Мектеп педагогикалық жүйе және басқару нысаны
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады.
Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторлары
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады.
Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және
толықтылығы
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты.
Жеке билік пен басқарудың біртұтастыгы
Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады.
Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді.
Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру
Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады.
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы
Педагогикалық үдерісті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері:
-кадрларды дұрыс тандау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәеіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалык деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;
-оқу-тәрбие үдерісінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
-оқушылардың өзін өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету жөне оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау;
-Еңбек туралы Заңға, мектептін ішкі тәртіп ережелері мен уставына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықтау мен нақтыландыру;
-ата-аналар қоғамдастығы органдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
-мектептегі кажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, окушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысында еңбекті корғау мен қауіпсіздік
шараларын сақтау;
-мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан
шығару;
-мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |