І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет146/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
. Қазақ тілі грамматикасының

қосымшаның қызметіндей болады екен. Сондықтан, мұның екі тарауына ат 
қойғанда да, мұндағы қосымшаның екі тарауына қойған атпен ұқсас ат қою керек 
болды. Үйткені, қосалқының бірқатары атқаратын қызметтеріне қарай 
қосымшаның жалғаулары сияқты болады екен де, енді бірқатары қосымшаның 
үстеулері сияқты болады екен. Осы ұқсастық, осы жақындықты бұл категорияға 
қойылған аттардың – терминдердің де көрсетіп тұруы керек болды.
Біріне-бірі ұқсас категорияларды ұқсас аттармен атасақ, терминіміздің өзі тек 
өзінің нендей қызмет атқаратынын ғана көрсетіп қоймай, басқа категорияларға да 
қандай жақындығы, қандай алыстығы барын көрсете кететін болады. Сондықтан, 
қосалқының жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөзді басқа бір сөзбен жалғастыру үшін 
жұмсалатындарын, жалғауыш деп, қосымшадағы үстеуге ұқсас, өзін ерткен сөзге 
тек мағына үстеп қана қоятындарын үстеуіш деп атадық. Үстеуіш пен 
жалғауыштың екеуі бір категорияның негіздері екендігін осы сөздердің өзінің 
формасы – аяғындағы уіш деген буыны көрсетеді де, жалғауыштың жалғауға
үстеуіштің үстеуге жақын екендігін жалға, үсте деген түбірлері көрсетеді. Егер біз 
жұрнақ деген терминді өзгертпеген болсақ, бұл мүмкіншіліктердің бірі де болмас 
еді. Онда қосалқы мен қосымшаның, жалғауыш пен үстеуіштің, үстеу мен 
үстеуіштің арасындағы жақындықтарын терминмен көрсете алмаған болар едік. 
Міне, осы үш түрлі себеп жұрнақ деген терминді тастауға, оның орнына 
жаңа грамматикадағы терминдерді осы мағынада алуға күштеді. 
Сонымен, сөздің шылау мүшелері әуелі қосалқы мен қосымша болып 
айрылады. Онан кейін қосымшалар жалғау мен үстеу болып айрылады, 
қосалқылар жалғауыш пен үстеуіш болып айрылады. 
 
ҚОСАР СӨЗДЕР 
1. «Қос сөз» демей, «қосар сөз» деп неге атадық? 
 
Жаңа грамматиканың бірқатар басқаша келетін жері – қосар сөздерді баяндау 
мен қосарлардың терминдерінде. Алдымен, бұрынғыша қос сөз деудің орнына 
қосар сөздер деп, термин өзгертілген. Оның себебі қазақ тілінде қос деп – қосылып, 
бітіп қалған нәрсені айтады. Қосары жазылмайтын болып, жаңадан қосылмайтын 
болып, әуелден, туа бітісінен қосақталып біткен нәрсені ғана қос нәрсе деуге 
болады. Сондай қосағы жазылмайтын, бір бөлекте сөздер де болады. Соларды қос 
деуге болар еді. Біздің қосар сөз деп отырғанымыз ондай қосағы жазылмайтын 
сөздер емес. Қолдан қосақталып, қолдан ажыратылатын жанды құбылыс. 
Жаңа грамматикада қосар сөздер сөз тудырудың өзгеше бір амалы екендігі 
айтылған. Ондағы 22-параграфта «түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз 
амалы – түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөзді я туынды сөзді өзді-өзін 
қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады»– делінген. Сөйтіп, жаңа граматика 
сөзді қосарынан айтуды, қосымша жалғаған сияқты, сөз тудырудың бір түрлі 
амалы деп түсіндіреді. Сөздердің қосымшалануы бірде болып, бірде болмайтын 
өзгермелі құбылыс болғаны сияқты, қосарлануы да бірде пайда болып, бірде 


ажырап кететін айнымалы нәрсе. Сондықтан, сөздің қосарлануын әлі формадан
қосақталып бітіп қалған формалардан айыру үшін қос сөз деп атағаннан гөрі қосар 
сөз деп атау дұрысырақ болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет