І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Әл-Бируни бойынша, рухани тазару – тәрбиенің мақсаты.Ибн Сина (Авиценна)



бет16/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Әл-Бируни бойынша, рухани тазару – тәрбиенің мақсаты.Ибн Сина (Авиценна) көп жылдарын ұстаздық қызметке арнап, көптеген еңбектер жазды. Ерекше атап өтетіндері – «Емдеу кітабі»,«Рух туралы кітап», «Білім туралы кітап», «Насихат кітабі». Шығармалардың басты ойлары:ән, поэзия, философиядағы жан-жақты тәрбие;тәрбиеленушілердің бірлескен оқуын ұйымдастыру, бәсекелестікті қа­лып­тастыру;оқу­шылардың жас ерекшеліктері бойынша бірлескен оқытуды ұйым­дас­тыру;жазу мен оқу – барлық білім берудің негізгі іргетасы;жалпы даму – маманданған білімге дейін және маманданған білім үлгі­сін­де берілу керек. Жазуды игергеннен кейін болашақ мамандыққа дай­ын­дауға кірісу қажет. Әл-Газалидің төрт томдық «Сені туралы ғылымның қайтадан өрлеуі» деген трактаты адам мүмкіндіктерінің дамуына, балаларды тәрбиелеу мақ­са­тын­да қадағалауға арналды. Мұғалім баланы ата-анасынан алып, дәстүрлі от­ба­сы­лық тәрбиені жалғастырады деді. Әл-Газалидің ойынша, парасаттылық (ру­хани) бастау - өзін-өзі тәрбиелеу мен ақылды ұстазға еліктеуден басталады де­ді: пәннің басында қысқаша түсінігін беріп, кейін күрделіге көшіп, даулы мәселелерді шешу керек;білім беру біртіндеп күрделену керек, бір сарындылық оқушыларды жалықтырады.
Археологиялық деректер бойынша,қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды.Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда,Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды.Бұғылы өңірден Орталық Қазақстан Шағалалы өзенінің бойынан табылған соңғы андроновтық кезеңіндегі жер үстіндегі тұрған жайлар киіз үйдің одан гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш құрылыстар киіз үйге ұқсайды тәріздес ұқсайды.Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының бастапқы түрі төбесі шошақ күрке ал,далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.
Күрке мен жертөленің эволюциясы бір жағдайда төбесі шошақ киіз үйдің,екінші жағдайда төбесі дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына жеткізді.
Сақтардың киім,бас киім және аяқ киім үлгісі туралы деректер көбірек.Мәселен Герадот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден тігілген шошақ бөрік киетінің хабарлайды.
Персопельдегі Ксеркс сарайының беделіндегі және Псаргадтағы Дарий мазарындағы бейнелер сақтардың киімі туралы айқын түсінік берді.Оларда бейнеленген сақтар шошақ бөрік,денемен дене,тізесіне дейін жететін бешпет киген белбеудің оң жағына қанжар,ал сол жағына садақ ілінген.
Археологиялық олжалар осы түсініктерді қуаттап толықтыра түседі.Б.з.б. VI-V ғасырлардағы Орта Азия тұрғындарының Әмудария көмбесінен табылған алтын және платина табақшаларында бейнеленген киім кешек пен аяқ киім Иран бедерлеріне жақын,бірақ бас киімінің шошақ төбесі бұнда қайрылған.Оңтүстік Қазақстаннан табылған сақтын қола мүсінінде тік жағалы қысқа бешпет,қырлы дулыға киген адам бейнеленген:Жетісудан табылған алтын тоғалардан жалбағайлы шекпен киген салт аттыны көреміз.
Анахарсис уақыт сарабынан өтіп,мәңгілікке айналған жан. Егер де ол Скиффияда тумай Палестина немесе Таяу Шығыстың бір елінде дүниеге келсе,сөзсіз Библияда және Құранда да пайғамбарлар санатында жүрер еді.Бұлай деп отырғаным Анахарсисті таррихтағы ұлы тұлғалармен салыстырсам,оған теңдес келетіні–Ғайса.Екеуінің ұқсастық жағы мол,екеуіде адамзатқа жаңа өмір ұсынға, қазіргі тілмен айтсақ бұлардың екеуіде демократтар.Сонымен қатар бұлардың бір бірінен айырмашылықтары да бар.Біріншіден Анахарсис заманы өзгешелеу болатын.Сақтар кезіндегі негізгі мәселе өнер,білім емес соғыс өнеріне үйрену болатын.Айнала жау.Қала салып отырықшылыққа көшпеген жұрттың басты қамы күнкөріс еді.Үшіншіден,ерекшелік олардың дүниетанымында.
Екіншіден,Платон өзінің объективтік идеясын парсылардың діні зораситризм ықпалымен құрастырған деген болжам бар, ал біз Платонның бұл идеясын сақтар дүниетанымды негізінде қалыптастырған десек,оны кім қалай жоққа шығарады.Себебі,сақтардың ойшылы Анахарсисті Платон өте жақсы білгені анық тарихи дерек.Үшіншіден Анахарсис есімі гректің данышпан философы Платонның (б.э.б. 427-347) еңбектерінде де кездеседі.Ол мемлекет деген еңбегінің оныншы кітабында тарихшы Гомер,философ Фалес және Скиф Анахарсис туралы айтқан (Платон.Шығармалар,3-том,бірінші тарау,-М.,1971,427 бет.) Осы кітаптың 642 бетінде Анахарсис туралы мынандай түсініктеме берілген Анахарсис аты аңызға айналған скиф,Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп оның ықпалында данышпандылығымен атағы шыққан.Ол туралы Геродот хабарлайды,делінген.Гректер қазіргі біздің территорияны мекендеген халықтарды ортақ атпен скифтер десе,парсылар сақтар деген.
Геродот жазбаларына қарағанда Дарийдің жорық жасаған елдеріндн Евксииский Понт жағалауындағы скиф тайпаларын айтпағанда,тұрпайы тайпалар өмір сүрген.Понттың солтүстік жағалауында ешбір мәдениетті тайпа болмаған,тек қана атақты скиф Анахарсисті атамағанда оның тармағы өмір сүрген.
Диоген Лаэртский жоғарыда аты аталған кітабына жазған алғы сөзінде белгілі кеңес философы А.Ф.Лосев «Жеті ғұлама туралы үзілді-кесілді пікір айтқан,оның ішінде Анахарсис те бар.Мәселе Анахарсистің «Жеті ғұлама» сонатында міндетті түрде болғанында емес оның аты көне заман данышпандарымен үнемі бірге аталуында. Осы жайлар философия тарихында Анахарсистің үлкен орны алатындығының дәлелі. Жазылып қалған «мұра» туралы әңгімеге келсек, «Жеті ғұламарың» көбінен еңбек қалмаған.Олар айтты деген сөз көбінесе ел аузында аңыз күйінде сақталған. Сондай аңыздардың бірі шешендік туралы.Греция елінде Анахарсиске қойылған ескерткіш бар.Онда «Басқа пәле тілден» деген мағынада сөз жазылған. Диоген лаэртский кітабында Анахарсис айтты деген мынадай қанатты сөздер кездеседі; «Қалайша маскүнем болмауға болады» дегенге көз алдында маскүнемнің тұрқы тұрса болғаны деп жауап берген.
Біздің айтарымыз,Анахарсис қазақша айтқанда Анарыс болса керек.Майқы бабамыздың айтқанын әзірше жоққа шығаратын дәлел жоқ.Олай болса Анахарсис –Анарыс біздің бабамыз,ол бізге өз ұрпағына екі мың жарым жылдан соң танылып отыр.Оның әруағына бас иіп аты өшпейтін істер атқару керек.Орта ғасырда Еуропаның елінде «Жас Анахарсистің басынан кешкендері» деген роман жарыққа шықты.Сол шығарманы қазақ тіліне аудару кезек күттірмейтін істердің бірі.
Демек,Анахарсисті тану ілімін жолға қойған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет