И. А. Зимняя педагогикалық психология


  тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық



Pdf көрінісі
бет155/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология


тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық 
талдауы педагогтың проективті-рефлексивті 
іскерліктерінің бірлігі ретінде 
 
 
§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы 
 
Сабақтың психологиялық талдауының жалпы сипаттамасы 
 
Педагогикалық іс-әрекет, бҧрыннан белгілі болғандай, тҥрлі 
формаларда жҥзеге асырылуы мҥмкін, солардың ішінде ерекше орынды
оқыту процесінің негізгі ҧйымдастырушы бірлігі - сабақ (дәріс) алады. 
Мҧнда мҧғалім мен шәкірттердің біріккен іс-әрекеті ӛтеді. Сабақ 
талдауы осы іс-әрекетті оған қатысушылардың, ең алдымен мҧғалімнің 
сезінуінің, объективациялауының маңызды тәсілдерінің бірі болып 
табылады. Сабақты талдауға жеткілікті кӛп психологиялық, 
педагогикалық 
және 
әдістемелік 
жҧмыстар 
арналған 
(Т.Ю. 
Андрющенко, Н.Ф. Добрынин, С.В. Иванов, Е.С. Ильинская, И.В. 
Карпов, Ю.Л. Львова, Л.Т. Охитина, Е.И. Пассов және т.б.).
Зерттеушілер сабақ талдауының кӛп объекттілігін, мҧғалім тарапынан 
(оқытушы) педагогикалық ӛзара әрекеттесудің барлық жақтарын, оның 
субъектілері мен олардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке 
алудың маңыздылығын атап кӛрсетеді.
Сабақты мҧғалім (оқытушы) позициясынан қарастырайық, яғни 
сабақтың психологиялық талдауы оның ӛзіне не береді, осындай талдау 
жҥргізу оның оқытушылық іс-әрекетінің тиімділігіне қалай әсер 
ететінін, осы тҧста мҧғалімнің, оқытушының проективті және 
рефлексивті іскерліктері қалай кӛрінетін позициядан қарастырайық. 
Кез-келген сабақ талдауы комплекстік қарастыру болып келеді, мҧнда 
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және пәндік аспектілер бір-
бірімен тығыз байланысты деген қағида бастапқы болып табылады. Осы 
аспектілердің біреуін, мысалға психологиялық аспектіні бӛліп алу, 
шарты тҥрде болады және тек ғана аналитикалық (теоретикалық) 
тҧрғыда ғана қажет.
Тҧтастай оқытуды жақсартуға ықпал ете отырып, сабақтың 
талдауы ең алдымен осы сабақты, дәрісті жҥргізуші мҧғалімнің ӛзін-ӛзі 
тануы, ӛзін-ӛзі дамытуы ҥшін ҥлкен маңызға ие. Мҧндай талдау 
процесінде және нәтижесінде мҧғалім ӛз сабағына сырттан қарауға және 
оны тҧтастай және оның компоненттерін жеке-жеке қайта ойлануға
бағалауға мҥмкіндік алады. Сабақтың психологиялық талдауы 


272 
мҧғалімге ӛзінің оқытуда, сыныппен ӛзара әрекеттесуде пайдаланатын 
тәсілдерін, жҧмыс амалдарын ҧғыну ҥшін ӛз теоретикалық білімдерін 
қолдануға мҥмкіндік береді. Ӛзін педагогикалық іс-әрекет субъекті 
ретінде, ӛзінің мінез-қҧлқын, ӛзінің мықты және әлсіз жақтарын ҧғыну 
мҧғалімнің пәндік-тҧлғалық рефлексия мен проективті-рефлексивті 
қабілеттерінің кӛрінуі мен нәтижесі болып табылады.
Сабақтың психологиялық талдауының пәні кӛп қырлы: бҧл 
мҧғалімнің психологиялық ерекшеліктері (оның тҧлғасының, оның 
нақты сабақ кезіндегі іс-әрекетінің), оқыту процесінің заңдылықтары; 
шәкірт тҧлғасының, жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері 
мен заңдылықтары (белгілі бір білімдерді меңгерудегі, іскерліктер мен 
дағдыларды қалыптастырудағы іс-әрекет). Бҧл, сонымен қатар, мҧғалім 
мен шәкірттердің қарым-қатынас заңдылықтары, психологиялық 
ерекшеліктері, ол оқу пәнінің ӛзгешелігімен, яғни мҧғалім беретін және 
шәкірттер меңгеретін материалдардың ӛзгешелігімен және т.б. 
шартталған (Н.Ф. Добрынин) [70]. Сабақтың психологиялық талдауы 
мҧғалім бойында талдаулық қабілеттерді, жобалаушы іскерліктерді 
қалыптастырады, танымдық қызығушылықтарды дамытады, оқыту мен 
тәрбиелеудің психологиялық проблемаларын ӛз бетінше зерттеудің
қажет екендігін анықтайды. Кҥрделі педагогикалық қҧбылысты бақылай 
алу іскерлігі, оларды талдау, дҧрыс, психологиялық негізделген 
қорытынды жасау мҧғалім ҥшін оның кәсіби-педагогикалық шеберлігін 
жетілдірудің сенімді қҧралы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет