Демек, грамматиканың арқасында сөздердің
жақындығын да біліп отырмыз
(Қ. Жұбанов коммуникацияны түсіндіргенде алдымен осыларды айтқан).
Этимология әр сөздің тарихын қарайды (
Айлан – әйлеңкес = кес парсының
қосымшасы).
Арбакеш, пайдакес дегендегі
кес те осы
кес. Осы:
-ол+сол деген екі
сөзден құралған. Мұндағы «
о» = ол, «
с» = сол.
Грамматиканы кім, қалай жазған
И. Я.
Яковлев әуелі синтаксисті, одан соң морфологияны,
одан кейін
дыбыстарды баяндау тәртібімен жазған. Олай жазу себебі тіл категорияларының
сол ретпен
пайда болғандығынан емес, ол тек үнді-еуропа ғалымдарының бөркін
теріс айналдырып кигендігі ғана болатын.
А. Б. Шапиро
әуелі сөйлем одан кейін дыбыс, одан кейін сөзді баяндау
тәртібімен жазған. Қырым татарлары да осы жолмен жүрген.
Қ. Жұбанов фонетикадан бастап жазған. Себебі ол фонетиканы етікшінің бізі
сияқты қару етіп пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: