Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Ерте жастағы балалардың дем алу жиілігін санау»



бет15/26
Дата05.05.2024
өлшемі54.45 Kb.
#500586
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
стандарттар 2023 (2)

4.15. Стандарт «Ерте жастағы балалардың дем алу жиілігін санау»
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: бақылау
Дайындаңыз: секундомері бар сағат, температура парағы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріп, жылытыңыз.

  3. Баланы жатқызыңыз, кеуде торының алдыңғы бөлігін және ішін босатыңыз (емшек жастағы баланың дем алу жиілігін ұйқтап жатқан кезінде санаған жөн).

  4. Бір минут көлемінде кеуде торының және ішінің қимылын бақылаңыз.

  5. Егер көзбен бақылау қиын болса, дем алу түріне қарай қолыңызды кеуде торына немесе ішіне қойып, бір минуттағы тынысын санаңыз:

  • 1 жасқа дейінгі балаларда – ішпен дем алу;

  • 1-2 жастағы балаларда – аралас дем алу;

  • 3-4 жастағы балаларда – кеудемен дем алу;

  • қыздарда – ішпен дем алу;

  1. Температура парағына нәтижесін жазыңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: ерте жастағы балалардың дем алуын санаған кезде фонендоскоп қолдануға да болады.

Дем алу жиілігі:

  • жаңа туылған балаларда – минутына 40-60 рет;

  • шала туылған балаларда – минутына 60-80 рет;

  • 1-2 жастағы балаларда – минутына 30-35 рет;

  • 5 жастағы балаларда – минутына – 20-25 рет;

  • 10 жастағы балаларда – минутына 18-20 рет;

  • 15 жастағы балаларда – минутына 16-18 рет;


4.16. Стандарт «Ерте жастағы балалардың жүрек соғуының (пульс) жиілігін санау»
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: бақылау
Дайындаңыз: секундомері бар сағат, температура парағы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріп, жылытыңыз.

  3. Баланы ыңғайлы жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. Білегін және қолын үстелге қойыңыз.

  4. Білек артериясына 2,3,4 саусақтармен ақырындап басыңыз (1 саусақ білектің сыртқы жағында орналасады) және артерияның пульсін сезініңіз.


Ескерту:

  • жаңа туған балаларда пульс иық артериясында анықталады;

  • 2 жасқа дейінгі балаларда самай артериясында анықталады;

  • 2 жастан асқан балаларда білек артериясында анықталады;

  1. 1 минут аралығындағы пульсті өлшеңіз (балаларда пульс ритмдік емес)

  2. Температура парағына нәтижесін жазыңыз.

  3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: баладағы пульсті санау тыныштық кезінде 1 минут аралығында есептеледі. Бала жылаған кезде және дене қызуы көтерілген кезде пульс жиілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет