И. А. Зимняя педагогикалық психология


Түрткі – мотивация – мотивациялық аясы



Pdf көрінісі
бет114/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Түрткі – мотивация – мотивациялық аясы 
 
Мотивация белсенділік бастауы ретінде және кез-келген іс-
әрекеттің тҥрткілер жҥйесі ретінде тҥсініле отырып, тҥрлі аспектілерде 
зерттеледі, осыған байланысты оны әр автор тҥрліше тҥсіндіреді. 
Зерттеушілер оны бір нақты тҥрткі ретінде де, тҥрткілердің тҧтас жҥйесі 
ретінде де, және де қажеттіліктерді, тҥрткілерді, мақсаттарды, 
қызығушылықтарды және олардың кҥрделі шырмалануы мен ӛзара 
әрекеттесуін қамтитын ерекше аясы ретінде де қарастырады.
Тҥрткіні тҥсіндіру бҧл тҥсінікті не қажеттілікпен (драйвпен) (Ж. 
Нютенн, А. Маслоу), не осы қажеттілікті бастан кешіру және оның 
қанағаттануымен (С.Л. Рубинштейн), не қажеттілік затымен 
теңестіріледі. Мысалы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы 
контексінде «тҥрткі» термині «қажеттілікті бастан кешіруді белгілеу 
үшін емес, берілген жағдайда осы қажеттіліктің нақтыланатын 
объективтіні білдіреді және іс-әрекет оны тудырушы ретінде не 
нәрсеге бағытталытынын білдіруші ретінде қолданылады». Тҥрткіні 
«затталған қажеттілік» ретінде тҥсіну А.Н. Леонтьев бойынша, оны іс-
әрекеттің ӛзінің қҧрылымына енетін ішкі тҥрткі ретінде анықтауға 
мҥмкіндік беретінін атап ӛтейік.
Тҥрткіні зерттеудегі жетекші зерттеушілердің бірі – Л.И. Божович 
берген анықтама неғҧрлым толық болып табылады. Л.И. Божович 
бойынша, тҥрткі – сол ҥшін іс-әрекет жҥзеге асырылатын нәрсе
«түрткі ретінде сыртқы дүние заттары, елестетулер, мұраттар, 


208 
сезімдер мен уайымдар болуы мүмкін». Бір сӛзбен айтқанда 
қажеттілік ӛзінің іске асуын тапқан нәрсенің барлығы. Тҥрткінің 
мҧндай анықтамасы энергетикалық, ӛзгермелік және мазмҧндық жақта-
ры бірігетін оның тҥсіндірілуіндегі кӛптеген қарама-қайшылықтарды 
шешеді. Сонымен бірге, атап кетейік, «тҥрткі» тҥсінігі енді «мотивация» 
тҥсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты формаларының пайда болуын, 
бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын тұлғаның ӛз 
мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын байланыстыруының 
күрделі механизмі ретінде болады».
Ең кең болып табылатын, тҧлғаның аффективтік, еріктік аяларын 
да (Л.С. Выготский), қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де 
қамтитын мотивациялық аясы тҥсінігі. Жалпы психологиялық контексте 
мотивация кҥрделі бірлестікті, субъектке қажеттіліктер, қызығушылық-
тар, қҧмарлықтар, мақсаттар, мҧраттар тҥрінде кӛрінетін және де 
тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-қҧлықтың 
қозғаушы кҥштерінің бірлігін білдіреді. Сӛздің кең мағынасында
мотивациялық аясы
немесе мотивация осы кӛзқарас тҧрғысынан, тҧлға 
ӛзегі ретінде тҥсініліп, оған бағыттылық, қҧндылық бағдар, ҧстанымдар, 
әлеуметтік кҥтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және 
тағы басқа әлеуметтік-психологиялық мінездемелер топталынады. 
Осылайша, әртҥрлі тҧрғыдан қарастырылғанға қарамастан мотивацияны 
кӛптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-қҧлқын детерминация-
лаушы психологиялық әртекті факторлардың жҥйесі, жиынтығы ретінде 
тҥсінеді деп бекітуімізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет