Қ. Ж. Өткен бір сабақта лексиканы грамматикаға кірмейді деуіміздің себебі
не? Олай дейтініміз – грамматика даяр нәрсені қарамайды, ал лексика – даяр
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін біледі, ал
біз солардан құрап аламыз (Алматыдан үй салатын
екі мекемені мысалға
келтіреді). Демек, лексика бұрыннан дербес сөз болып, даяр болып тұрған соң
грамматикаға кірмейді.
Әріп материалы әзір.
Буын материалы әзір.
Сөз материалы әзір.
Шылау таптың материалы әзір. (Жалаңы болсын, жайылмасы болсын).
Грамматика сөз құраудың (речь) техникасын, әдісін қарайды.
Морфология лексиканың керегін, синтаксистің керегін құрайды. Осы
екеуінің керегін құрайтын морфология,
екінші сөзбен айтқанда, сөз бұйымының
жасалу техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды (а/ж).
Фонетика синтаксис пен морфологияға және лексикаға керек; осы үшеуінің
қызметін атқарады (
аз – ас мысалынан лексиканың керегін өтегенін білеміз;
ат пен
+
ет сөздеріне жалғанғандар қандай тұлғада болып келеді, соны қарайды);
фонетика дыбыстардың ұстасу амалын қарайды, демек
морфологияның міндетін
қарайды, фонетика синтаксисті де қарайды (
бара алмады деген екі сөздің
жапсарын жаба айтудан бір түрлі, аша айтудан екінші түрлі синтаксистік тіркес
(мағына) пайда болады; осылай айтқанда оның бір мүше екендігі, не екі мүше
екендігі белгілі болады. Сөздердің жапсарын жаба айту мен аша айту –
синтаксистік қасиетін тану болып табылады).
Морфо = форма (морфо – грек сөзі, форма – латын сөзі).
Фонема бір сөзді екінші сөзден айыру үшін керек.
Айыруға жарағандықтан
оны бұйым дейміз. Фонема дыбыстың ұсақ элементтерінен жасалады. Бір
дыбыстың өзі түбір құрамында фонема болып, қосымшада фонема
болмайтындығын да ескеруіміз керек.
Лексика етік, етікші сөздерінің қалай жасалғанын қарамайды. Сондықтан
ол грамматикаға да кірмейді, тек даяр материалды ғана қарайды.
Тегінде
материалдың сыр-сипатын қарайтын ілім – технология; сондықтан сөз жасау
технологиясын қарайтын ілімді грамматика десе де болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: