І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет82/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Кәсіптік іріктеу- адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;
Бейімделу-адамның кәсіби іс-әрекетке кірісу үдерісі, өндіріс жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу үдерісі:

Дәріс№ 5. Тәрбие үрдісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
Жоспары:

  1. Тәрбие әдістері,оның мәні мен қызметі,тәсілдер,құралдары туралы жалпы

  2. түсініктер

  3. Тәрбиенің әдістерінің жіктелуі

  4. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары және оларға қойылатын талаптары

1.Тәрбие әдістері,оның мәні мен қызметі,тәсілдер,құралдары туралы жалпы түсініктер
Тәрбие әдістері-тәрбие үдерісінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі.Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін ұйымдастыру.Бүгіде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптаспаған.Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы,мазмұндағы түсініктемелер.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың ,ықпал етудің құралы ретінде қарастырса,В.С.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.
Т.И.Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында көзқарасты және мінез-құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында,олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал,Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері- бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды.Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ,онда:

  • жеке басқа ықпал ету құралы;

  • тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

  • тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиытығы;

  • тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырығаның байқаймыз.

Мысалы,жаттығу әдісі: бұйыру,нұсқау,көрсету,үйрету,жаттықтыру,тапсырма,ақыл-кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса,мадақтау немесе жазалау,алғыс немесе сөгіс жариялау,сыйлық беру,қабырға газетіне шығару,талап қою,теріс қылықтарды тежеу,жолдама беру т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.
Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып,оның әрекетін,тәрбиелік мәнін анықтайды.
Тәрбие ықпаодың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану,тандай білуге де байланысты.Тәрбие әдістерінің құралдарына көрнекі және техникалық құралдары,бейне суреттер,таспа табақтары,сызба жұмыстары,әдебиеттерді жатқызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет