Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Көрсеткіші: құлақтағы қабыну процесі Дайындаңыз



бет9/26
Дата05.05.2024
өлшемі54.45 Kb.
#500586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
стандарттар 2023 (2)

Көрсеткіші: құлақтағы қабыну процесі
Дайындаңыз: стерильді: көз тамызғышы, мақта шариктері, дәрілік заттар,мақта турундалар, қысқыш, резеңке қолғап, 50-60°С суы бар лоток, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.
2. Дәрі-дәрмекті жарамдылығын (атауын, концентрациясын, сақталу мерзімін оқыңыз) және тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
4. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.
5. Дәрілік затты 36-37°С су моншасында жылытыңыз.
6. Нәрестені үстелге ауырып жатқан құлағы жоғарыда болатындай етіп бір жағына қарай жатқызыңыз (үлкен балаларды орындыққа отырғызуға болады).
7. Есту жолдарын мақта турундаларының көмегімен бөлінділерден тазартыңыз.
8. Оң қолыңызға тамызғышты алып, ішін толтырып, тамшының температурасын тексеру үшін білектің сыртқы жағына бір тамшы тамызыңыз.
9. 2 жасқа дейінгі балаларға сол қолыңызбен сырғалығын артқа және төмен тартыңыз, ал 2 жастан асқан балалардың сырғалығын артқа және жоғары тартыңыз.
10. Дәрілік заттың 5-6 тамшысын есту жолдарының сыртқы қабырғасына тамызып, бірнеше рет құлақ төмпешігін басыңыз.
11. Сыртқы құлаққа мақта тампонын салып қойып, анасына осындай қалыпта 15-20 минут ұстап тұру қажеттігін түсіндіріңіз. Одан соң құлақты кептіріңіз.
12. Қолданылған мақта шариктері мен жгуттарды КБУ-ға тастаңыз, қысқыш пен тамызғышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
13. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

4.10. Стандарт «Шала туылған баланы асқазан зонды арқылы тамақтандыру»
Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру
Көрсеткіші: сору және жұту рефлекстерінің болмауы, жаңа туған нәрестенің аурулары (асфиксия, туылған кездегі бас сүйегінің жарақаттары, гемолитикалық аурулар).
Дайындаңыз: стерильді полиэтиленді асқазан зонды, 20 мл шприц, салфетка, резеңке баллон, қолғап, бетперде, 37 – 38°С жылытылған ана сүті , 40 – 60°С суы бар лоток, лейкопластыр , КБУ, дезинфекциялық ерітінді, қысқыш, ветошь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет