру ретінде 
пайда болатын білім тҥсінік шеңбе-
рінен «шығып» олардың ішкі қаты-
насы мен байланыстарын бейнелей-
ді. 
4. Ортақ қасиет формалды тҥрде 
ерекше және жеке дарамен қатар 
қойылады.
4. Іс жҥзінде ӛмір сҥретін біртҧтас 
жҥйе 
мен 
оның 
әртҥрлі 
нышандарының 
байланысы
жалпыға ортақ пен жеке дараның 
байланысы ретінде саналады.
5. 
Білімді 
нақтылау 
пәндердің 
берілген класына кіретін мысалдар 
мен 
иллюстрациялар 
таңдаудан 
тҧрады.
5. Нақтылау біртҧтас жҥйенің 
жалпыға ортақ негіздемелерінің 
ерекше және бірегей нышандарын 
бӛліп шығару және тҥсіндіруден 
тҧрады.
6. Білімді зердеге тҥю қҧралы термин-
сӛздер болып табылады.
6. 
Білім 
ақыл-ой 
әрекетінің 
қҧралдарында, содан соң символ-
таңбалық 
қҧралдар 
арқылы 
кӛрінеді.


115 
В.В. Давыдов мазмҧнды абстрагирлеу және жалпылау барысында 
алынатын теоретикалық білімін сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта 
оқытудың негізін қҧрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме және ой-
еңбек әрекетінің жалпыланған тәсілін анықтау және қайта ӛңдеу ҥшін 
барлық қасиеттердің байланысын белгілеу ҥшін салыстыру және қайта 
ӛңдеудің ғана емес анализдің ойлау әрекетінің (сәйкес синтездің де) 
маңыздылығы аталып ӛтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір маңызды 
айырмашылығы - оның қалаптасуы барысында біртҧтас жҥйе ішінде 
жалпыға ортақ пен жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін 
тҥсіну, ол белсенді ойлау әрекетін ҧйғарады (тек қана тҥсінік емес). 
Және ҥшінші, оны да ерекше атап ӛту қажет, - теоретикалық білімнің 
ӛмір сҥру тҥрі. В.В. Давыдовтың теориясында бҧл ең алдымен, ой-
еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша 
тҥсіну, яғни абстрактіден нақтыға - қолданыстағы дидактикалық 
принциптердің басқа, психологиялық тҧрғыдан тҥсіндіруіне негізделеді. 
Мысалы, В.В. Давыдов саналықтың, кӛрнекіліктің, сабақтастықтың, 
ҧғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін 
қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты 
бар екені жӛнінде айтады [61].
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық 
айырмашылықтары 
принципіне 
ӛзгертіледі, 
олардың 
әрбіреуі 
психикалық дамудың әртҥрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден
ҧғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне ӛзгертіледі, ол жаңа 
мазмҧнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмҧнын 
заңда тҧрғыдан білім беруші әсер етуді ҧйымдастыру кӛмегімен 
басқаруға болады». Ҥшіншіден, саналылық принципінің әрекет 
принципі ретінде жаңа мазмҧны бар. Оқушылар бҧл жағдайда 
мәліметтерді дайын тҥрде алмайды, олардың әрекет қҧралы ретінде ӛту 
шарттарын анықтай отырып қана алады. Бҧл ҥшінші принцип (В.В. 
Давыдов, В.В. Рубцов) оқушылардың қайта қҧрушы - қайта ӛндіруші 
әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру ҥшін негіз рӛлін 
атқарды. Тӛртіншіден, кӛрнекіліктік принципін В.В. Давыдов заттық 
принципі ретінде қарайды. Бҧл принципті жҥзеге асыра келе, оқушы 
оның затын анықтап, оны модель тҥрінде ҧсынуы тиіс. Бҧл оқытудың 
қайта қҧрушы - қайта ӛндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бҧнда 
процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық кӛрінісі 
маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмҧнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі 
дамыта оқыту оның қҧрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі 


116 
тиіс. В.В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмҧнын ғана емес, оқу 
әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс 
біліктерді де тҧжырымдайды:
1. « Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, 
оқушылардың оған қарағанда жеке және нақты білімдермен 
танысуының алдында жүреді; соңғысы оқушылар ӛзінің бірыңғай негізі 
ретіндегі жалпы және абстрактіден шағарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін 
білімдерді оқушылар олардың пайда болуының шарттарын талдау 
процесінде меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
3. Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық 
кӛзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім 
объектінің мазмұны мен құрылымын анықтаушы генетикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет