І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет10/21
Дата04.05.2023
өлшемі52.11 Kb.
#473221
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

13. «Қазақ» газеті (А.Байтұрсынов)
«Қазақ» атты қоғамдық және әдеби газет 1913 жылғы 2-ші ақпаннан бастап Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылдан аптасына екі рет шығып тұрды. Таралымы 3000, кей жылдары 8000-ға жеткен. Газеттің бірінші редакторы ірі ғалым, ұстаз, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы болған, екінші редакторы жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов, бастырушы «Азамат» серіктестігі, Хұсайын Кәрімовтың баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Газеттің №1 санында оқырмандарға арналған мынадай ғибратты үндеу жазылған: «Жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі газет. Халыққа газеттің керегі қандай екенін айтып өткеніміз ұнамсыз болмас.
1913 жыдлан бастап Орынбор қаласында Алаш қозғалысының, кейін Алаш партиясының «Қазақ » деген газеті шыға бастады. Бұл газеттін бас редакторы Ахмет Байтұрсынов болса, басушы ретінде- Мустафа Оразбаев болды. «Қазақ» газеті қоғамдағы негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен даму жолдарын сараптап отырды. Газет Алаш партиясының негізгі халықпен байланыс жасайтын органы болды. Газет беттерінде кең көлемді мәселелер талқыланды. Соның ішінде: «Дума мен қазақтар», «Дума және соғыс», «Қазақтар және жер мәселесі», «Білім туралы» т.б. Бұл орган қоғамның өзекті мәселесін талқылау арқылы Алаш партиясының ұстану саясатын көрсете білді.
14. «Түркістан уалаяты», «дала уалаяты»
«Түркістан уалаяты» газеті әуелі баста «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет; оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты» газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлұматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бұл облыстар Түркістан өлкесінің құрамында болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсуін, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет