I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі рөлі


Қаржы-экономикалық өсуді өркендету кепілі



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі483.5 Kb.
#22606
1   2   3   4   5

3.2. Қаржы-экономикалық өсуді өркендету кепілі

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің өр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына эсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипат­талады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.

2. Қоғамның барлық мушелерінің тупкілікті мүлделерін білдіретін қоғам дамуының гылыми негізделген стратегиялық багдарламасын әзірлеу. Бащарлама мемлекет пен оның томенгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады;ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жуйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүнделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;

өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

кәсіпорындардың, үйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, үйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, үйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатысын реттеу;

ел, аймақ, сала, кәсіпорын, үйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржьшық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нөтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мүндай шарттарға мыналар жатады:

а) экономиканы құрылымдық жагынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік

беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы тендігін- жасау негізінде босекені, косіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту женіндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мумкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және өдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалыщ (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және окімшілік реттеу.

Қаржылық реттеудің турлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық, ішіндегі (фирма ішіндегі, көсіпорын, үйым, кор­порация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте -қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта-тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда-сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен өдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (өдістерді) жасады: салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлүмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүлделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), бага (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мелшерлемелері, халықаралық телем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкішаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың берін тегіс қамти алмайды. Ол, өдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.


Қорытынды

Мемлекеттің сатып алу мөлшерінің көбеюі тауарлар мен қызметтерге сұранысты арттырады, бірақ ол пайыздық мөлшерді көтереді, нәтижесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс қысқарады Қаржының функциялары және рөлі

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материалдық және ақша ресурстарын ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

Қаржының бақылау функциясы коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда көрінеді, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы қаржынын ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән обьективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын нақтылы іс-жүзінде пайдалану болып табылады.

Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне тенгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана коймай, сонымен бірге кәсіпорыңдарда, фирмаларда өндіріс рентабелдігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіңдік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңдардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет банк алдындағы қаржы міндеттемелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың есептесу және төлеушілер жөніндегі өзара міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі.

Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді арақатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндык элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:



  • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

  • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

  • қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің арақатынасын қамтамасыз етеді;

  • қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесуі тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

  • қаржы ұлттық экономикада меншіктін сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік тұғызады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты экономикалық процестер барысын реттеуге, оларға ықпал етуге және олардың ағысын алдын ала анықтауға бағытталған шаралар жиынтығын білдіреді.

Экономикалық саясаттың басты мақсаттары:



  • қоғамды еркін дамыту;

  • құқықтық тәртіп;

  • сыртқы және ішкі қауіпсіздік.

Прагматикалық бағдарланған мақсаттар:

  • экономикалық әсу;

  • жұмыспен толық қамтылу;

  • баға деңгейінің тұрақтылығы және ±лттық валютаның нақтылығы;

  • сыртқы экономикалық тепе-тендік.

Экономикалық саясатты таратудың нұсқалары:

  • кейнсиандық;

  • монетаристік.

Инфрақұрьшым - бұл нарықтық экономика сферасы жұмысына қызмет кәрсететін жұйе.

Экономикалық нысандар (мемлекеттің валюта жұйесі, мемлекеттің қаржы жұйесі);

Материалдық нысандар;

Әлеуметтік нысандар.

Экономикаға ықпал етудің әдістері:


  • тікелей (салықтық заңнама, амортизациялық аударымның нормасы, мемлекеттік инвестициялар бойынша бюджеттік орындау тәртіптері);

  • жанама (экономикалық саясат мақсаттарына сәйкес нарықтық қатынас субъектілерінің шешімдер қабьшдаулары үшін мемлекеттің апғышарт жасауы).

7. Қаржьшар - экономика ғылымындағы ең кұрделі санаттардың бірі. Қаржылар - қалыптасу процесінде және ақшалай қаржы қорларын пайдалану кезінде экономикалық қатынасты кәрсететін экономикалық санат.

8. Қаржьшық саясаттың негізгі мақсаты тұтас сұраным мен тұтас ұсынымның араларындағы макроэкономикалық тепе-тендікке жету болып табылады.

9. Салықтар - бұл жеке және заңды тұлғалардан (қаржыны қызмет кәрсетпей алу) мемлекет алатын міндетті тәлемдер.

10. Ақша-несие саясаты - бұл орталық банктің (ОБ) ақша айналымы саласындағы және несиенің макроэкономикалық процеске ықпал ету шараларының жиынтығы.

11. Фискальдық саясат мемлекеттің салықтарды белгілеу және қаржьшарды жұмсау құқығы арқылы тұтас сұранымды реттеуге бағытталған. Фискальдық саясатты Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР үкіметі және Қазақстан Парламенті жұргізеді.

12. Монетарлық саясат ақшалай ұсынымдарды реттеу арқылы аталған мақсаттарға жетуге бағытталған. Монетарлық саясатты ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР үкіметі, ҚР ұлттық банкі анықтайды.



Қолданылған Әдебиеттер тізімі


  1. Экономикалық теория негіздері : оқу құралы. - Алматы: Аркаим, 2003ж.

  2. Гайнуллин Ф.: Экономическая политика. Учебное пособие. /Под редакцией д.э.н. Д.К. Кабдиева. Алматы 1998. – 251с./

  3. Экономика: Учебник / Под ред. АС. Булатова. - Алматы 1997 г.

  4. Экономика. Учебник для экономических академий, вузов и факультетов. Под редакцией кандидата экономических наук, доцента А.С. Булатова. Издательство БЕК. А. 1998.

  5. Статистикалық пресс – бюллетень. № 1. Алматы, 2002 жыл.

  6. Назарбаев Н. А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы, 1997

  7. Пошелюжня Л. Становление рынка государственных ценных бумаг Казахстана // РЦБК № 6, 1999

  8. Пошелюжня Л. Становление рынка государственных ценных бумаг Казахстана // РЦБК № 6, 1999

  9. Финансовые известия, 24 января 2002

  10. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона "Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций" от 15 декабря 2003.

  11. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. - М.: Юристъ, 1997 г.

  12. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000.

  13. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Аламты, 2001 год.

  14. Назарбаев НА. Казахстан - 2030. Алматы, І998.

  15. Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист. 1999, №5.

  16. Шафранов А. Экономический рост как основа повышения эффективности производства // Экономист № 4 1999.

  17. Нуреев Р. Теория развития: кейнсианские модели становления рыночной экономики // Вопросы экономики. 2000 №4.

  18. Нуреев Р. Теория развития: Институциональные модели становления рыночной экономики // Вопросы экономики. 2000, № 6.

  19. Журнал " Финансы и кредит" № 11 2001г. №6, 11 2002.

  20. Арбабаева Г. На заседании правительства было отмечено снижение на­логовых поступлений в бюджет // Panorama. № 11, 19 марта 1999.

  21. Нусупова А. Закономерный провал. // Деловая неделя. - 26 марта 2002 г.

  22. Ежемесячный финансовый журнал «Банки Казахстана» № 1 от 2003 года статья «Основные направления денежно-кредитной политики Национального Банка на 2003-2005 годы», одобрено постановлением Правления НБРК от 16 ноября 2002 года№ 459.;

  23. Конституция Республики Казахстан.

  24. Закон Республики Казахстан «О полдержке и развитии предпринимательства в Республике Казахстан».

  25. Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей. - М.: Прогресс, 2000

  26. Кричевский Р. Л. Если Вы - руководитель. Элементы психологии менеджера в повседневной работе. - М.: Дело, 2001

  27. Меньшиков С. М. Миллионеры и менеджеры. Современная структура финансовой олигархии США. - М., 1998

  28. Мескон М. Х. и др. Основы менеджмента. - М.: Дело, 1999

  29. Мильор Р. Г. Менеджмент: достижение и цели. Управление на основе здравого смысла. Планирование личных действий. - СПб.: ЛИК, 2001

  30. Попов Г. Х. Эффективное управление. - М.: Экономика, 2002

  31. Пронников В. А., Ладанов М. Д. Управление персоналом в Японии. Очерки. - М.: Наука, 2000

  32. Тейлор Ф. У. Научная организация труда. В сб.: Научная организация труда и управление. Под ред. А. Н. Щербаня. - М.: Экономика, 1999

  33. Терещенко В. И. Организация и управление. Опыт США. - М.: Экономика, 1998

  34. Файоль А. Принципы управления. В сб.: Научная организация труда и управления. Под ред. А. Н. Щербаня. - М.: Экономика, 1999

  35. Форрестер Дж. Основы кибернетики предприятия. Перевод с английского. - М.: Прогресс, 1999

  36. Эмерсон Г. Двенандать принципов производительности. - М. - Л., Техника управления, 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет