І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет138/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

толықтауыш дейді. Толықтауыш септеу сұрауларында (неге? кейде? қайда? 
неден? кімнен? қайдан? кіммен? қашан? нені? кімді? кімде? неде? қай кезде?) 
жауап береді. Толықтауыш сөйлемде баяндауышпен байланысты». 
Кәне, бұдан не көреміз? Бұдан Телжанның жазылмайтын шырғалаңға 
түскенін, өзі түскенімен тұрмай, бүтін оқушыларды, оқытушыларды қоса 
түсіргенін көреміз. Өйткені, анықтауышты бір түрлі, толықтауышты бір түрлі 
өлшеумен белгілеген. Анықтауышты мағынасына қарай (сөйлем мүшелерінің 
белгісін, санын, сан ретін анықтайтын cөз деп), белгілейді де, толықтауышты олай 
қылмай, сөйлемнің қай мүшесімен байланысатынына қарай белгілейді 
(баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді деп). Бір сөздің 
өзі әрі баяндауышпен байланысып, әрі баяндауыштың белгісін, санын, сан ретін 
(cан реті деген саны болмай ма екен?) көрсетіп тұрса, Телжанша, ол сөз анықтауыш 
та, толықтауыш та болу керек. Өйткені, белгісін, санын көрсететін сөз анықтауыш 
болу керек те, баяндауышпен байланысқан сөз толықтауыш болу керек. Сондықтан 
жаяу келдім, екі келдім дегендегі жаяу мен екі, келудің белгісі мен санын 
көрсеткендіктен, анықтауыш болу керек. Сонымен қатар, келдім мен 
(баяндауышпен) байланысып тұрғандықтан, толықтауыш та болу керек. 
Кәне, енді қалай адаспасқа болады? Бұл шатағын жеңілдетпек болып, Телжан 
жәрдемге сұрауларды алып келді. Бірақ, сұраудың ұшы-қиыры жоқ қой. 
Сондықтан, сұраудың бәрін келтіре алмаған. Мысалы, неліктен? нендей? сияқты 
сұраулардың көбі жоқ. Сондықтан құстай ұшады дегендегі құстай деген сөз, күн 
ыстық болғандықтан біз суға түстік дегендегі болғандықтан сияқты сөздерді 
анықтауыш пен толықтауыштың қайсысына қосатынын Телжанның өзі білмесе, 
ешкім де білмейді. Өйткені, бұлар анықтауыш деуге де, толықтауыш деуге де сия 
береді (әрине, Телжанша). Телжанның өзі кітабының 75-бетінде күн ыстық 
болғандықтан дегенді анықтауыш бағыныңқы деген. Сұрауына қарасақ немесе 
септеуіне қарасақ, бұл да шығыс жалғаулы сөз сияқты. Толықтауышты 
түсіндіргенде септеу сұрауларына жауап береді дей тұрып, септеудің бірі болған 
ілік жалғаудың сұрауын (кімнің? ненің?) анықтауыштың белгісіне апарып қосқан. 
Сондықтан, біздің мектеп дегендегі біздің деген сөз, Телжанша, анықтауыш та, 
толықтауыш та бола береді. Үйткені, кімнің? ненің? қай? деген сұрауларға жауап 
берсе, анықтауыш болады дейді. Біздің деген сөз бұл арада қай? деген сұрауға 
жауап болып тұр. Сондықтан ол Телжанша анықтауыш болу керек. Сөйте тұрып, 
ол сілтеу сұрауларына жауап берсе, толықтауыш болады дейді. Бұған қарағанда
біздің деген ілік жалғау болғандықтан, толықтауыш та болу керек (Шынында 
Телжанның өзі ілік жалғаулы сөздің қай жерде қандай сұрауға жауап болатынын 
онша айыра алмайтын болса керек, өйткені, кітабының 17-бетінде біздің мектеп 
дегендегі біздің деген сөздің сұрауын қай? деп түсіндіреді де, келесі 18-бетінде 
біздің колхоз дегендегі біздің деген сөздің сұрауын кімнің деп түсіндірмейді). 


Телжанның кітабының айтуына сүйенгенде, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін 
табудың өзі тұрлаусыз. Мысалға толықтауышты алалық. Телжанша, толықтауыш 
баяндауышпен байланыста болу керек. Бұл – бір! Екінші, септеу сұрауларына 
жауап беру керек. Бұл септеу сұрауларының ішінде ілік жалғау жоқ-ақ болсын. 
Кәне, осының бәрін де дұрыс деп-ақ танылды. Сонда осы өлшеумен толықтауышты 
табуға болар ма? Мәселен, бір сөз септеу сұрауларына жауап бере тұрып, өзі 
баяндауышқа байланысты болмаса қайтеміз? Онда мұны анықтауыш демекпіз бе, 
толықтауыш демекпіз бе? Телжанның кітабында бұған жауап жоқ. Ал, бұл мүмкін 
нәрсе. Өйткені, қазақ тілінде септеу сұраулары тек баяндауышқа байланысты сөзде 
ғана болмай, басқа жерде де ұшырап отырады. Мен сенен бұрын келдім дегенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет