І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет31/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Ф. де Соссюрдің тілге көзқарасы 
Бұл – тіл білімінде әлеуметтік бағыт ұстаған әйгілі Женева мектебі деген 
көрнекті мектептің адамы. Ф. де Соссюр – «синхроническое языкознание» деген 
бағыттың негізін салған ғалым. Аталған бағыт тілдің бір дәуірдегі қалпын ғана 
қарайды. Осы идеяға берілген ғалым әр заманда тіл жүйесі әр басқа болады деген 
жаңсақ көзқараста болады. Оның қателігі тілді еш уақыт өзгермейтін қатып қалған 
зат деген түсініктен туған. Соның нәтижесінде тілтану ілімі «статическое 
языкознание» деген жасанды жолға түседі. Статика – станция деген сөз. Бұл 
көзқарас бойынша, тілдің болмысы көлденеңнен (горизонталь) қарастырылмай, 
тігінен, яғни өн бойын қуалай (вертикаль) зерттелуі тиіс. Мәселен, етістік 
категориясын замандарды қуалай зерттеуге болады. Мұны «диахроническое 
языкознание» дейді. Алдыңғысын, яғни синхронды белгілерді грамматика деп 
қараған. Қазіргі қазақ тілінің барлық құрамды бөлшектерін – дыбысты, 
морфологияны грамматика тексереді деп білген. Оның грамматика тарауына 
лексикология да кіреді, өйткені бір кезеңдегі тіл болған соң лексиканы да қамту 
қажет деп есептеген. Соңғы диахроникалық тіл білімін грамматикадан басқа деп 
түсіндіреді. Сонымен Ф. де Соссюр грамматиканың құрамын фонетика, 
морфология, синтаксис, лексика тараулары деп белгілеген. Демек, ол біздің 
морфологияға кіреді деген категорияларымызды синтаксиске кіреді деп, ал 
синтаксиске кіреді деген объектілерімізді морфологияға (сарфқа) кіреді деуі де 
мүмкін. Мысалы: Мен оқушымын деген тіркестің құрамындағы мен=мын дейтін 
есімдіктердің біріншісін айтқанда екіншісін айтпай немесе екіншісін айтқанда 
біріншісін айтпай қоюға болатыны мәлім. Осы ілгері-кейінділікті Ф. де Соссюр 
синтагма дейді де, бірінші мен екіншіні қосып, синтагма тізбегі деп атайды. Сөйтіп 
Ф. де Соссюрдің синтагмасы дыбыс болсын, басқа болсын қайсысы бұрын, 
қайсысы соң келу тәртібін қарайды. Жоғарыдағы тіркестің екінші сыңарындағы сөз 
мүшелерінің орналасуын синтагма тізбегі деп түсіндіре отырып, оқушымын 
дегендегі морфемдердің тәртібін бұзбасақ қана ол дұрыс ұғым береді, әйтпесе сөз 
болмай шығады, не басқа сөзге айналып кетеді. Демек, мағынасын дұрыс беру 
үшін әуелі «о» дыбысын, одан кейін «қ», одан соң «у» дыбысын тағысын 
тағыларды айту керек. 
Cодан әрі «мен де оқушымын» деген мысал келтіріп, оны ассоциация қатары 
деп түсіндіреді. Өйткені бұлайша тіркескен сөз тәртібінің де өз мағынасы бар деп 
қарайды. Сөйтіп, морфология мен синтаксистің еншілерін бөлгенде, «мын», «мен» 
элементтеріне қатысты пікір білдіреді, яғни оларды морфологияның қарайтын 
объектісі дейді, ал сол сөз бөлшектерінің ілгерлі-кейінді тіркесуін синтаксистің 
объектісіне жатқызып, олардың мағына жағын лексика қарайды деп түйеді. 


Шынында, «мын» жалғауы оқушы сөзін «мен» есімдігіне байлап тұр, сондықтан 
бұл элементтер синтаксистік қатынасқа түскен. Соның нәтижесінде мағыналық 
тұтастыққа ие болған, ал мағына мен форманы өзара ұштастырмай бөлек қарау 
формашылдық болып табылады. Қысқасы Ф. де Соссюрдің көзқарасы динамикалы 
емес, қатып қалған догма, динамика – өзгерісті білдіреді, динамикалық көзқарас та 
даму, өзгеру үстінде болады. 
Ф. де Соссюрдің бір шәкірті осы мәселелерге арнап кітап шығарды, бірақ ол 
да жарытып ештеңе айта алмады. 
Нағыз формашылар (ультра) сөз тіркесін ғана сөйлем дейді. 
А.М.Пешковский «Сөйлем әрі сөз тіркестері» дейді. 
А. В. Богородицкий (логик) фонетика, морфология, синтаксис үшеуі 
грамматикаға кіреді деген, бірақ неге олай екендігін түсіндірмеген. 
Буржуазия тіл мамандары проязык (ата тіл) тұсындағы тіл мен осы күнгі тіл 
бір; о заманда да жіктеулер, септеулер болған, қазірде де бар; тіл әлмисақтан бері 
бар, оның түрлі формалары да сол кезден басталады. Тек кейіннен ағылшын тілінде 
еркектік-ұрғашылық родтар жоқ болып кеткен дейді. Олай болғанда тіл өспейтін 
ілгерлемейтін болып шығады. Бұл қисынның терістігі де осында. Буржуазия тіл 
ғалымдары тілдің бұрынғы қалпын да білмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет