І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет76/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмүны - оқушылардың аңыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, аңыл- ой іскерлігі. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық біліктілікті меңгеруге қабілетті етеді. Аңыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау; ақыл- ой түрлерін дамыту; негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру; зиялылық біліктерді қалыптастыру; дүниетанымды қалыптастыру.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оңиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды.Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мүғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалың, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік. Ақыл-ойдың дамуы талдау (түтасты жөкө бөліктерге ойша белу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен ңоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетанымдықалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары. Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты қүралы - оқыту
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мүғалім осы талап түрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мүғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдың іс-өрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оңытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың аңыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жүмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет ете- ді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Ғылыми және әдеби кітаптармен жүмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жүмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жүмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жүмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жүмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет