І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет55/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Педагогиканың салалары:
Педагогика тарихы- педагогикалық ойлар мен көзқарастардың даму кезеңін зерттейтін педагогиканың саласы.
Халық педагогикасы- оқыту мен тәрбиелеуде халық салт- дәстүрінің әдіс- тәсілдерін зерттейтін саласы.
Жоғары мектеп педагогикасы- педагогиканың жоғары мектептерде білім беру, оқыту үрдісінің ерекшеліктерін зерттейтін саласы.
Мектеп педагогикасы- жалпы орта мектептерде білім беру ме оқытудың ерекшеліктерін зерттейтін саласы.
Коррекциялық педагогика- жеке адамды және оның іс- әрекетін түзету мақсатында ұйымдастыратын оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін қарастыратын педагогика саласы.
Кәсіби педагогикалар- әр түрлі мамандықтарды дайындауға бағытталған оқыту мен тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін зерттейді.
Бейресми білім беру педагогикасы- оқыту мен тәрбиенің (дәстүрлі емес) бейресми әдіс- тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Ересек адамдарға білім беру педагогикасы- ересек адамдарға білім беру мен тәрбиелеуге арналған педагогика саласы.
Педагогиканың әдіснамасы мен теориясы- педагогика ғылымының әдіснамасы мен теориясын зерттеп талдайтын педагогиканың арнайы құрамдас бөлігі.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы:
Ғылыми мәселелерін дұрыс және жан-жақты зерттеу, басқа ғылымдардың зерттеу нәтижелерін пайдалану үшін педагогика ғылымы басқа ғылымдармен және оның салаларымен тығыз диалектикалық байланыста.
Психология ғылымы- психиканы, жеке адамды және топты зерттеуге, соның негізінде педагогикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін нақты және дұрыс түсіндіреді.
Философия және әлеуметтану- әлеуметтік қоғамның өмірінің ерекшеліктерін, олардың педагогика ғылымына, оқу мен тәрбиеге ықпалын көрсетеді.
Экономикалық ғылымдар- өндірістік қатынастардағы заңдылықтарды, сонымен қатар оқыту мен тәрбие жүзеге асатын экономикалық жағдайларын анықтайды.
Еңбек туралы ғылымдар- жеке адамдардың бойына әр кәсіби мамандыққа қажетті қасиеттер туралы мағлұматтар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет